Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?


абзац/ мәтіннің абзацқа жіктелуі



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата14.10.2023
өлшемі1 Mb.
#114209
1   2   3   4   5   6   7   8
абзац/ мәтіннің абзацқа жіктелуі
– мәтіннің негізгі композициялық 
бірліктерінің бірі, ол мәтінді бөледі және мағыналық тиянақтылықты 
білдіреді (мысалы, кіріспе, қорытынды).
Аргументті эссе
– эберілген тақырып мәселесі талданатын көлемі шағын 
мәтін, эссе мәтіні еркін құрылымда болады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), 
авторпозициясын білдіру үшін 
аргументтер
мен 
фактілер
келтіріледі.
(эссені) бағалау критерийі 
– оқушылардың мақсатқа жету нәтижесі 
шын мәнінде қандай болатындығын көрсететін белгі (сипаттама), эссені 
бағалау кезінде 
эссе
тақырыбын ашу, дәлелдеу, анықтық
т.б. критерийлер 
басшылыққа алынады. 
(эссе) мазмұны
– эссе тақырыбында берілген мәселені авторлық көру/ 
шешу көрінетін сөз, сөйлем түрінде берілген мәтіннің мағынасы .
(эссе) пішіні 
– сөз, сөйлем және абзац түрінде эссе мәтінінің тілдік 
ұйымдастырылуы.


- 4 -
(эссе) құрылымы/ (эссе) композициясы 
– мәтін компоненттерінің 
орналасуы мен қатынасы, яғни мазмұны мен жанрына сәйкес эссенің жазу.
(эссенің) байланыстылығы
– мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтардың 
бір-бірімен 
байланысы, 
лексика-грамматикалық, 
морфологиялық-
синтаксистік құралдарды (сөз таптарын есімдікпен алмастыру, шылаулар мен 
демеуліктерді пайдалану, етістік формаларының жақтық-шақтық үйлесімі
пайдалана отырып, олардың орналасу және тізбектелу тәртібі.
(эссенің) логикалығы 
– мәтіннің логикалық түрде түзілуіне жататын эссе 
мәтінің қасиеті, мысалы, эссенің кіріспеден қорытындыға дейін жүйелілігін 
сақтауы.
(эссе) тақырыбы 
– эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып 
отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетін атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет