5.Арманға жетудің жолы не?
Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.
Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?
Осы орайда адамзат ойшылдарының кейбір пікірлеріне құлақ түріп көрелік.
1.Шынайылықсыз тірлік қылу мүмкін емес. Идеалға ұмтылусыз өмір сүру мүмкін болмайды.
2.Адамзаттың қолы жеткен небір жетістіктер кезінде жай ғана арман болатын. К.Сендберг
3.Адам баласы идеалға ұмтылмаса, ешқашан жетіліп, рухани өспейді. Ф.М.Достоевский
4.Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жетістікке жетуі мүмкін емес. Д.Дидро
5.Адам баласы ғажайыпқа өз қолы жетіп, өз көзімен көргенде ғана ғана сене алады.
6.Көп адамның өзі ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды күтіп жүретінін байқаймын. Бұл - дұрыс емес. У.Дайер
7.Белгілі нәрсені армандап, бірақ оған жақындауға жүрексініп отыра берсеңіз, мақсатыңыз сізден алыстай түседі. В.Зеланд
8. Басқа бақтың қонғанын қалау мен сол бақты көтеруге дайын болудың арасы аспан мен жердей. В.Зеланд
9. Болмасты армандама. Шындыққа тура қара. А.Дюма
10.Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. В.Зеланд
11.Арман - сол үшін барыңды құрбан қылуға тұрарлық ұлы мақсат.
12.Барлығымыз бір балшықта жүзіп жүрміз. Бірақ бір бірімізден айырмашылығымыз мынау - бірі жерге қарап тірлік қылса, бірі жұлдыздарға қол созып өмір сүреді. О.Уайлд
13. Тілегіңіз бен ойыңызға абай болыңыз. Жамандық ойламаңыз. Ешкімді қарғамаңыз. Ойдың, тілектің заттанатындығын естен шығармаңыз.
14. Ақылды адам - ойлай білетін, өз ойын басқара алатын жан. ***
15. Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Абай
16. Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға, Талаптың алты түрлі бар ноқтасы. Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық - Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Шәкәрім.
Достарыңызбен бөлісу: |