Эссе «Психология менің өмірімде және кәсібімде»



бет1/2
Дата05.05.2023
өлшемі23,85 Kb.
#90228
  1   2
Байланысты:
Психология (копия)



Эссе
«Психология менің өмірімде және кәсібімде»
Психология - бұл адамдардың мінез-құлқы мен психикалық процестерін зерттейтін және талдайтын ғылыми пән болып табылады. Атап айтқанда оған сезім, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қабылдау сынды процестер жатады. Бұл сонымен қатар, мотивация, сезім, эмоция секілді белгілі психикалық жағдайларды зерттейтін ғылым. Осы ғылымның көмегімен біз психикалық қасиеттерді, мінез-құлық, бейімділік секілді қабілеттерді кеңінен зерттей аламыз.
Психология менің өмірімде және кәсібімде өте маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршап тұрғанның барлығы менің санама әсер етеді. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және кәсіби тұрғыда өзімнің жеке шешім қабылдауымды түсінуге үйретеді, ең бастысы жақын адамдарыммен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді. Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі десем қатеспеспін. Себебі, әр істе, күнделікті өмірімізде, кәсібімізде түрлі жағдайларға душар боламыз. Яғни түрлі таңдаулар жасаймыз, мақсатымызға ұмтыламыз, эмоциональды тұрақсыздыққа тап боламыз, адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында түсініспеушіліктерге кезігеміз. Осындай сәттер туындағанда біз психологияға жүгінеміз. Яғни, психология, ең алдымен, өзімді жақсы түсінуге, мінез-құлқыма, эмоциональді күйіме, ой-санамның ашық болуына әсер етеді.
Өмірде мамандықтан қателеспеу өте маңызды. Маңызды болғаны соншалық, қалған өміріміздің бақытты не бақытсыз өтуі осыған байланысты деп айтсам, артық айтқаным емес. Соның бірі – болашақ мамандығымызды дұрыс таңдау. Мамандық таңдау-сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрас таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі деп білем. Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып мұғалім боламын деген шешім қабылдадым. Менің ойымша, психология әсіресе мұғалім мамандығында маңызды, өйткені мұнда адамдармен ғана емес, балалармен де байланыс орнату керек. Мұғалім, ең алдымен, өзі білім алуы керек, өйткені психологиялық-педагогикалық білім көбінесе оқушылардың білім беру дайындығының деңгейі мен сапасын анықтайды. Мұғалім оқушылармен сәтті қарым-қатынас жасау үшін қиын жағдайларды шешу кезінде психологиялық білім мен әдістерді қолдану керек. Ең алдымен, ол өзін ұстай білуі керек, эмоциясын тежеуді үйрену керек, өзін басқа адамдардың орнына қоюға, қарым-қатынасты түсінуге қабілетті болуы керек.
Балалар үшін психологиялық көзқарас өте маңызды. Балалармен қарым-қатынас жасау кезінде бәріне дұрыс көзқарас таңдау үшін әрқайсысы туралы ақпаратты білу керек. Қозғалыстардың айқындылығын, сөйлеудің көлемін бақылау қажет. Әрқашан ашық сөйлесу, ең алдымен қарапайым адам ретінде қарым-қатынас жасау, денсаулыққа қатысты мәселелерге назар аудармау маңызды. Сондай-ақ, жақсы көңіл-күйіңізбен келу өте маңызды, өйткені мұғалім айналасындағы барлық адамдарға қуат береді.
Қорытындылай келе, психология-адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы деп тұжырымдаймын. Себебі, бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда адамдар қарым-қатынасын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі оны түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше және бірегей. Сондықтан да, психология адам өмірінде, менің өмірімде үлкен рөл атқарады және мұғалім мамандығында маңызды орындардың бірін алады деп сеніммен айта аламын. Егер мұғалімнің белгілі бір жеке психологиялық ерекшеліктері болса, психологиялық әдістерді қолдана білсе, онда мұғалім өз қызметінде жоғапы бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет