Эссені қалай жазады – барлық ережелер



бет1/2
Дата21.06.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37168
  1   2
Байланысты:
Эссе

Эссені қалай жазады – барлық ережелер


Жоспар:
1. Эссе дегеніміз не?
2. Эссенің негізгі белгілері
3. Тақырыпты қалай таңдауға болады
4. Эссені қалай бастайды
5. Эссеге қалай жоспар құруға болады
6. Эссенің құрылымы неден тұрады.
7. Эссенің шығармадан айырмашылығы
8. Эссе жазу бойынша кеңестер
9. Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер
Эссе – прозалық әдеби жанр. Француз тілінен аударғанда «очерк» немесе «нобай» деген мағынаны білдіреді. Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәсеге қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.
Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.
Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.
Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.
Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.
Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды.
Эссенің негізгі белгілері
Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.
Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.
Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.
Эссенің негізгі белгілері
Тақырыпты қалай таңдауға болады
Егер жалпы бағыт бойынша таңдау керек тақырыптар тізімі жоқ болса, онда эссенің қандай аудиторияға керек екенін ескеру қажет. Мұнда нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін: университет оқытушысы, комиссия, әдеби қауымдастық, жұмыс беруші болуы ықтимал.
Егер эссені мұғалімге өткізу үшін жазса, онда қандай қасиеттердің бағаланатынын ойлану керек. Осыған байланысты тексеруші автордан күтетін түпнұсқалық, сөйлемдерді қисынды түрде қалыптастыру қабілеті, сауаттылық, кәсіби қасиеттер және т.б. секілді қабілеттерді көрсету мүмкін болатын тақырыпты таңдауы қажет.
Ұсынылған тізімнен эссе жазатын тақырыпты таңдағанда, белгілі бір білім, ой-пікір бар немесе қатты қызығушылық тудырған тақырыпты таңдаған жөн.
Егер эссе жұмыс берушіге бағытталса, онда эссенің тақырыбы мен мазмұны автордың сипатын, оның шынайылығын, біртумалығын, адамгершілігін және даралығын көрсетіп тұруы қажет.
Эссені қалай бастайды
Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу керек.
Еркін жазу әдісін қолданыңыз. Оның мәні – болып жатқан нәрселерді миға редакциялаусыз және грамматикапунктуация, стиль секілді т.б. ережелерге бағынбай-ақ жазуда. Бұл шығармашылық дағдарыспен күресуге және керемет идеяларды табуға көмектесетін тамаша тәсіл.
Кіріспе бөлімге тоқтап қалмау керек. Алғысөзді негізгі бөлім жазылғаннан кейін де жазса болады. Бұл жағдайда эссенің не туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазу оңайырақ болады.
Эссе жазудың барынша кеңінен тараған танымал нұсқаларының бірі – бірінші сұрақтан бастап, оған жауап жазу. 
1
2
3
4
Эссеге қалай жоспар құруға болады
Бірден мінсіз жоспар құруға ұмтылуға болмайды. Өйткені, ол жұмыс барысында редакциялануы мүмкін. Оның үстіне эссе жазу кезінде жоспар құру мүлдем қажет емес, сонымен қатар құрастырылып қойған жоспарға да сүйенудің қажеті жоқ. Шектеулер мен қатаң шеңберлердің болмауы осы жанрдың артықшылығы болып табылады. Егер авторға қатаң жоспарға сүйену оңай болса, онда оны құрастыру үшін де уақыт қажет.
Сондай-ақ, барлық негізгі ойлар жоспардың тармағы түрінде көрсетілуі керек. Одан кейін, әр тармақты тармақшаларға бөліп, ойды толығымен егжей-тегжейін ашып, жеткізуге болады.
Содан кейін жоспарды қайтадан оқып шығып, әр тармақ өз орнында тұр ма және жеткілікті түрде ашылды ма, соны тексеріп шығыңыз.
Эссенің құрылымы
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды
Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады.
Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.
Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.
Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет