Эссенің тақырыбы: Мұғалімдік қасиет үздіксіз білім алумен сақталады
Бейсебаева Г.Е.
Эссенің мәтіні
Ұстазым менің ұстазым
Сенімен өткен қыс жазым
Мұғалім боламын деп мен өзіме мектепте оқып жүргенде шешкем. Менің сүйікті мұғалімім, орыс тілі мұғалімі. Ол кісі 5 сыныптан бастап мені оқытты. Сол уақыттан бастап осы пәнге менің қызығушылығым оянды. Біздің сыныпта 5 қыз , бәріміз мұғалім мамандығын тандадық. Мұғалім болу онай емес. Ең алдымен балаларды жақсы көру , түсіну керек. Мен өзімнің таңдауыма өкінбеймін, мен өзіме сенімдімін. Жалпы еңбек өтілім 17 жыл. Осы жылдар ішінде қаншама жетістіктерге ие болдық.
Ешқашанда оқуға әлі кеш емес, өз біліктерін арттыру 3 жылда деп бекер таппаған, өйткені заманмен бірге оқып отыру керек. Курстар біз үшін көп мағлұмат береді. Әр оқыған сайын куратор бізге әр түрлі тәсілдерді үйретеді. Заманға сай ресурстармен таныстырып. Онлайн түрде тапсырма дайындап беруді үйретеді. ВОРД ВОЛЛ, ГУГЛ СЕРВИС тағыда басқа платформалармен таныстырды. Куратор өте ақылды, мықты адам.
Мен үшін оқыған ол жақсы, біз заманмен қатар жүреміз.