Ескерту: Кез-келген тәжірибені жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаймыз!!!



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі28,52 Kb.
#17389
1   2   3   4
2.Сіріңкесіз  жағылған от

Кішкене  әйнектің  үстіне  калий  перманганатын  салып,  оның  үстіне бірнеше    тамшы  күкірт  қышқылын   тамызады.  Бұл       қоспаны    темір қаңылтырға   салады.  Осы қоспаның  айналасына  ағаш жаңқаларын  салып  қояды. Одан  кейін  бір түйір  мақтаға  спирт  сіңіреді де саусақтың арасына қысып  қояды, басқа  адамдар  байқамай  қалатындай  етіп ұстайды. Қажетті кезінде  мақтаны  ошақтың   үстіне  жақындатып  қысып  қалады. Ол  қоспаға тиген   кезде  от  алып,  ағаш  жана  бастайды. Оттың  жануы себебі спирттің Мп2О7 де қуатты тотығуынан болады.



  1. Отсыз түтін

Тәжірибе  жүргізуші : « Отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ »- дейді. Міне, осы  мақалды  химия жоққа  шығарады.  Қараңдар, мен  қазір отсыз түтін   шығарамын. – деп  екі таяқшаны  бір –біріне   жақындатады.  Сонда будақтаған  қою  ақ  түтін  пайда болады.  Содан кейін  түтін  шығу себебін  сурап немесе  түсіндіреді.

Мүсәтір спиртіне батырылған  таяқшаны концентрациялы тұз қышқылына батырылған  таяқшаға   жақындатып  тигізгенде  будақтаған ақ түтін пайда болады.  Онда мынадай реакция жүзеге асады:

NH4OH+ HCI=NH4CI+ H2O

Будақтаған   ақ түтін- аммоний  хлоридінің  майда  түйіршіктері . Бұл тәжірибені   цилиндрде де жасауға болады  не екі ерітіндіге батырылған  мақталарды  тиістіру  арқылы түтін  түзілетінін   көрсетуге  болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет