ҚАЗАҚСТАННЫҢ «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
XXI-ҒАСЫРДАҒЫ
АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ
Алматы – 2013
УДК 94 (574)
ББК 63.3 Қаз
Ж 66
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы
Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев, «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Мəжіліс
депутаты, «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясының жетекшісі; Дихан
Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор; Амантай Шəріп, Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ-нің мəдениет жəне рухани даму институтының директоры,
филология ғылымдарының докторы; Қайрат Сақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-
нің журналистика жəне саясаттану факультетінің деканы; Мəмбет Қойгелдиев,
Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы, тарих ғылымдарының
докторы, профессор; Амангелді Айталы, философия ғылымдарының докторы,
профессор, «Ақ жол» партиясының Ақылдастар алқасының төрағасы; Əбдіжəлел
Бəкір, саяси ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің
профессоры; Қазыбек Иса, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары.
Жобаның авторы жəне редакторы:
Сəбит Байдалы, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің идеологиялық
жұмыс бойынша хатшысы.
Ж 66
XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы. Алматы: Экономика, 2013. –
248 бет
ISBN 978-601-225-516-4
Бұл кітапқа «Ақ жол» Демократиялық партиясының Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен 2012 жылғы «Алаш»
қозғалысының 95 жылдығына орай өткізген ұлттық ғылыми-практикалық
конференциясында жəне басқа шараларда жасалған баяндамалар мен сөздер,
əртүрлі басылымдарда жарияланған сұхбаттар мен мақалалар енген.
Кітап мамандарға, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ Отаны-
мыздың төл тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.
УДК 94 (574)
ББК 63.3 Қаз
ISBN 978-601-225-516-4
©Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2013
© “Экономика” баспасы ЖШС, 2013
3
ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
2012 жылдың 23 қарашасында Қазақстанның «Ақ жол»
демократиялық партиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық
Ұлттық университетінің қолдауымен Алаш қозғалысының 95
жылдығына арналған «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын
жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі»
атты ұлттық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында
өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Яғни,
қазақтың алғашқы заманауи үкіметі - Алашорда дүниеге келді. Ала-
шорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласын-
да автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында
елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың
тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты
ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар
сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз
халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш
қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен
бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат
етті. Бұл туралы осы конференцияда егжей-тегжейлі əңгіме бол-
ды. Конференцияның жұмысына жетекші алаштанушылар, белгілі
ғалымдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары,
қоғам қайраткерлері, сарапшылар, шығармашылық интеллиген-
ция өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері,
алашордалықтардың ұрпақтары қатысты.
«Алаш Орда» көшбасшыларының заңдық тұрғыда ақтал-
ғанына қарамастан, əлі күнге дейін «Алаш» қозғалысына толық
баға бермей жүрміз», - деді конференцияны кіріспе сөз сөйлеп
ашқан «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Партияның Парламенттегі
фракциясының жетекшісі, Мəжіліс депутаты Азат Перуашев, -
«Біз Алаш идеяларының əлеуетін əлі толық аша алғанымыз жоқ.
Конференцияның мақсаты – Алаш қозғалысының, Алаштың
көшбасшыларының əлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық,
ұлттық-мəдени салаларға қатысты көзқарастарына берілген
бағалар мен пайымдауларды, ғылыми тұжырымдарды жаңа
4
заманның талаптарына, сұраныстарына сай зерделеуге тырысу.
Алаштың аманатына адалдық танытып, Алаш идеяларының іске
асырылуының тəуелсіздігімізді нығайта түсуге қызмет ететіне
қоғамдық пікір туғызу. Яғни, бұл біз үшін теориялық ғана емес,
бұл ең алдымен, қоғамымыздың жаңғыруына, ұлт игілігіне
қызмет етуі тиіс практикалық мəселе».
Конференция үш сессиялық бағытта жұмыс істеді. Оның
біріншісі: «Алаш» көшбасшыларының мемлекеттілікке, ұлттық
құндылықтарға көзқарастары» бойынша баяндамалар жиынтығын
құрады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
проректоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент–мүшесі Дихан
Қамзабекұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті,
ҚР ҰҒА-ның академигі Өмірзақ Айтбаев, ЕҰУ «Еуразия» ғылыми-
зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы
Зиябек Қабылдинов, саяси ғылымдарының докторы Əбдіжəлел
Бəкір өздерінің баяндамаларында Алаш идеясының өзегі ұлттық
мемлекеттік дербестік болғанын, бүгінгі Қазақстан Республи-
касы - Алаштың бұл арманының іске асуының көрінісі екенін,
Алаш көшбасшыларының қазақ қоғамын біртіндеп Еуропалық
деңгейдегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды
ұштастыру негізінде сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеуді
өздерінің анық та айқын мақсаты тұтқанын тілге тиек етті.
Екінші, «Алашордалықтардың» экономикалық тұжырымда-
малары туралы» өткен сессияның да жүктемесі жауапты болды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы, біріншіден, қазақ елін өзінің
бөлінбейтін территориясы бар, отарлық тəуелділіктен азат елге
айналдыруды, екіншіден, қазақ халқының өмірін жаңа сапаға
көтеруді көздеді. Яғни, олар елде пəрменді реформалық шара-
ларды іске асырғылары келді. Кез келген мемлекеттің тұрақты
жəне тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің экономикалық да-
муын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін Алаш қайраткерлері
жете түсінді. Оны ұлттық басымдылықтардың бірі ретінде
қарастырды. Алашордалықтардың көбісі ұлттық буржуазияның
өкілдері болғандықтан да жер мəселесін, кəсіпкерлік, жеке
меншік мəселелерін ел экономикасынан бөліп қарамаған, оны
экономикалық өсудің негізі деп санаған. Осы тақырыпта баяндама-
5
лар жасаушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің
депутаты, экономика ғылымдарының докторы Екатерина Ники-
тинская, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш»
мəдениет жəне рухани даму институтының директоры, филология
ғылымдарының докторы Шəріп Амантай, ЕҰУ журналистика жəне
саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ алашордалықтардың
экономикалық тұжырымдамасына жаңа қырынан келе алды.
«Алаш» қайраткерлерін саясаткер ретінде ғана емес, олардың
əрқайсысының білікті мамандар болғанын нақты деректермен
көрсетті.
«Алаш» көшбасшыларының əлеуметтік жаңғыртуға көз-
қарастары» үшінші сессия аясындағы баяндамаларда мұқият тал-
данды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев
еліміздегі əлеуметтік, сондай-ақ глобальды экономикалық
жəне саяси үдерістер үшін тұжырымдамалық маңызы аса зор
Əлеуметтік жаңғырту бағдарламасын ұсынып, ол халқымыздың
қолдауына ие болып отырғаны белгілі. «Ақ жол» партиясының
Орталық кеңесінің Пленумы бұл мəселені арнайы қарап, Мем-
лекет басшысы ұсынған бағдарламаны еліміздің бұдан əрі
дамуының стратегиялық бағыты ретінде толық қолдайтынын,
оны іске асыру үшін белсенді түрде атсалысатынын мəлімдеген
болатын. Шын мəнінде, бұл бағдарлама мемлекетіміздің дамуы-
на жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай
келетін жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырып отыр. Қазақ
қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақсат ет-
кен «Алаштың» асыл мұраттары біздің еліміздің қазіргі жедел
жаңғыру, модернизация бағытымызбен үндес келеді. Мұны, «Ақ
жол» партиясының белсенді өкілдері: Мəжіліс депутаты Азамат
Əбілдаевтің, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасарлары Анарбек
Орманның, Людмила Жуланованың, Қазбек Исаның, Партияның
Ақылдастар алқасының төрағасы, философия ғылымдарының
докторы Аманкелді Айталының, Ақылдастар алқасының мүшесі,
елімізге белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының, Партияның
жастар қанатының жетекшілерінің бірі, саясаттанушы Мақсат
Жақаудың, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6
қазақ əдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының
кандидаты Омар Жəлелұлының, Семей қаласынан арнайы кел-
ген алаштанушы ғалым Ерлан Сайлаубайдың баяндамалары мен
сөздеріндегі дəйектер дəлелдей түсті.
Конференцияға қатысушылар Алаш идеясын біржолата ысы-
рып тастауды көздеген кеңестік жүйеде өмір сүрген кездегі ойлау
жүйесінен, сол кездегі психологиялық пиғылдан тұтастай арылуға,
ұлттық сананы биікке көтеруге күш жұмсаудың қажеттілігін айт-
ты. Осы кезге дейін Алаш дегенде басқа ұлттың өкілдері осы
қозғалысты ұлтшылдық бағытта деп қана ойлап, оған күдікпен
қараушылар бар. Конференцияда осы күдіктер жоққа шығарылды.
Орыс тілінде де бірнеше баяндамалар жасауға мүмкіндіктер
берілді. Алаш идеясын əрбір қазақстандық үшін елді ажырататын
емес, біріктіруші мақсатқа пайдалануымыз керек.
Конференцияға қатысушылардың көптеген қадау-қадау пікір-
ұсыныстары «Ақ жол» партиясы Парламенттік фракциясының осы
мəселе бойынша Мəжіліс отырысында 2012 жылдың 7 қарашасында
жария етіліп, Үкімет басшысына жіберілген депутаттық сауалы-
мен үндесіп жатты. Сонымен қоса тың ұсыныстар да айтылмай
қалған жоқ. Жинақтай келгенде олар мынаған саяды: Тұңғыш Ұлт
кеңесі – Алашорда үкіметі құрылған тарихи күн: 1917 жылдың
13 желтоқсаны құрметіне жыл сайынғы 13 желтоқсанды рес-
ми түрде «Алашорда» күні деп атау; Жыл сайын қараша мен
желтоқсан айларында оқу орындарында, мемлекеттік органдар
мен əскери бөлімшелерде, мұрағаттар мен кітапханаларда «Алаш
тағылымдары» тақырыбына Алаш оқуларын: бұқаралық лекция-
лар, сабақтар, дəрістер, конференциялар, жиналыстар, көрмелер
т.б. шаралар өткізу; Астанада Алаш қайраткерлерінің ескерткіштері
орнатылған «Алашорда» аллеясын ашу. Алаш қайраткерлерінің
ескерткіштерін Алматыда, барлық облыс орталықтарында орна-
ту; Алаш қозғалысына тікелей қатысы бар Ресейдің Петербор,
Омбы, Орынбор, Өзбекстанның Ташкент, Қоқан қалаларында,
еліміздегі Семей, Торғай, Жымпиты т.б. қала-кенттерінде Алаш
қайраткерлерінің тарихи істеріне байланысты белгі, ескерткіш
тақталар орнату, мұражайлар ашу жұмысын ұйымдастыру; Тілдік
бағыттарына қарамай мектептерде Алаш ұғымын, Алаш идея-
7
сын, Алаш қозғалысын жəне Алаш қайраткерлерінің өмір жо-
лын отаншылдық аясында кеңінен ұғындыру. «Қазақстан тари-
хы» оқулығына жеткілікті көлем беру. Жоғары оқу орындарында
Алаш идеяларын оқытудың тиімді жүйесін құру; Алаш мұрасы
мен тарихы, Алаш қайраткерлері туралы ғылыми-зерттеу моно-
графияларын, əдебиет пен өнер шығармаларын, деректі жəне
көркем фильмдер жəне теледидар туындыларын мемлекеттік тап-
сырыспен шығару; Алаш қозғалысының тарихын терең жəне жан-
жақты зерттеу үшін Қазақстанның ғана емес, Ресей, Түркияның,
Қытайдың, Францияның, Германияның, Өзбекстан, Қырғыз,
Түркмен жəне басқа мемлекеттердің мұрағаттарында ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттар бөлу мəселесін
қарастыру; Тарихи əділеттілік пен ақиқатқа қамтамасыз ету үшін
Алашордалықтардың сот процесінің материалдарын көп томдық
жинақ етіп шығару, мұрағаттардағы құжаттарды қолжетімді
ету шараларын жүзеге асыру; Қазақ елінде отарсыздану саяса-
тын жүргізу. Конференцияның ұйымдастырушылары мен оның
жұмысына қатысушылар «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын
еліміздің өміріндегі тарихи заманалық аса маңызы бар оқиға
ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа
да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден
кірісуге шақырды.
Айта кетейік, осындағы, одан кейін де өткізілген жиындарда
көтерілген мəселелерді мұқият қайта қарап, ой елегінен өткізіп,
талдай келе «Ақ жол» партиясының басшылығы мұндай қадау-
қадау шаруаларды жүзеге асыру үшін оған жүйелі де кешенді
көзқарас керектігін жəне оны шешудің қуатты тетіктерін жасаудың
қажеттігін түсінді. Аталмыш конференция өткеннен кейін тура 2
айдан соң 2013 жылдың 23 қаңтарында «Ақ жолдың» Парламенттік
фракциясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алаш
қозғалысының 100 жылдығын мемлекеттік жəне жалпыұлттық
дəрежеде атап өту үшін Мемлекеттік комиссия құру, сондай-ақ
оған жалпымемлекеттік жəне аймақтық кешенді бағдарламалар да-
ярлау ісін жүктеуді сұрап, тағы бір депутаттық сауалын жолдады.
«Ақ жол» партиясы өз тарапынан баспасөз беттеріне шыққан
Алаш тақырыбындағы ғылыми еңбектерге, тарихи, журналистік
8
зерттеулерге студенттер, жас ғалымдар жəне журналистер ара-
сында бəйге жариялап, оның қорытындысын жыл сайын шығарып
тұруды жоспарлап отыр. Бұл туралы алғаш рет конференция-
да Азат Перуашев өзінің қорытынды сөзінде мəлім етті. Байқау
жеңімпаздары атанғандар осы жұмыстарын негізге ала отырып,
келешекте өткізілетін конференцияларда баяндамалар жасайтын
болады. Сондай-ақ «Ақ жол» Партияның Ақылдастар алқасының
мүшесі, елімізге танымал ақын Ханбибі Есенқарақызының
тікелей бастамасымен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі
Сұлтанбек Қожановтың басқаруымен 1920-1926 жылдарын-
да Ташкент қаласында шығып тұрған, Алаш ардақтыларының
мінбері болған «Ақ жол» газетінің сандарындағы төтенше араб
тілінде жарияланған материалдарды қазіргі қазақ əрпіне көшіріп,
жазылған 2 томдық зерттеу кітаптарын жарыққа шығармақшы
болып отыр. «Бұл ортақ іске қосылған азғантай болса да үлесіміз
болмақ»,- деді Азат Перуашев, - «Қазақстан Тəуелсіздігінің баста-
уында тұрған Алаш арыстарына қандай құрмет көрсетсек те артық
емес».
Тұтастай алғанда, «Алаш» көшбасшылары ұстанымдарының
ұлтпен бірге өмір сүретін концепциялық мағынасы бар екендігін
конференцияға қатысқандардың əрқайсысыда да сезінген сияқты.
Алаш рухы өшпепті, оны осы конференция да көрсетті. Тəуелсіздік
жылдарында тура ойлағанымыздай болмағанмен, бəрібір Алаш
рухы бойымызға сіңіп жатыр екен. Тіпті бұл жиында алыстан келе
алмай, сөйлеуге уақыт жетпей қалған біраз азаматтар дайындаған
баяндама-сөздерін кəдеге жараса деп ұйымдастырушыларға
ұсынып жатқанының өзі көп жəйтті аңғартса керек. Əрине біз
оны пайдаланамыз. Идеялар да заманның өзгеруіне қарай дамып
отыратыны түсінікті. Дегенмен де Алаш идеясы сол кезеңдегі
тамырын тереңнен алған ұлтымыздың құндылықтар жиынтығы
- экономикалық, саяси, философиялық ойлаудың кемелденген
үлгісі болғандығы анық. Сонымен қатар Алаш қозғалысының
бостандық пен тəуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен
маңызын жаңа заманның талаптарына сəйкес одан əрі терең
зерттеуді жаңа серпінмен жалғастырудың қажеттілігі күмəн
тудырмайды.
9
«Ақ жол» өткізген конференцияда мазмұнды, ғылыми
негізделген баяндамалар жасалды. Осылардың тарихшылардың,
саясаткерлердің, саясаттанушылардың, əлеумет, қоғамтану шы-
лардың, жас ғалымдар мен студенттердің тағы басқалардың на-
зарына ілігіп, болашақ зерттеулерге, ғылыми ізденістерге көмегі
тисе деген ниетпен жəне Алаш идеяларын көпшілікке, əсіресе жас
ұрпаққа таратудың маңызы зор екендігін ескере келе «Ақ жол»
ҚДП төрағасы Азат Перуашев Алаштану үдерісіндегі жасалған
қадам ретінде конференцияда жасалған жəне арнайы дайындалған
баяндамалардың мəтіндерін арнаулы жинақ (жинақтың атын да өзі
ұсынды) етіп шығару жөнінде шешім қабылдады, яғни бұл кітап
Алаш аманатын арқалаған мемлекетшіл азаматтың туған халқына,
ұлтына деген риясыз ықыласы мен парасаттылығының арқасында
жарыққа шығып отыр. Баяндамашылардың арасында сөйлеуге
берілген 10 минуттың аз болғандығын, соны кейінірек кеңейтілген
ғылыми зерттеу мақала ретінде берсек қайтеді деген тілектерін де
орындадық. Өйткені, бұл еңбектердің тарихи-танымдық маңызы
бар екендігі ескерілді. Сондай-ақ, конференцияға дайындық
кезіндегі жəне өткеннен кейінгі оның жаңғырығының алысқа
естіліп, Алматыда, республиканың басқа да өңірлерінде «Ақ жол»
партиясының филиалдарының қатысуымен жалғасын тапқан
Алаш тақырыбындағы шаралардағы баяндамалар мен сөздерді,
мақалаларды елеп-екшеп, осы жинаққа енгізіп отырмыз. Жинақтан
Ақ жолдық депутаттардың Алашқа қатысты Үкіметке жолдаған
сауалдары мен оларға берілген жауаптар да орын алды.
Кітаптың жауапты шығарушылары зерттеу нысаны болып
отырған Алаш арыстарының бағдарламалық жəне тұжырым-
дамалық мəні бар құнды ойлары мен көзқарастарының кейінгі
толқын жастарды ұрпақ сабақтастығына үндеп, олардың азаматтық
танымының, ұлттық, мемлекетшілдік санасының қалыптасуына
игі ықпалын аз да болса тигізіп жатса, алға қойған мақсаттарының
орындалғаны деп санайды. Алаш тақырыбына құрастырылып
отырған жинақтар тізбесінің алғашқысын ұсына отырып,
редакциялық ақылдастар алқасы қазақтың ұлт-азаттық күресі
тарихындағы ұлы құбылыс – «Алаш» қозғалысының 2017 жылғы
100 жылдық мерейтойына арналған шаралардың беташары болып
10
табылатын осы кітапқа шын көңілімен материалдарын ұсынған
авторларға жəне шығаруға атсалысқан барлық Алаш азаматтары-
на өзінің ризашылығын білдіреді. Алдағы уақытта да «Ақ жол»
партиясының жыл сайын «Алаш» қозғалысының шығармашылық
мұрасын, принциптік көзқарастарын зерделеуге арналған жас
ғалымдар мен студенттер, журналистер арасында тұрақты түрде
өткізіліп тұратын Жалпыұлттық байқаудың (оның шарттарын осы
кітапқа қосып отырмыз), Партияның Парламенттік фракциясының
Алашқа қатысты шараларын, сондай-ақ орталықта жəне өңірлерде
өткізетін конференцияларының, дөңгелек үстелдерінің, өзге де
шараларының материалдарын жинақ етіп шығарып отырмақпыз.
Өйткені, Алаштың Ақ жолы ХХ1 ғасырда да, одан кейін де
жалғаса беретін, мəңгілік жол! Белгілі алаштанушы ғалым Ди-
хан Қамзабекұлының осы кітапқа кірген баяндамасының атымен
айтсақ: Алаш – Темірқазық!
Сəбит Байдалы,
«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің
идеологиялық жұмыс бойынша хатшысы
11
АЗАТ ПЕРУАШЕВ:
Біз Алаш идеяларының əлеуетін
əлі толық аша алған жоқпыз
(Егемен Қазақстан, 2012 жылғы 21 қараша)
Қазақстанның «Ақ жол» демо-
кратиялық партиясының төр ағасы
Азат Перуашевпен əңгіме
Алаш идеялары, ең алдымен,
практикалық
мəн-маңызы
бар
дүние
– Бізге алдағы 23 қарашада «Ақ
жол» партиясының «ХХІ ғасырда
Қа зақ стан қоғамын жаңғыртудағы
«Алаш» қоз ға лысы идеяларының
өзек тілігі» атты ғылыми-прак тика лық
конференция өт кізетіні белгілі болып отыр. Азат Тұр лыбекұлы,
сіз дерге мұндай шара өткі зуге түрткі болған себеп не?
