Эссе франц. "essay", ағылш. "assay"- байқау, көру, очерк; латынша


-сынып бойынша эссенің критерийлері мен дескрипторы



бет24/24
Дата27.03.2022
өлшемі195 Kb.
#28942
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Эссе жазуга койылатын талаптар ЛЛЛЛ

11-сынып бойынша эссенің критерийлері мен дескрипторы 


Критерийлер

Дескрипторлары

Ұпай (мах 18)

А (мак 4) 
Білім және түсіну

көтерілген мәселенің теориялық мәнін аша алады

1

көтерілген мәселеден ауытқымайды 

1

суретті-бейнелі сөздер қолдана алады

1

қолданылған дәлелдердің тақырыпқа сәйкестiгі  бар

1

В (мак 5 ) 
Қолдану 

Қазақ әдеби тiлiнiң лексикалық, фразеологиялық,

грамматикалық және стилистикалық нормаларын орынды қолдана алады



1

Қазақ тілінің емле және тыныс белгi ережелерiн сақтай алады 

1

Жазба тіл сауаттылығы бар

1

Терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу 

1

Жұмыстың негізгі құрылымдық элементтерін қамти алады (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтау) 

1

С ( мак 3 ) 
Сыни тұрғыдан ойлау және рефлексия 

Көтерілген мәселені талдай, сараптай алады 

1

Мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрiп бередi 

1

Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды 

1







Д (мак 6 ) 
Коммуникация 

Мәселеге дербес баға бере біледі



1

Дәлелдердiң логикалық жүйелілігі бар

1

Әртүрлi көзқарастар және олардың дербестігі бар

1

Өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты, сонылықты айқын ұғына алады

1

Авторлық ой қорытуы анық және мазмұнының айқындылығы бар

2

Эссе үлгілері
Ұстаздық еткен жалықпас
Дүниедегі мамандық атаулының төресі–ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық 

мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал жандар.

«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз алды

  нан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал тамған ақын да,

тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал бағып 

терін  төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі

ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам ба ласы  құрметпен  бас  иеді.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасы на білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған.

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. 

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.



Мен бүгінгі таңда Алматы облысы Талғар ауданы «№49 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеймін. Менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары.Ұстаздардың ғылымның соңғы жаңалықтарын күнделікті сабақтарында пайдалануда білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың орны ерекше.
Жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады.

Қорыта келгенде мен өзімнің тандаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе,оған өзі сүйсіне білмесе,ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі ,мен әр сабағымда оқушымен қарым-қатынасты,олармен сайлау мәнерін,сабақты ашып түсіндіру,оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан-жақты болуына үлкен көзқараспен ,сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін,қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. Кәсіби міндетім- бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл-ой ынтасын көтеріп,білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілетін шыңдау,сөйтіп жан-жақты дамыған,жаңаша,тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.

Туған өлкенің бейнесі

Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.

Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,

Кіндігіммен кессе ол тұсауымды.

Мен қолыма қалам алып осы тақырыпты жазар алдында менің ойыма Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» шығармасындағы бала Қартқожаның туған жер туралы мына тебіреністі жолдары есіме түсті.

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қадірін қымбатын ғылым іздеп, шет жа йлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе кім білсін?

Ыстық қой , шіркін туған жер!»

Шынымен де "Туған жер", "Туған ел" осынау екі сөзде ыстық махаббат, ұлан -ғайыр сезім, өлшеуге келмейтін көңіл жатыр. Сіз білесіз бе? "Туған" деген сөздің өзінде ненің болса да жіпсіз байланатыны көрініп- ақ тұр. Енді ойлана беріңіз, туған жерге деген құдіреті - шексіз махаббаты. Күнделікті бір ырғақпен өрілген тіршілігімізде көбіне айналамыздағы әсем көріністерге көп мән бере бермейміз. Бірақ, мөлдіреген көзіңді қайда тастасаң да, мейлі өсімдік болсын, мейлі жануар болсын, тау-тас болсын, сынаптай сусыған құм болсын бәрі - бәрі өзінше бір ерекше , өзіне лайықты сұлулығымен ерекшеленеді. Көңіл -күйің болмаған кезде табиғаттың үніне құлақ түріп, миллиондаған сөздермен жеткізе алмас сұлулыққа қарасаң, жаныңа нұр себеді, саған жайлы жұбаныш болады. Таңның қызарып атуы мен Жер-Ананы қимай батуының өзі не деген керемет?!

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,


Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер, - деп сыршыл ақын Мағжан жырлағандай, туған жерім -аялы алтын бесігім. Туған жердің табиғатына, бұлбұлдай сыңғырлаған әсем үніне құлақ түрсең жаныңды бір құпия, тылсым, бір сезім билейді. Тау –тасында, өзен -көліндегі сұлулықта мән-мағына тереңдей бойлап жатыр. Осындай ғажап елде туған жанның бәрі, сірә, бақытты шығар?!

Мен туған өлкемнің, Сыр елінің, бейнесі келесі жолдармен өрнектегім келеді. Талай хас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай ғашықтар көз жасымен Сырға сырын ақтарған, талай арманның орындалып, талайының үміті үкіленген, өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған, қасиетті туған жерім -Қызылорда. "Отан-оттан да ыстық" деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде , ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Халқымыз "Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады" деп бекер айтпаған. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын. "Туған жерім -алтын бесігім" деп туған елді көркейтуге аянбай тер төккен еліміздің перзенттеріне алғыс білдіремін және де көбеюіне де тілектеспін. Мен өзім туған шаһарымды жаннатқа теңер едім.Әрбір жұтқан ауаны айтсаңшы, бойыңа қуат беріп, дертіңнен айықтырады. Жазып отырып, табиғатқа қарадым. Көгілдір түске боялған аспанда қалықтаған құстар, жапырағынан айырылған ағаштар, барлығы ойыңа шабыт қосып, сезімімді тереңдете түскендей. Міне, елге деген махаббаттың құдіретті күші, туған жерге деген ыстық ықыласта жатыр...




«Мен өмірді қалаймын!»


Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар.
Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру керекпіз. Егерде жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп аламыз. Қазіргі кезде, жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл жастардың бойында тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл негіз, біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы - бұл тәрбиенің отаны.
Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет
Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан кемеңгер сөз атасы Ұлы Абайдың «Атаның баласы болма адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек,адам деген «ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тыйылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.
Күннің шуағынан, жылуынан, сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал қараңғыда осының бәрінен мақұрым болған қурап, суалған гүлдің келбеті қандай?
Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе оны ешбір дәрігер де, емші де емдей алмайды. Ендеше ,ол дегеніміз - адамның өмірімен қоштасуы.
Ұлы Ж. Баласұғұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен.
Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады.
Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата- анасын, туған туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар:«Денсаулықты сақтай білу де өнер»- деп. Менің ойымша, бұл өнерде ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті. Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен, адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын есте сақтайық!
Есірткі - ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа!




Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий.-Санкт-Петербург: «КАРО», 2002.-368С

  2. .Иманбекова Б. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.-Алматы, 2003.-136 б.








































































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет