Эссе тақырыбы: Қандай көркем, туған өлкем Орындаған: Абдрахым Бексултан



Дата01.11.2022
өлшемі70,17 Kb.
#46708
Байланысты:
Қандай көркем туған өлкем



Қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасы


ЭССЕ


Тақырыбы: Қандай көркем, туған өлкем
Орындаған: Абдрахым Бексултан
Тобы: В-ЖМОА 14-22
Қабылдаған: Кемелхан Динара
Шымкент 2022 ж
Қандай көркем туған өлкем
Көктемнің жайма шуақ күндері де келіп жетті. Қыстың қақаған аязынан кейін, жаныңды жадырататын осындай мезгілде табиғатта демалуды аңсайсың. Жазғы демалыстың да ауылы алыс емес. Ал, Сіз жазғы демалысыңызды қайда өткізетіндігіңізді жоспарладыңыз ба? Жоспарламасаңыз бізбен бірге туған өлкеміздің көрікті жерлеріне саяхат жасауға қалай қарайсыз?
Қазақстан – табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай. Жер жанаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, сыр жасырған Көкше, сұлулықтың мекені Баянауыл. Айта берсең Атырау мен Алтайдың арасын алып жатқан ұлы қазақ даласы бірінен-бірі өткен сұлу. Таза ауа, самал жел, көркем табиғатта демалу үшін шет ел аралаудың қажеті жоқ. Өз жерімізде де демалатын орындар жетерлік.
Қазақстанның ең көрікті жері саналатын Ақмола облысының аумағында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық саябағы орналасқан. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді. Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жеке батыр, Жұмбақтас. "Жұмбақтасты" бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың. Сонымен қатар, Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл көлдері суының тазалығымен ерекшеленеді. Табиғатының шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдаң балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, демалыс үйлері орналасқан, туристерге арнайы жағдай жасалған.
Ақындардың жырына арқау болған жер жәннаты Жетісу. Ақ бас шыңдары көкпен астасқан, құздары шатқалға ұласқан таулар, сарқырай аққан өзендер, мөлдір көлдер мен бау-бақшалы жер өзінің сұлу табиғатымен тартымды. Қасиетті Жетісу жерінде туристік орындар жақсы дамыған. Мысалы, «Алтын-Емел» ұлттық саябағы (Алматы облысы, Панфилов ауданы) ежелгі тарихымен, мәдени ескерткіштерімен, «Әуенді бархан» құмды тауымен ерекшеленеді. Тамаша табиғат жаратылыстары Алма-арасан, Ақсай, Түрген шатқалдары, Маралсай соның куәсі. Осы демалыс аймақтары – жаз маусымының жаймашуақ күндерінде жанұяңызбен немесе достарыңызбен уақыт өткізуге таптырмас мекен болмақ. АҚШ-тағы Үлкен Колорадо каньонының кіші бауры деп аталатын Шарын шатқалы да (Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы) осында орналасқан. Шатқалдағы Ерен тоғай Орта Азия мен Қазақстан аумағында ғана сақталған өте құнды бірден-бір табиғат ескерткіші. Жетісу жерінде жанға жайлы демалыс вазалары мен саяжайлар, шипажайлар көптеп кездеседі. Ол жерге Қазақстандықтардан өзге шет елдік туристер де ағылып жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет