Жобамен алғанда эссе көлемінің 15-20% құрауы мүмкін
Абзацта айтылған ойлар түйіні
Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы
Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.
Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады.
Келісу/келіспеу эссесінің құрылымдық картасы
Келісу/келіспеу эссесі – ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап, көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетіп, келіс-келіспеу себептерін дәлелдеп жазу.
Келісу/келіспеу эссесінің жазылу үлгісі: Эссе жазғанда, хабарлайтын талқылайтын нәрсе туралы анық білу керек. Эссе жазуға итермелеген не нәрсе екенін, эссені кім оқитынын түсіну маңызды. Оқырманның назарын аударатын, мүмкін болса, қарсы жауап, реакциясын тудыратындай өз ойын, сезімін, көңіл күйін жеткізетін қажетті сөздерді дұрыс таңдау керек.
Тақырып таңдаңыз.
Кіріспе
Берілген ойдың біреуін таңдайды.
Негізгі бөлім
Келісу/келіспеудің бірнеше себебі көрсетіледі, оны тақырыптық сөйлем деп атайды. Тақырыптық сөйлем – идеяның қысқаша мазмұны. Берілген идеяға толығырақ тоқталып, не айтқың келетінін нақты түсіндіру керек, яғни көзқарасыңды білдіресің. Көзқарасыңды растайтын аргументтер келтіріледі. Қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін өмірден, әдеби шығармалардан мысал келтіріледі.
Қорытынды
Қорытындыда кіріспе айтылған ойды өңдеп жазу және негізгі бөлімдегі екі дәлелді қорытындылайды.