– Иə, біз осы конференцияны өткі зу ге бастамашылық жасап
отырмыз. Қа зақ станның «Ақ жол» демократиялық партиясы өзін
«Алаш» қозғалысының ізбасарларының бірі деп жариялаған бо-
латын. Бұл тұжырым сайлауалды тұ ғыр намамызда да, партияның
өзге де құжаттарында көрінісін тапқан. Біз Алаш қозғалысының
көрнекті қайрат кер лерінің идеялық мұраларын тарату мен оны
бүгінгі күннің кəдесіне жа ра ту дың маңызы зор деп санаймыз. Алаш
мұ расымен сан ұрпақ сусындап, халық қа қызмет етудің, əлемдік
бəсекеге тө теп берудің үлгісін алуы керек. Өз дерің із ге мəлім,
биылғы жыл – Алаш қозға лы сының 95 жылдығы. Осы датаны
анықтап тұрған фактор 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орын-
бор қала сын да өткен Екінші жалпықазақ съезінде құрылған Ұлттық
кеңес болып табылады. Яғни, 1917 жылдың 13 желтоқсаны қазақтың
алғашқы заманауи үкіметінің – Алашорданың дүниеге келген күні.
Осыған орай, біз «ХХІ ғасырда Қазақстан қоғамын
жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзек тілігі»
12
атты ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап
отырмыз. Соны Л.Н.Гумилев атындағы Еура зия лық Ұлттық
университетінің қолдауы мен жүзеге асырғалы отырмыз. Біздің
конференцияның жұмысына қатысуға жетекші алаштанушылар-
ды, белгілі ға лым дарды, қоғам қайраткерлерін, сарапшыларды,
шығармашылық интеллигенция өкілдерін, жоғары оқу орын-
дарының студенттерін, БАҚ өкілдерін шақырмақпыз. Аталған
тақырыптағы конференцияның жұмысына ықылас та нытқандар
үшін есігіміз ашық. Мүм кіндікті пайдаланып, конференцияның
Астана қаласында, Керей жəне Жəнібек хандар көшесі, 18 үйде,
«Тілеп Қобыз» сарайында қарашаның 23-інде сағат 10-да бастала-
тынын айта кетейін.
– Ендеше, келесі сұрақ өзінен өзі туындайды. Осы
конференцияның мақсат-міндеттері туралы кеңінен тарқатып ай-
тып берсеңіз.
– Жоғарыда айтқан Алашорда үкі ме ті құрылып, ХХ ғасырдың
басында қазақ даласында автономиялық би лік тің жұмыс істеуі
– ұлт-азаттық қоз ға лы сы тарихындағы елеулі кезең. Алаш орда
көшбасшылары халықтың арманы болған өзін өзі билеу идеясын
іске асыра алды. Ғұмыры ұзақ болмаса да қа зақ тың тұңғыш үкіметі
– Алашорда үкі ме ті құрылып, қазақ халқының мем ле кеттілікке
лайықты ел екені паш етілді. Оларға көздеген мақсаттарына эволю-
ция лық жолмен жетуге мүм кіндік бе рілмеді. Алаш арыстарының
ең басты еңбегі – олардың сол аласапыран жəне қиын уақыттарда
толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының
мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Олар бар қазақтың
қам қо ры на, сүйенішіне айналу үшін қолдан келгеннің бəрін жасады.
Меніңше, «Алашорда» көшбасшы ла рының заңдық тұрғыда
ақталғанына қарамастан, өкінішке қарай, əлі күнге дейін Алаш
қозғалысына толық баға бермей жүрміз. Алаш қозғалысы
– заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен
бағдарламалары ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруды мақ сат
етті. «Алаш» партиясының саяси тұ жырымдамасына, өмір жолы
мен қыз метіне қарап отырып, олардың саяси, экономикалық,
əлеуметтік мəселе лер ге, ұлттық құндылықтарға көзқарас тарының
ХХІ ғасырда Қазақстан қо ға мын жаңғырту кезеңінде де өзектілігін
13
жоймағанын байқаймыз. Яғни, бұл – біз үшін теориялық қана
емес, бұл, ең алдымен, ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс практикалық
мəселе. Конференцияның мақсаты – Алаш қозғалысының, Алаш-
тың көшбасшы қайраткерлерінің мем ле кеттің құрылысына,
əлеуметтік-эко но микалық, ұлттық салаларға қатысты көз-
қарастарына берілген бағалар мен па йым дауларды, ғылыми
тұжырым дар ды жаңа заманның талаптарына, сұ ра ныс тарына
сай зерделеуге ұмтылу, Алаш тың аманатына адалдық танытып,
оның идея ларының іске асырылуының тəуел сіз дігімізді бекемдеп,
нығайта тү суге қыз мет ететініне қоғамдық пікір ту ғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |