Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы



бет1/3
Дата26.04.2023
өлшемі12,25 Kb.
#87357
түріАнықтамалық
  1   2   3
Байланысты:
Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы-melimde.com


Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы

Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы.

Эссе жазу дегеніміз – адам оқыған, талқылаған ақпараттардың негізінде білгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын, ойын жазу.

Эссе түрлері


  • Сипаттамалық эссе-басты нысан кейіпкерді, оқиғаны, жерлерді, т.б. сипаттау, детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестету.

  • Анықтамалық (түсіндірмелік) эссе-дәлелдер, терминдер арқылы берілген тақырыптың мағынасын ашу. Мұндай эссенің негізгі мақсаты түсіндіру. Белгілі бір тақырыпқа бағытталған жазылым стилі. Мұнда автордың пікірі мен көзқарасы қажет емес. Белгілі бір үдерісті, әрекетті қалай жасау керектігін түсіндіреді (рецепт)

  • Дәлелдеме эссе- айтылған ой арқылы оқырманды көндіру,үгіттеу. Түсіндірме жазба стилінен айырмашылығы - автордың көзқарасы мен пікірінің орын алуы. Автор өзгелерді өзінің пікірінің дұрыс екендігіне сендіруге тырысады, сондықтан аргументтер, себеп-салдар, дәлелдер, статистикалық мәліметтер келтіреді. стиль шағым хаттарда, коммерциялық жарнамаларда, маркетингтік бағыттағы жазбаларда жиі қолданылады.

  • Аргументативті эссе- көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.Аргументативтік жазба жоғарыда аталған сендірме жазбаға ұқсайды, екі стильде бірдей функциялар пайдаланылады. Аргументативтік сендірме жазбадан айырмашылығы контраргумент болуында. Контраргумент – бұл жазушы өз көзқарасына қайшы келетін өзгенің пікірін ұсынуы. Бұл жазушыға өзге көзқарастағы әлсіз тұстарды белгілеуге мүмкіндік береді. Әдетте контраргумент қарсылықты шылаулармен (қарамастан, балама ретінде, бірақ, алайда, екінші жағынан, дегенмен) беріледі.

Келісу-келіспеу эссесі- өте жиі кездесетін жазылым түрі болып табылады. Әр адам қоғамда орын алған әртүрлі жағдайға немесе оқиғаға байланысты өз пікірін білдіре алады. Адамның өз пікірімен, көзқарасымен біреулер келіссе, екінші адамдар қарсы келіп жатады. Бұл – даму заңдылығы. Алайда – пікірдің шынайылығы, сенімділігі маңызды. Ол пікірдің талданып отырған тақырыпқа сай келуіне, оны ашуына, негіздеуіне тәуелді. Келісу- келіспеу эссесін жазуда тақырыпты түсіну, оның қайшылығын анықтау маңызды болып саналады.

  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет