Эссе тақырыптары: «Инклюзивті білім беру – заман талабы»



Дата28.10.2022
өлшемі15,89 Kb.
#46069
Байланысты:
Инклюзивті білім беру Эссе


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА


Тапсырма мазмұны: Берілген тақырыптардың біреуін таңдай отырып, эссе жазу. Эссе тақырыбын таңдау студент еркіне беріледі.


Эссе тақырыптары:

  1. «Инклюзивті білім беру – заман талабы»

  2. «Инклюзивті білім беру: артықшылықтары және кемшіліктері»

  3. «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу жолдары»

  4. «Инклюзивті білім беру – нәтижелі білім беру»

  5. «Инклюзивті білім беру: қолдаймын-қарсымын»



Эссеге қойылатын талаптар:

  1. Мəтіннің көлемі сөз аралықтары мен сілтемелерді қоса алғанда 280 сөзден 350 сөзге дейін болуы қажет .

Мəтіннің рəсімделуіне қойылатын техникалық талаптар:

  1. Қаріп – Times New Roman, өлшемі – 12

  2. мəтіннің туралануы – беттің ені бойынша.

  3. Жиектері: барлық жағынан 2 см.

  4. Жоларалық интервал: бірлік.

  5. Абзацтар аралығы «Алдында» – жоқ, «Кейін» – жоқ.

  6. Азат жол– 1,25 см.

  7. Мəтін: парақта бір бағана.



Аралық бақылау тапсырмасының мазмұнына қойылатын талаптар:

  • тапсырманы студент жеке өз бетімен орындауы тиіс, көшіруге қатаң тиым салынады.

  • белгілі тақырып бойынша өзекті мәселелер талқыланып, шешімі шығарылған, толығымен аяқталған жұмыс болуы тиіс.

Аралық бақылау жұмысын қабылдап, бағалау кезінде қойылатын шарттар:

  • қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі;

  • әдеби дереккөздерге шолу жасау дәрежесі;

  • жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі;

  • материалды нақтылығы мен сауаттылығы;

  • жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі;

  • пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті;

  • тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы;

  • қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы;

  • өз көзқарасын дәйектей алуы;



Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

  1. Эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;

  2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;

  3. Жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;

  4. Өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;

  5. Мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;

  6. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;

  7. Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;

  8. Жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.



Ескерту: Құрметті студенттер! Эссені тапсыру мерзімі 26.09.2020 жылға дейін. Берілген мерзімнен кеш тапсырған студенттерге аралық бақылау бағасы қойылмайды.
Эссе MS Word бағдарламасында 1 файл ішінде орындалып, Moodle (https://md.ksu.edu.kz ) жүйесіне жүктеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет