2- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар,оқушылар, мектеп бітіруші түлектер!
1- жүргізуші. Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанаты да біздің мектебімізге келіп жетті.
2-жүргізуші Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып, үлкен өмірге қадам басатын қуанышты күні.
1-жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым!
2-жүргізуші: Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.
1-жүргізуші Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебінің соңғы қоңырауына жиналып отыр. Тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер есінен мәңгі өшпейтін күн.
2-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Құрметті қауым!
Енді ортаға бүгінгі салтанатты жиынымыздың басты кейіпкерлері, білімі мен өнерін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады. )
1-жүргізуші: Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына ,
Ырым қып түлектердің ақ жолына!
Тәттіден шашу шашайық!
2-жүргізуші:
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!