Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынына ұстаса , ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сеуіп жіберсе , қант от алып , әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынадай: « Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады.»
Резиналы жұмыртқа
Жұмыртқаның қабығы кальций карбонатынан тұратынын бәріміз жақсы білеміз. Сірке суын пайдалана отырып, жұмыртқаны қабығынан қалай тазалауға болатынына көз жеткіземіз. Ол үшін бір шикі және бір піскен жұмыртқаны аламызда екі стақанға салып, сірке суымен толтырамыз. Жұмыртқа қабығынан көпіршіктер бөлініп шығып жатқанын байқауға болады, ол бөлініп жатқан көмірқышқыл газы. 2-3 күн өткен соң жұмыртқаны алып суық суға шайып көретін болсақ, шикі жұмыртқа резина тәрізді массаға, ал піскен жұмыртқа қоймалжың массаға айналады. Яғни төмендегі реакция жүзеге асады.