ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Политехникалық» институты
«Техника және инженерлік қорғау» жоғарғы мектебі
ЭССЕ Тақырыбы: Өнеркәсіп қалдықтарының сипаттамасы
Дайындаған: БЖП – 31 топ студенті Хазиев Ш. Тексерген: о. Камал Е.Б.
Орал - 2023 ж МАЗМҰНЫ
I
КІРІСПЕ
3
II
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
4
2.1
2.2
Өнеркәсіп қалдықтарының жіктелуі
Өнеркәсіптік қалдықтарды термиялық залалсыздандыру
4
12
IIІ
ҚОРЫТЫНДЫ
21
IV
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
22
КІРІСПЕ Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр-түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауып-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп кұнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жиюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энегия, уақыт жұмсалып жатыр. Әр өнеркәсіп өндірістерді өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шенберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.
Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстап тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары (шикізат, материал, өзге де бұйымдар мен өнімдерді өндіру немесе тұтыну үдерісінде түзілетін қалдықтар, сондай-ақ өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан тауарлар (өнім).
Қауіпсіз қалдықтар — қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
Қауіпті қалдықтар — құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес немесе өзге заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
Қалдықтарды кәдеге жарату — қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
Қалдықтарды залалсыздандыру — механикалық немесе физикалық-химиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
Қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсарту немесе олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемі мен қауіпті қасиетін төмендету арқылы қалдықтардың сипаттамаларын өзгертетін сұрыптауды қоса алғандағы, физикалық-жылулық, химиялық немесе биологиялық үдерістер.