Эссе франц. "essay", ағылш. "assay"- байқау, көру, очерк; латынша



бет2/24
Дата27.03.2022
өлшемі195 Kb.
#28942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Эссе жазуга койылатын талаптар ЛЛЛЛ

Эссе деген не? Эссенің шығарма мен мазмұндамадан өзгешелігі бар. Ол - еркіндік пен батылдық, өжеттілікке жол беретін ой алаңы. Шағын көлемді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні десек те жарасымды. Эссеге қойылатын талаптар: - тақырыпты білу, айтылатын ойды жоспарлау; - айтылатын ойға эпиграф пен дәйексөздер таңдау; - тақырыпқа қатысты өлең шумақтарын, нақыл сөздерді орнымен пайдалана білу; - ойдың жаңашыл, еркін, шынайы болуына баса мән беру; - оқыған адамға ой тастайтындай, пікір тудыратындай болу керек; - ең бастысы өз ойыңды дәлелді, шынайы, нақты жеткізуге дағдылану. 
Эссенің мақсаты - өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі.Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді.Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.

Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» десе, француз тілінде талпыныс, байқау, очерк, латын тілінде салмақтау деген мағыналарды береді. Сонымен қоса, эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі. Эссе – студенттің қысқаша ғылыми жұмысы, яғни студенттің (оқушының) тар шеңбердегі өзекті сұрақты шешуі. Эссенің басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі – берілген тақырыпты қысқа әрі нақты жеткізе білуінде. Эссе қалай жазылады? Эссенің құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Тезис – эссенің кілті. Кілті табылмаса, эссенің негізгі мақсатына жетуі де қиындыққа ұшыратады. Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі идея. Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек? Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады. Тезис нақты әрі анық берілсе, жазбауға да болады. Кіріспе бөлім бойынша мысалға назар аударайық.

– Дос табу оңай ма? – депті қарт.

– Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, – депті бала.

Эссе тақырыбы: Сіз қалай ойлайсыз? Дос табу ақылдыға оңай ма, ақымаққа оңай ма?

Дос – адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үндес келетін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, ренішіңді, өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе аласың. Бірақ осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос болудан бұрын, дос табу қиын. Дос табу кімге оңай? Менің ойымша, дос табу ақымаққа оңай. Неге?

Тақырыпты түсінуін білдіретін сөйлемдер: Дос – адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үндес келетін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, ренішіңді, өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе аласың.

Тақырыптың өзектілігін білдіретін сөйлемдер: Бірақ осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос болудан бұрын дос табу қиын. Дос табу кімге оңай?

Тезис: Менің ойымша, дос табу ақымаққа оңай.

Негізгі бөлімге өтуші сөйлем: Неге? (риторикалық сұрақ)

Эссенің бірнеше түрі бар. Кіріспе бөлімінің тезисі де ерекшелігіне сәйкес қойылады. Мысалға келтірілген кіріспе бөлім аргументтік эссеге қатысты қойылған. Кіріспе бөлімде тезис қойылғаннан кейін негізгі бөлімге көшеді.

Негізгі бөлім эссе жазушының тезиске, яғни негізгі идеяға қатысты айтатын қолдаушы идеяларына (пікіріне) байланысты абзацтарға бөлінеді. Бөлім құрылымына не кіреді? Пікір, аргумент, абзацты қорытындылаушы сөйлем, абзацтан абзацқа өтуші сөйлем. Бір пікір бір абзац. Негізгі бөлім бойынша мысал. 

Ақымақ кез келген адаммен дос бола береді. Себебі оның өмірлік ұстанымы айқын емес. Ол өз істеріне талдау жүргізіп ойланбайды. Дұрыс па, дұрыс емес пе деген сұрақтар да оны көп толғандырмайды. Өз ісіне есеп бере алмағандықтан, өзгелерді де бағалай алмайды. Сондықтан ақымаққа дос табу оңай. Ақымаққа дос табудың оңай болуының тағы да басқа себептері бар.

Пікір (негізгі идеяны, яғни тезисті қолдаушы сөйлем): Ақымақ кез келген адаммен дос бола береді.

Аргумент:

1. Себебі оның өмірлік ұстанымы айқын емес. 

2. Ол өз істеріне талдау жүргізіп ойланбайды. 

3. Дұрыс па, дұрыс емес пе деген сұрақтар да оны көп толғандырмайды. 

4. Өз ісіне есеп бере алмағандықтан, өзгелерді де бағалай алмайды.

Абзацты қорытындылаушы сөйлем: Сондықтан ақымаққа дос табу оңай.

Абзацтан абзацқа өтуші сөйлем: Ақымаққа дос табудың оңай болуының тағы да басқа себептері бар. 

Негізгі бөлімнің соңғы абзацында басқа абзацқа өтуші сөйлем орнына, негізгі бөлімнен қорытынды бөлімге өтуші сөйлем жазылады.

Қорытынды бөлімде логика бойынша кіріспе бөлімдегі тезиске қайта оралады. Тезисте қандай идея, қандай ұстаным айтылып еді. Негізгі бөлімде негізгі идея талданды ма? Осы екі сұрақ бойынша ойланып, негізгі бөлімдегі абзацтардың түйінін шығарып, қорытынды бөлім жазылады. Мысалы: Қорытындылай келе, дос табудың қиындығы ақылдыға тән. Мақсатсыз, ... ... ..., ... ... ..., ... ... ... адамға дос табу жеңіл. Дос табуда қателеспеуге тырысыңыз.

Бұл – эссенің негізгі құрылымы. Эссе құрылымының бөліктері бір-бірінен ажырамайтын, спираль іспеттес болады. Сөз оралымдары, яғни абзацтан абзацқа өтуші сөйлемдер, шылаулар, қаратпа сөздер эссе құрылымын байланыстырады. Шылаулар абзацтарда айтылатын пікір мағынасына қарай қолданылады. Қаратпа сөздер эссе жазушының ойына байланысты қойылады.

Эссе тақырыптары эссе түрлеріне қарай әртүрлі құрылады. Аргументтік, дәлелдемелік, әдеби, сыни, синтез эсселердің өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған сәйкес тақырыптарында да өзгешілік бар.

Эссе жазу адамды үздіксіз оқуға итермелейді. Идея айтып, пікір білдіргенмен, аргументтермен бекіте алмау – аяқталмаған эссе. Толық эссе жазылу үшін қоғамда болып жатқан жаңалықтар, әртүрлі саладағы өзге-

рістер, тың ойлар, оқиғалар, жаһандық мәселелер назардан тыс қалмау керек. Нашар аргументтен нашар эссе жазылады. Эссе – білім алушыны үздіксіз оқуға жетелейтін жазба жұмыс түрі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет