Эссе Менің мамандығым



Дата18.09.2022
өлшемі13,97 Kb.
#39398
Байланысты:
Эссе Менің мамандығым


Эссе
Менің мамандығым
Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек. Менің таңдауым IT саласындағы мамандық.

21 ғасырда ақпараттық технология күннен - күнге даму үстінде. IT маманы болмас бұрын, соған сай біліміңіз бен тәжірибеңіз болу керек. IT мамандық - нағыз білім бағаланатын бірден бір мамандық болып табылады. Бұл мамандықты таңдауыма мектептегі информатика пәнінің мұғалімі қатты әсер етті. Ол маған білетінімнің бәрін үйретті.

Қазақстанда компьютерлік бағдарламаларды шығарып отырған Айти мамандықтарына сұраныс жоғары. Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын.

Технологиялардың арқасында компьютерлерді үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және олардағы заңдылықтарды анықтау арқылы нақты тапсырмаларды орындауға «үйретуге» болады. Жасанды Интеллекттің әліппесі Python программалау тілін үйренуден бастап алады. Мен жақсы меңгерген Python.



Мен өзімді Big Data программист ретінде көремін. Big Data - бұл үлкен көлемдегі деректерді талдаудың және жүйелі түрде алудың әртүрлі тәсілдерін зерттейтін сала. Big Data күрделі бизнес мәселелері мен жедел ақпарат алу үшін және механикалық немесе алгоритмдік процестерді қолдануды қамтиды. Big Data программистер құрылымы жоқ мәліметтермен жұмыс істейді, олардың нәтижелері бизнесте шешім қабылдауды қолдайды. Үлкен деректерді талдауға деректерді тексеру, түрлендіру, тазалау және модельдеу кіреді.
Болашақта сұраныс ие бірден бір сөзсіз мамандық программист болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет