Эссені бағалау критерийлері



бет4/5
Дата15.12.2023
өлшемі24,3 Kb.
#138096
1   2   3   4   5
Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Үзінді кімнің өлеңінен келтірілген?
Шығарманың жанры, кейіпкерлер әлемі және негізгі идеясы туралы баяндаңыз.

2

Қазақ әдебиеті

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар
Қанды көр де, бетім көр.
1. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталуы, оның ережесін айтыңыз A) аллитерация B) метанимия C) литота D) гипербола E) эллипсис
2. Өлеңде қолданылған айшықтаудың түрі
A) шендестіру B) метанимия C) аллегория D) гипербола E) полемика

3

Қазақ тілі

Бүгінгі күні Қазақстанның болашағы, Елдің ертеңі, ұлт ұрпағының алдағы уақытта саналы ғұмыр кешуі, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігі, қоғамның рухани тұтастығы, сондай-ақ жеке азаматтардың ұлтжандылығы мәселесі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Бұлар туралы зиялы азаматтарымыздың сан бағытта әрі сан түрлі идеологиялық тұрғыдан айтып, аянбай жазып жүрген ұлттық мәселелерін оқығанда, оларға баса көңіл бөлмесек болмайтындығы түсінікті болады. Олай дейтініміз, біздің қоғам өтпелі кезеңде өмір сүріп отыр. Бұл – болашағымыз туралы толғаныс. Өткеніміз бен болашақтың арасын қандай рухани күшпен жалғаймыз, болмысымызды қалай сақтап қаламыз?! Осының бәрі – мызғымас «рухани бірлік пен ұлттық тұтастық» мәселесі. Қазақстан Республикасының дамуы барысында білім беру саласының басты міндеті – дүниетанымы кең, ұлттық менталитеті мен көзқарасы толық қалыптасқан, ғылым мен білім, техникалық жаңалық саласындағы әрекетке бейім жас мамандар дайындау. Бабаларымыздың сөйлеу тіл байлығы, оның дыбысталу заңдылығы, ұлттық мәдениет пен дүниетанымның ерекшеліктері халық жадында толық сақталған. Кез келген ұлттың немесе мемлекеттің болашағы өзін-өзі қорғай білуіне байланысты. Бұл туралы Ә. Бөкейхановтың: «Бөтен кісі қазаққа ешқандай жақсылық артып әкеліп бермейді. Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр жүзінде бәйге алмайды», деген сөзі шындық. Ал мұның өзі сол тілде ғасырлар бойы жасалынған ұлттық рухани құндылықтар бойына сіңген адамның ғана қолынан келетін ұлттық патриотизмге байланысты. Ұлттық тілде ұлттық тәрбие алмаған адам өз ұлтына қызмет ете алмайды: қиынқыстау кездерде ұлтына қорған болып, ол үшін отқа күйіп, суға түсетін патриот бола алмайды. Демек, ұлт атаулының тағдыры тіл мен дін мәселесіне және соған сүйенген рухани құндылықтарына тікелей байланысты.
а) Мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ақпаратты анықта.
ә) Мәтіннің стилін анықта. Стиліне тән жанрлық ерекшеліктерді айт.
б) Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасыңды білдір.

4

Қазақ тілі

а) Қалаған сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ә) Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса.
б) Мәтіннен ерін үндестігі қатысқан 3 сөзді тауып, оларға фонетикалық талдау жаса.

11 сынып __ ІI_ тур


Жұмыс уақыты: Тапсырманың орындалу уақыты 120 минут

Берілген жауаптарды бағалау тәртібі: Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 12,5 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:


10-12,5 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
8-9 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-7 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Бұнда оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет