1-тапсырма Мәтіндерді тындап, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін Төле би Əлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет жəне қоғам
қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің биі.
Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-əңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі.
Əкесі Əлібек шешен, сауатты жəне ел əңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан əкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақылымен, əділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды.
Төле бидің əділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның «Төбе биі» болып, Ташкентте Ұлы жүзді басқарып тұрған.
2-мәтін Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764 жж.) – қазақтың белгілі би-шешені, мемлекет
жəне қоғам қайраткері. Орта жүздің төбе биі.
Қазыбектің əкесі Келдібек кезінде белгілі шешен, би болыпты. Кішкентайынан осындай ортада өскен Қазыбек бала биден дана биге айналып, «Қаз дауысты Қазыбек», «Алты Алаштың ардағы» деген атаққа ие болады.
Қазыбек жасынан ел əңгімелерін, нақыл-өсиет сөздерін естіп өседі. Əке тəрбиесі мен би-шешендердің асыл сөздері де үлгі болады. Жастайынан ел билігіне араласып, адалдықты жақтайды, əділеттілікті, бейбіт жолды қалайды.
Қаз дауысты Қазыбек кезінде атақты да беделді билердің бірі атанды. Ол Абылай, Тəуке, Əбілмəмбет, Семеке хандардың тұсында халқы үшін ел қорғау ісіне белсене араласты. Төле, Əйтеке билермен бірге жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға елшілікке барған. Ол Ресей, Бұхар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мəселелерге араласып, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған дипломат ретінде танылды. Ол елшілік қызметті мінсіз атқарған тұңғыш дипломат болды.