науқастарды «орнында» емдеу көбірек болды, яғни (госпитальдарда) ұрыс қимылдары ауданына жақын жерлерде орналасқан госпитальдерде. Осы жерде емдеу аяқталатын, себебі сол кезде жоспарлы түрдегі жарақаттанғандарды және науқастарды бір госпитальден екінші госпитальге сатылы тасымалдау болмаған. 2.19ғ. басында (1800-1860 жж) –
«сызықтық сіңгіш тасымалдау» жүйесі толыққанды пайда болды – жарақаттанғандар мен науқастарды тасымалдау жолдарында госпитальдерден бөлек, аралық кезеңдер –«бекеттер» ұйымдастырыла бастады. 3. Осының барлығы
«Тасымалдау жүйесінің» әрі қарай дамуына алғышарттар жасады, осы кезеңдегі «шашырау» жүйесі (1861-1916жж) орын алды. 4. 1916 жылы В.А.Оппель алғашқы рет емдеу және тасымалдау шаралары байланысының қажеттілігін негіздеді, олар өзара кезеңдік емдеумен сабақтастырылды.
Әскерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қалыптарын дамытуда Леонардов Б.К. үлкен
қызмет атқарды. Өз еңбектерінде ол жаралылар мен науқастарды арналуына байланысты тасымалдау негізінде кезеңді емдеу жүйесін қайта құру қажеттілігін негіздеді.
5. Уақыт өте келе алғы шептегі емдеу-тасымалдау шаралары жүйесінің принциптік ережелері
негізінде – арнайы тасымалдау мен кезеңдік емдеу жүйесі қалыптастырылды (1941-1945жж), бірақ та оның толыққанды ұымдастырушылық қалыптасуы Ұлы Отан соғысы кезінде іс жүзіне асты. Арнайы тасымалдау мен кезеңдік емдеу принциптері өзін ҰОС кезеңінде толық ақтады, соның арқасында өте ауыр жаралыларға көмек көрсетуде жоғары
хирургиялық табандылық көрсетілді және жаралылардың жалпы санының 72,3% және науқастардың 90,6% қатарға қайта қосылды.