Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Тапсырма. «Тыныстың реттелуі».  
Зертханалық жұмыс «Тыныстың жиілігін анықтау».  
Нұсқаулық текшекарта:  
1) 
Өзіңнің көкірек қуысыңның қозғалыстарына бақылау жүргіз.  
2) 
Орындықта  отырған  қалпыңда  және  10  рет  отыру-тұру  жасағаннан 
кейін 1 минут уақыт ішінде қанша тыныс алу қозғалысын жасайтыныңды сана.  
3) 
Алынған деректердің айырмашылығын түсіндір және қорытынды жаз.  
4) 
Келесі биологиялық есептерді шығар:  
28 


а) қалыпты тыныс алу жағдайында адам өкпесі арқылы қанша ауа өтеді: 1 
минутта,  1  сағатта,  бір  тәулікте  (демді  ішке  тарту  –  500  мл  ауа,  тыныс  алу 
жиілігі – минутына 18 рет);  
б)  ішке  жұтылатын  ауаның  құрамында  20%  оттегі  болатынын  білеміз. 
Қалыпты тыныс алу жағдайында бір тәулік ішінде адам өкпесі арқылы қанша 
оттегін өткізеді?  
Тапсырма. «Астың ауыз қуысында қорытылуы».  
Зертханалық жұмыс «Сілекейдің крахмалға әсері».  
Жұмыстың басында эксперименттің мақсатын анықтап алу қажет.  
Мақсаты:  сілекей  ферменттерінің  крахмалды  ыдыратындығын  дәлелдеу 
және болжам жасау.  
Жұмысқа  қажетті  құралдармен  танысу:  картоп  крахмалымен 
крахмалданған сулық (қолорамал, кішкентай сүлгі), сіреңке, мақта немесе мақта 
таяқшалар, йодталған су, химиялық стақандар немесе Петри табақшасы.  
Жұмысты  ұйымдастыру  барысында  экспериментті  «егер  болса,  онда  ...  » 
логикалық құрылымын қолдану арқылы жоспарлаймыз.  
«Егер  сілекейдің  ферменттері  крахмалды  ыдырататын  болса,  онда  біз 
сілекейдің әсерінен кейін йодталған су пайдаланылған реакция арқылы крахмал 
таба  алмаймыз.  Яғни  крахмалданған  орамалды  сілекеймен  өңдегеннен  кейін 
оны йод  ерітіндісіне  салатын болсақ,  орамал  көкшіл  түске  айналуы  тиіс.  Осы 
жерде крахмалды су емес, сілекейдің ыдырататынын қалай дәлелдеуге болады? 
Оқушылар сілекейдің орнына суды қолдану арқылы эксперимент өткізеді.  
Эксперимент:  крахмалданған  екі  орамалдың  біреуіне  сілекей  жағу, 
екіншісіне су тигізу. Егер біздің жорамалымыз дұрыс болса орамалда ақ түсті 
сурет пайда болады.  
Тапсырма. «Асқазанда астың қорытылуы».  
«Асқазан сөлінің ақуызға әсері» зертханалық жұмыс нұсқаулығы:  
1) 
Шыны түтікке 3-4 мл асқазан сөлін (тұз қышқылын) құйыңдар.  
2) 
Ақуыз үлпектерін қосыңдар.  
3)  38-39
о 
температурадағы сулы моншада жарты сағат ұстаңдар.  
4) 
Қорытынды  жазыңдар:  негіз  ретінде  «егер  асқазанда  ақуыздардың 
аминқышқылына  дейін  ыдырауы  болатын  болса,  онда  асқазан  сөлі 
ферменттерінің әрекеті жағдайын анықтау қажет» болжамын алуға болады.  
Тапсырма. Кәдімгі қарағайды кәдеге жарату.  
Тапсырманың  мақсаты:  кәдімгі  қарағайды  іске  жаратудың  жолдарын 
анықтау  және  сол  тәсілдердің  қоршаған  әлеуметтік  ортаға  таралуына  жағдай 
жасау.  
Зерттеу  барысында  ғылыми-ізденушілік,  математикалық,  салыстырмалы 
талдау жасау, сауалнама жүргізу тәсілдерін қолдануға болады.  
Тапсырма түрлері:  
1) 
Жаңа жыл мерекесін шыршамен қарсы алу дәстүрі қайда және қашан 
пайда болды?  
2) 
Қылқан жапырақты ағаштарды кәдеге жарату тәжірибесі (Қазақстанда, 
Ресейде және басқа елдерде).  
3) 
Кәдімгі қарағайдың биологиялық ерекшеліктері.  
29 


4) 
Кәдімгі қарағайдың пайдасы (алынатын өнімдер, дәрумендер т.б.).  
5) 
Кәдімгі қарағайдың медицинада қолданылуы.  
6) 
Жаңа  жыл  мерекесіне  қолданылған  шыршаларды  кәдеге  жарату 
жолдары.  
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар көптеген әдебиеттерді, ақпарат 
дереккөздерін оқулары тиіс. Қорытынды нәтижеге презентация әзірлейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет