Эссе Перед классом фильмі



Дата14.04.2022
өлшемі16,31 Kb.
#31010
Байланысты:
Эссе Перед классом фильмі Лупанчук Гулсаним ДОиВК-92 (1)

Эссе Перед классом фильмі


Өте жағымды, мейірімді және түсінікті фильм.

Көргенге жағымды, өмірінде жақсы жақтарын көрсетуге ұмтылатын, басқалардан қалыс қалмайтын адамдар бар екенін көрсете алатын тамаша фильм екен . Маған бұл фильм ең алдымен адамгершілігімен, философиялық мәнімен ұнады. Шынында да, біз өмірге жиі шағымданамыз, қалай қуануды білмей, қарапайым жағдайларды байқаймыз. Бұл фильмді түсіруге арқау болған оқиға – шын өмірдегі Брэд Коэннің басынан кешкен оқиғалары болды . Брэд Коэн осы фильмнің сценариін жазған. Фильм кішкентай жасынан ауыр дертке шалдыққан баланың басынан кешкен өмірі мен оның үлкен өмірдегі жасаған қадамдары жайлы баяндайды. Әрине, фильмді көріп болғаннан соң, өз өміріңдегі кейбір көзқарастарыңды өзгертуге тырысасың, себебі, фильмнің басты идеясы – қандай жағдайда болмасын біз бәріміз теңбіз. Әркімге тең дәрежеде қарауымыз керек. Біреудің ауруы бар деп оны қоғамнан шеттетіп тастауға болма болған йды. Денсаулығында ақауы бар адамдар бұл қоғамда, бар және болады да. Оларды мойындамай, ысырып, қалыпты адамның қатарына қоспайтын болсақ, олай мәселенің мәнін шешпейміз. Біз осындай адамдарды қабылдай білуіміз керек, оларды ортаға бейімдеуге барлық жағдай жасауымыз керек. Олардың ортада өздерін еркін ұстап, ашық әрекет жасауына септігін тигізуіміз қажет. Біздің қоғамның басты қателігі – өзгелердің пікіріне мән беру, өзгелердің пікірін өзінікінен жоғары қою. «Анау не айтады, мынау не дейді» деген сөздерді жиі айтамыз. Осындай балалары бар ата-аналар осы қағидамен жүреді. Бұл қағидаға сүйенген ата-аналар балаларының ө қалай әсер ететіндігін байқамайды да. Бұл фильмде баланың әкесі осындай ата-ананың қатарына жатады. Ол баласының дертінен ұялады және баласының үлкен белестерді бағындыратынына сенбейді. Ал, осындай ерекше балаларға ең басты керегі – оларға деген жақындарының сенімі, махаббаты, жан жылуы. Бұндай ата-ананың қатарына фильмдегі баланың анасын айтуға болады. Брэдтің анасы баласына әрқашан қолдау көрсетіп, демеп жүреді. Дертіне дауа болатын емдерді іздейді және баласының сауығып кететініне сенеді.Қоғамның осындай ерекше адамдарға деген көзқарасы өзгермей – қоғамның өзі алға қарай жылжымайды.
Бұл фильм маған қатты ұнады. Бұл фильмнен түсінгенім, ешқашан берілмеуіңіз керек екенін, алға қойған мақсаттарымыз және де армандарымыңздың орындалуын керектігін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет