Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жаратылыстану факультеті
Ақтөбе-2023
Жоспары
Кіріспе
•Эссе жазу
•Эссенің негізгі белгілері
•Эссе жазуға кеңестер
•Эссе жазуда жіберетін қателіктер
Кіріспе
•Эссе – прозалық әдеби жанр. Француз тілінен аударғанда«очерк» немесе «нобай» деген мағынаны білдіреді. Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасынкөрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәсеге қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.
•Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпараттысауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбінесөйлеуге бағытталған.
Эссенің негізгі белгілері
Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететінбелгілі бір қысқа тақырыптың болуы.
•Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – ондақандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.
•Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тымұзақ сөйлемдер болмауы керек.
Эссе жазуға кеңестер
1-кеңес
Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алукерек.
2-кеңес
Еркін жазу әдісін қолданыңыз. Оның мәні – болыпжатқан нәрселерді миға редакциялаусыз және грамматика, пунктуация, стиль секілді т.б. ережелерге бағынбай-ақ жазуда. Бұл шығармашылық дағдарыспен күресуге және керемет идеяларды табуға көмектесетін тамаша тәсіл.
3-кеңес
Кіріспе бөлімге тоқтап қалмау керек. Алғысөзді негізгібөлім жазылғаннан кейін де жазса болады. Бұл жағдайда эссеніңне туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазуоңайырақ болады.
Эссенің шығармадан айырмашылығы
Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді. Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқаларданерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет.
•Көркем туындыны талдайтын шығарамаға қарағанда, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатыстыұстанымын қамтиды.
Эссе жазуда жіберетін қателіктер
1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмаусекілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлықкөрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.
•2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетінқателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдердіжеткілікті мөлшерде көрсетпейді.
•3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесетақырыпты дұрыс түсіндірмеу.
•4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.
Пайдаланылған әдебиеттер
2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ
• РМКМ.А.Тулегенов «Тауартану», Қарағанды 2004 66 бет