Кейс Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру Жоспар: I КІРІСПЕ 1.1 Мотивация деген не? 1.2 Ұйым мотивациясының мағынасы II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Мотивацияның маңызы және қолдану тәсілі 2.2 Ұйым қызметкерлеріне жұмысқа құлшынысының ықпалы 2.3 Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдірудегі негізгі принциптер III ҚОРЫТЫНДЫ 1.1 Мотивация дегеніміз жасалынатын іске құлшыныс ьолып табылады. Ол көздеген мақсатыңа жеткізер күш- жұмыстың барынша өнімді болуына ықпал етеді. Оны басқаша ішкі қозғаушы күш деп атасақ та болады, ал қозғаушы күш мақсатқа жетудегі сыртқы келеңсіздіктерге тойтарыс беруге қабілетті.
1.2 Мемлекеттегі кез келген компанияны,қоғам қызметкерлерін -нарықтық механизм деп алсақ болады. Яғни, нарықтық механизмнің дамуына,өсуіне олардың жұмысты жоғары деңгейде жасағандары маңызды. Бұл маңыздылықтың орындалуы-жұмыс қызметкерлерінің ішкі құлшынысына байланысты. Ал оны ұйым мотивациясы деп атаймыз.
2.1 Мотивацияның адамзат баласы үшін пайдасын білдік,бірақ оны толықтай пайдаға жаратуды бірі білсе, бірі біле бермейді. Мотивацияның да өзіндік мерзімі,қолдану реті болады. Оны өзінің потенциалына орай қолдана білген адам ғана өз жұмысының нәтижесін көре алады. Қоғам мүшелерінің табысының артуына оның жүйелі жұмысы, жүйелі жұмысқа құлшыныс, яғни мотивация жауап береді. Сол үшін де жұмыс қызметкерлеріне бұл ақпаратты білу маңызды: біріншіден,мотивация тек үш күн өмір сүреді,сондықтан келген идеяны жұмыскер үш 24сағат ішінде жүзеге асыруы керек, екіншіден: жұмыс күндері күнделікті жоспар құрып, тапсырмаларды ойласытырып орындауы керек, және сол жасалған міндеттемелерді жетістік санауы қажет, ол сана тұрғысында жұмыста деген үлкен құлшыныс, екпін.
2.2 Мотивацияның қаншалықты маңызды екенін білдік, осы орайда ұйым, компания қызметінің мотивациясын жетілдіру арқылы не ұтамыз деген орынды сұрақ туады. Ұйым деп отырғанымыз-мемлекеттегі әр ортақ жұмысы бар компаниялар болып табылады. Мысалы, қарапайым мектепті алсақ болады. Мектеп болашақ елді дамытатын жастарды тәрбиелеп, білім беретіндіктен ондағы оқытушылар өз жұмысына беріліп кірісу арқылы,махаббатпен берілуі,мотивация арқылы мектеп ұйымының жетістікке жетуіне жол ашып береді ал,жоғары нәтижелі мектеп мемлекет дамуының қайнар көзі. Демек ұйым мүшелеріне мотивацияның маңызды зор. Менің мысалымдағы мектеп ұйымы мотивациясын қалай жетілдірсек болады? Менің ойымша бұл сұраққа мемлекет тарапынан жауап берілді. Мемлекет соңғы екі жылда мұғалімдер жалақысын, бакалавриатта педогогикалық мамандықта оқып жүрген жастардың шәкіртақысын көтеріп, ұстаздықтың маңыздылығын арттыру арқылы оқытушы мамандардың мотивациясын толықтырды.
2.3 Жоғарыдағы мысалдың қоғамға қаншалықты құнды екенін дәлелдеу үшін Қазақстан миллионерлерінің бірі, 10ға жуық сүт өнімдері компониясының негізін қалаушы Ерлан Әшімнің пікіріне тоқталамын:"Еңбекқорлық -,қазақтың қанында бар. Егер қол астыңдағы еңбекшілердің жалқау болмағанын қаласаң,жалақысын көтер". Ерлан ағамыз бұл жерде мотив сөзін жасырын қолданып оны жетілдіру үшін жалақының жоғары болуын басты шарт деп біледі. Бұл бірінші принцип болсын. Екінші принцип- ұйым қызметкерлерін сыйақы немесе сөз арқылы мадақтау керек. "Жақсы сөз жарым ырыс" деп қазақ бекер айтпаған. Адам табиғатынан мақтан сүйгіш келетіндіктен өзі жайлы жағымды сөз естіген кезде мотивация механизмі жұмыс жасап,жүйелі,нәтижелі қызмет етеді. Сонымен қатар бұл тәсіл арқылы бәсекелестік туындайды, соның нәтижесінде ұйым қызметкерлері тіптен компанияны алға жетелейтін болады. Бұл мотивациялық методты басқаша прагматикалық деп те атайды. Үшінші принцип-сөгіс жасау шарт. Бұл да екінші принципке ұқсас сөз жүзінде немесе іс жүзінде яғни, жалақының немесе демалыстың қысқартылуы бойынша жүзеге асады. Бұл әдістің ең сорақы түрі жұмысшылардың арасынан бәсекеге қабілетті адамдарды ғана алып нәтижесіз жұмыскерлерді қысқарту(сокращение) болып табылады. Себебі бұл ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру тәсілі жұмыскерлердің санасына стресс болып,олардың жұмысқа белсенділігін арттырады.
III. Қорытындылай келе, ұйымның мотивациясын жетілдіру компанияның табысының артуына ықпал етеді. Табыстың артуы экспорттың өсуін тудырады ал бұл-үлкен жетістік. Егер Қазақстанның әр ұйымы,компаниясы,мекемесі бұл жетістікті иеленсе мемлекетіміз әлемінің озық елдерінің қатарында болары сөзсіз. Сондықтан да ұйым жұмыскерлерінің мемлекетке қызметке деген мотивациясын жетілдіру,оны тұрақты ұстап тұру еңбек өнімділігін арттыру мәселесі жоғарыда айтылған аспектілер арқылы шешілуі тиіс.