Эссе орындаған: Базарбек М. О. Топ: 6-019 Тексерген: Тәбріз Н. С. Қарағанды 2022 жыл Эссе



Дата05.05.2023
өлшемі19,99 Kb.
#90641
Байланысты:
Базарбек М.О. 6-019


Қарағанды медицина университеті
Фтизиатрия кафедрасы

ЭССЕ

Орындаған:Базарбек М.О.


Топ: 6-019
Тексерген: Тәбріз Н.С.

Қарағанды 2022 жыл




Эссе
Туберкулез эпидемиологиясы
Туберкулездің эпидемиологиясы бұл туберкулез ауруының халық арасында пайда болуы мен оның таралуын анықтап алдын алатын жолдарын анықтап зерттейді.
Эпидемиялық үдеріс – бұл туберкулез эпидемиясының пайда болу механизмі, оның 3 компоненті бар : инфекция көзі, жұғу жолы, жаңа жағдай.Алғашқы компонент инфекция көзі – оған науқастар,жануарлар, құстар жатады.Осылардың ішінде ең негізгісі науқастар – олар туберкулезбен ауыратын және туберкулез микобактериясын бөлетіндер.Олар күніне қоршаған ортаға 1*106-109 бактерия бөледі.Сондықтан эпидемиялық шараларды - эпидемия ошағынан бастап жүргіземіз.Ал, жануарлар мен құстардан зарарлану сирек кездеседі.Ол адамға туберкулез микобактериясын жұқтырған жануарлар мен құстардың өнімін термиялық өңдеуден өтпеген күйде жегендіктен пайда болады.Туберкулез микобактериясы жақсы қайнатылған(100градуста 45мин) ,толық пісірілген өнімдерде болмайды.
Екінші компонент – туберкулездің жұғу жолдары: ауа- тамшылы, алиментарлық, қатынасты, плацентарлы.Туберкулездің ең жиі кездесетін түрі –ауалы-тамшылы.Ол қалай? Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас кезінде сөйлегенде,түшкіріп,жөтелгенде қасындағы адамның зарарлануы өте жоғары болады.Туберкулездің берілуі оңай болғандықтан онымен ауыратындар саны мен қайтыс болатын науқастарда саны да көп. Қалған 3 жұғу жолы сирек кездеседі.Алиментарлық жол- туберкулезбен ауыратын жануарлар мен құстардың шикі өнімдерін қолданғанда жұғады.Қатынасты жұғу жолы – тері туберкулезімен ауыратын науқастың сау адамның терісіне жанасу үйкеліс кезінде жұғады.Плацентарлы немесе вертикальды – туберкулезбен ауыратын жүкті әйелдің баласына плацента немесе босану кезінде жұғады.Бірақ плацента арқылы жұғу сирек кездеседі ол микобактерияға жақсы кедергілердің бірі.
Үшінші компоненті – жаңа жағдай - бұл туберкулезбен ауырып болған науқастың жағдайы.Жаңа жағдайдың пайда болуы үшін :
-инфекцияның массивтілігі
-науқаспен болған қатынастың ұзақтығы
-адам ағзасының сезімталдығы ықпал ететін жағдайлар.
Туберкулез бойынша эпидемиялық жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне: зарарлану, сырқаттылық, аурушаңдық,өлім-жітім статистикасы арқылы анықтаймыз.Зарарлану - Манту сынамасы көмегімен тексерілген жалпы адамдар санына шаққанда , туберкулин сынамасына оң жауап берген адамдардың пайызы..Халық санының көптігіне байланысты туберкулин сынамасын жасау мүмкін емес. Бұл көрсеткішті балаларда анықтауға болады.
Сырқаттылық - 100мың халыққа шаққанда ,белсенді туберкулезбен ауыратын адамдардың саны.Сырқаттылық көрсеткішін жыл сайын ауыратын науқастар санына қосу қажет.Сырқаттанушылық көрсеткіші туберкулез жұқпасының резервуарының аса қауіпті бөліміндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.Аурушаңдылық - жыл ішінде 100 мың халыққа шаққанда, белсенді туберкулезбен есепте тұратын науқастар санын көбейтіп, жалпы тұрғындар санына қатынасы.Бұл көрсеткіш жыл сайын эпидемиологияның динамикасын бағалауға,оның дамуына әсер ететін себептерді анықтауға мүмкіндік береді.Өлім-жітім - бір жыл ішінде 100мың халыққа шаққанда туберкулезден қайтыс болғандар саны.Осы көрсеткіштердің формуласы бар сол бойынша статистика шығаруға болады.Көрсеткіштердің ішінде маңыздысы сырқаттылық.Ол жоғарласа аурушаңдылық пен өлім-жітімде көбейеді.Қазақстан бойынша эпидемиялық көрсеткіштер келсек, 1990-2015жылғы көрсеткіштерді салыстырғанда, сырқаттылықкөрсеткіші 2002жылы жоғары шыңды көрсеткен, ал өлім-жітім саны бойынша 1998жылы көрсеткіш саны жоғары болған .Негізгі себеп халықтың әлеуметтік жағдайы мен елдегі дағдарыс.Дүниежүзі елдерімен салыстырғанда сырқаттылық бойынша 101-інші орында тұрмыз. Қазіргі таңда жаңа туберкулездік проблемалар анықталып жатыр.Ол туберкулезбен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы дәрілерге төзімділіктің(көпдәрілік,кеңдәрілік) туындауы,емге көнбеуі нәтижесінде өлім-жітімнің көбеюі.Бұл дегеніміз туберкулез жаңа түрлерінің көбейіп жатқандығы.Соның нәтижесінде сырқаттылық пен өлім де көбейіп жатыр.
Біздің мақсатымыз сырқаттылық санын азайтып, 50-ден төмен көрсеткішке жеткізу көк аймаққа ену.Туберкулезді емдеп, алдын-алу шараларын жоғары деңгейде жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет