Тақырып: «Орындаушылық шеберлікті дамыту».
Ашық сабақ
Сабақ мақсаты: Күйлердегі кездесетін ерекшеліктерді үйрену арқылы орындаушылықтарын дамыту.
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақ әдісі: Лекция, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, оқулықтар.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы.
Жаңа сабақ.
Сергіту сәті.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақ барысы.
1- Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Аспаптың құлақ бұрауынан бастау және қажетті құрал-саймандарды дайындап алу. Ары қарай сабақты оқушының жаттығуларды ойнауы арқылы қолы жүргізіп алу.
Оқушыға қойылатын сұрақтар: Ансамбль дегеніміз не?
Ансамбль (француз тілінен аударғанда «бірге, көп») – бірнеше орындаушылардың бір мезгілде бір музыкалық шығарманы орындауы.
Динамика дегеніміз не?
Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының әр түрлі деңгейі. Динамиканың түрлері италиялықтар тілінде белгіленеді. Дауыс күшінің бірте-бірте өрлеуі, бірте-бірте әлсіреуі - динамикаға акценттің түрлері де жатады.
Төменде көрсетілген динамикалардың түрлері сұралады.
Жаңа сабақ
М.Әубәкіров «Наркескен» Мәлгаждар Әубәкіров 1934 жылы Алматы облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерватиориясында домбыра мамандығында оқыған.
1957 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің диредеры болған.Оркестрге арналған «Көңілді жастар», «Құрман баба», «Тасқын» домбыраға арналған «Сюита», «Талас», «Сарытөбе» қобызға арналған «Бала гүлім», «Үш кезең» атты шығармалар жазған. Күйдің саусақ қойылымдарымен динамикалық белгілермен жұмыс жасау.
Раздық Ахметжанұлы «Салкүрең»
Раздық күйші (1905–1949) – сазгер, шертпе күй шеберінің бірі.
Раздық Ахметжанұлы қазақ елі мен Қытай Халық республикасының Шыңжаң өлкесіне бірдей танымал күйші-сазгер. Раздықтың ұстазы белгілі Шортай домбырашы. 1925–1930 жылдары əбден қартайып барып дүние салады. Осы Шортабай күйшіден тəлім-тəрбие алған Раздық, шыңдала
келе өз жанынан да күй шығара бастайды. Күйдегі кездесетін лигаларды таза алу. Саусақтарды дұрыс орналастыру. Динамикалармен жұмыс жасау.
Сергіту сәті
Халық күйі «Ақжелең» күйді орындауда ансамбльді сезініп ойнау. Қол қағыстарды нақты ойнау. Динимкалық белгілерді келтіріп ойнау.