Эссе жанрының ерекшеліктері


Эссе жазуды үйрету бойынша ұсыныстар



бет2/6
Дата29.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#63502
1   2   3   4   5   6
Эссенің шығармадан айырмашылығы қандай?

Эссе жазуды үйрету бойынша ұсыныстар:

  • Оқушыларға тақырып ұсынылады
  • Оқушылар тақырыпты талқылап өз идеяларымен бөліседі (менталды карта, кластер, т.б.).
  • Идеяларды топтастырып, жоспар жазылады.
  • Үлгі мәтін ұсыну, мәтінді талдау.
  • Критерий ұсыну, алғашқы нұсқаны жазу (шимай нұсқа), өңдеу және редакциялау, соңғы таза нұсқа.
  • Оқушыға эссе бөлімдерін жазуды үйрету үшін, ең алдымен, оқушыға абзац жазуды үйрету қажет.

Эссе жазу үшін...
Тапсырма: проблеманы анықтау, сұрақ қою
1-абзац
Кіріспе: тақырыптық сөйлемдер, талқылау сұрағы – 30%
2-абзац
Негізгі бөлім: тезис(пікір), аргумент, сараптама – 30 %
3-абзац
Негізгі бөлім: тезис(пікір), аргумент, сараптама – 30 %
4-абзац
Қорытынды: нақты шешім, ұсыныс, бекіту - 10 %
Аргумент (лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) – философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады.
Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”, “қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Пікір (тезис) – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін, көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы факт болып саналатындықтан, растайтын сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт. Мысалы, Құдайдың бар екені факт емес, дегенмен көптеген сенушілер Құдайдың бар екенін болжайтыны – күмәнсіз факт.
Деректердің қайнар көзі – фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе құжат аты, эсседе ол сілтеме арқылы жақша ішінде көрсетіліп кетуі тиіс. Мысалы, (nur.kz), (shyn.kz) деген сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет