Эссе. «Менің педагогикалық философиям: мамандық туралы ой...»
«Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиді сарайына арнайы шақырып, мынандай сауал қояды: – Уа, Екінші ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ? Болжамыңды естігім келеді, − дейді. Сонда әл-Фараби: – Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонда айтып берейін» − деген тамаша бір даналық сөзді интернент желісіндегі © e-history.kz парақшасынан оқып қалдым. Расында, жастар еліміздің болашағы, сол болашақты білім нәрімен сусындатып, адами құндылықтарын қалыптастыратын педагог мамандығы.
Елбасымыз айтқандай «Болашақта барлығын жасанды интеллект басады, тек кейбір мамандықтар ғана өз маңыздылығын жоймайды» деп, осы мамандықтар қатарында менің мамандығымның ойып тұрып орын алатынын мақтаныш етемін.
Бірақ, сол мамандыққа сай болатын кәсіби-тұлғалық сапаларды қалыптастыру үшін біз, замануи білім беру технологияларын меңгере отырып, психологиялық саулықта қалыптасқан педагог болуымыз керек.
Мен «Педагог-психолог» мамандығымды мақтан тұтамын және оның бала тұлғасын қалыптастырудағы жетекші маман екендігін жақсы түсінемін.
Педагог-психолог мамандығы – мектеп оқушыларының психологиялық саулығын, олардың құқығын қорғау, әлеуметтік-психологиялық мәселелерін тиімді шешуге белсене араласатын маман. Ол, мектеп оқушыларымен олардың білім алу мен тәрбие барысында кері әсерін тигізетін түрлі мәселелердің алдын-алу, психодиагностикалық, түзету бағытындағы жұмыстарды, болжай білу, психологиялық кеңес беру барысын тиімді ұйымдастыра білу сияқты іскерліктер мен дағдыларды игере алу керек.
Өз мамандығымының тағы бір ерекшелігі, мектепке дейінгі мекемелерден бастап, тіпті арнайы түзету орталықтарында да жұмыс істей алатындығымызда. Бұл біздің диплом алған соң жұмыссыздар қатарын көбейтпейтіндігімізді білдіреді және жас маман ретінде кәсіби қызметіме белсене араласып, өзіміздің кәсіби деңгейде өсу баспалдақтарын тез орындайтындығымызда болып табылады десем, қателескендігім емес. . Мамандығымыздың тағы бір көкейкесті мәселесі біз педагог қауымның психологиялық саулығын, олардың оқытушылық қызметтегі қызықты да қиын іс-әрекет жолында олардың эмоциялық сөну синдромдарын болдырмай, балаларды оқыту мен тәрбиелеуге деген мотивациялық күш-жігер беретінімізде. Сонымен бірге, ата - аналар қауымына да педагогикалық-психологиялық тұрғыда қолдау көрсету, керемет емес пе! Соның дәлелі, бүгінгі уақыттағы әлемді дүр сілкіндірген covid-19 коронавирустық пандемия бүкіл әлемдегі білім беру жүйесіне де әсер еткені белгілі. Соңғы 1 ай көлемінде менің жақындарым, мектепте білім берген мұғалімдерім маған «сен педагог-психолог» мамандығы бойынша білім алуда емессің бе?!»- деп қашықтықтан оқыту барысында оқушыларға және ата - аналарға психологиялық қолдау жасап олардың ерен жұмыстарына ат салысуымды сұрады.
Қазіргі таңда, мен зор қызығушылық пен өз мамандығым бойынша қаламыздағы мектеп ұжымдарына белсене қолдау көрсетудемін, мен жалығар іс емес, керісінше өз мамандығым бойынша ләззат алудамын. Мен үшін тамаша істер болып табылмақ!
Айта кетерлік, бұл іс- менің мамандығым бойынша дәл мен үшін көптен күткен үлкен тәжірибе болып есептеледі деп ойлаймын. Көптеген құрбыларым «педагог-психолог» ол қандай мамандық, не үшін оқып жүрсің деген сияқты кекесінді сауалдарына бүгін мақтаныш пен жауап қайтаратындай ел тарапынан өзімді көрсету арқылы кереметтей жауап алғандаймын... Құрбыларыма, осындай керемет дүниелерді айтып, ауыз толтырып айтатын боламын. Бұндай іс – мен үшін қандай ғанибет десеңізші?!
Әл-Фарабидің алманың түсі,шырыны,дәмі алма бойындағы жақсы қасиетін білдіреді ме деген сауалға, оның ұрығының тамаша болғандығы ғой, өйткені алма сол ұрықтан өсіп шығып, жайқалған бау-бақшаға айналады деген даналық пікірі менің ой - санамда қатып қалған қағида болып қалды.
Мен «педагог-психолог» мамандығын сол алма ұрығына теңеп, ал жайқалған бау-бақшаны болашақ ұрпағымыз деп елестетемін, әрине, жайқалған бау - бақша болу үшін біз, ерен еңбек етуіміз керек-ақ... Сол үшін, еліміздің саналы ұрпақтарына алып көңіл күй мен, зор ықылас танытып, шынайы пейіл мен жұмыс жасайтын боламыз. Мен таңдаған өз мамандығым бойынша еш өкінбестен еліме қызмет етемін. Бұл менің басты борышым болып табылады. Борышты атқара білу, екінің бірі бойынша қолынан келе бермейтін ұлағатты іс.
Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев: «Саналы ұрпақ-саламатты Қазақстан» демекші, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясынан ұстаздарды оқытып, оқушыларды керекті жабдықтар мен қамтамасыз ету арқылы, еліміздің болашағын гүлдендірмек ниетте. Осындай жарқын істерді көзіміз бен көре, құлағымыз бен естіп, жүрегіміз бен сезіне отырғанда, елің үшін қалай терлемей қалмақсың деп өзімді жиі қайрап отырамын.
«Педагог-психолог» мамандығы бойынша, елімізде осы ұлы мамандық қатарында өсім байқалтады. Мен үшін көз қуантарлық! Мамандығым бойынша оқушылардың психологиялық жағдайын біраз бақылап жүрмін. Оқушыларға өзімнің тарапымнан зор көңілімді бөліп, білгенімді үйретіп жүрген жайым бар. «Ешқашан да шарша ма, үйретуден балаға»- демекші халық даналығына үлкен сенім мен қараймын және құрметтеймін. Қаламыздағы мектептердің әлеуметтік саласының үйлесім табуына ықпал жасап, әлеуметтік бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге атсалысып жүрмін. Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына кедергі болатын факторларды анықтау және түрлі психологиялық, коррекциялық, өз алдына азамат боп бейімделу, оқушылармен жеке және ұжымдық психологиялық зерттеулер мен талдау жасау, кеңес беру немесе түрлі шаралар өткізу кезінде оқушылардың, тіпті дарынды балаларды анықтау, оларға психологиялық қолдау көрсету, дамуына өз ықпалымды қосу немесе психологиялық - педагогикалық зерттеулер мен шаралар өткізу кезінде балалардың құқықтары мен бостандықтарына орасан зор көңіл бөлудемін.
«Педагог-психолог» мамандығы түсіне білген адам үшін, көкжиектен сәулесін шашқан күн секілді деп бағалауымыз қажет. Осындай үрейлі кезеңде, оқушыларымыздың сағы сынбай, рухтары құламас үшін біздің мамандығымыз зор пайдасын тигізуде деп ойлаймын. Бұл менің өзіндік жеке пікірім болып қалмақ! Гүлденген Қазақстаным үшін саналы ұрпақтың пайдасы зор екенін ұғынамыз. Себебі, олардың арасында ертең болашақ ғалымдар, инженер, ұшқыш, педагог және т.б., мамандық иелері шығарына кәміл сенімдіміз. Десек те, еліміздің басына төнген бұлтқа қарамай, сапалы ұрпақ тәрбиелеу біздің басты құндылығымыз емес пе?! Қазіргі таңда жалпы қоғам үшін бір қиын қыстау кезең болып тұрғаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, мен берекесі мен бірлігі жарасқан еліміз үшін қатты алаңдайтынымды жасырмаймын. Алайда, елдің ертеңін ойлап, алға жүруім үшін түрлі сынақтардан өтеміз деп есептеймін. Бұл жай ғана мен үшін кедергілердің кішігірім бөлігі ғана... Менің негізгі, арманым еліміз үшін пайдалы саналы да сапалы ұрпақ қалыптастыра білу.
Ізгі ниетпен: «Қайырымды қала тұрғындары» командасы ЕАГИ
Достарыңызбен бөлісу: |