Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
«Биология»  пәнін  оқу  үдерісінде  зертханалық  және  практикалық 
жұмыстардың  келесі  түрлерін  жүргізу  барысында  жобалық  тапсырмалар 
26 


орындалады:  
– 
биологиялық нысандарды микроскоптың көмегімен зерттеу;  
– 
тірі табиғат денелерінің құрамын зерттеу;  
– 
ағза құрылысын зерттеу;  
– 
тірі нысандарға бақылау жүргізу;  
– 
ағзаның іс-әрекет процесін бақылау және т.б.  
Биология пәні бойынша төменде берілген зертханалық жұмыстарды жұпта 
ұйымдастыруға  болады.  Оқушылар  мұғалім  әзірлеген  нұсқаулықтар  бойынша 
жұмыс  істейді.  Нұсқаулықта  топ  мүшелерінің  (нұсқаулық  екі  қатарға  бөлінуі 
мүмкін,  бірінші  қатарда  сыналатын  оқушының,  екінші  қатарда  зерттеу 
жүргізетін  оқушының)  атқаратын  қызметі  көрсетіледі.  Жұмыстың  орындалу 
барысында олар кестенің өздеріне қатысты жағын толтырып отырады. Берілген 
сұрақтарға  жауап  беру  үшін  оқушылар  оқулық  материалын,  қосымша 
дереккөздерді  оқулары  тиіс  немесе  сабақ  барысында  зерделеулеріне  болады. 
Сабақтың соңында істелген жұмысқа қорытынды жасау қажет.  
Тапсырма. «Ұлпалар және ағзалар».  
Зертханалық жұмыс «Ұлпалардың микроскоптық құрылысын зерделеу».  
Нұсқаулық:  
1. 
Сәулелі  микроскоптың  көмегімен  әртүрлі  ұлпалар  тобының 
жасушаларын (эпителиалды жасуша және бұлшықет жасушасы) қараңдар.  
2. 
Жасушалар  құрылымының  ерекшеліктерін,  олардың  қосылуын  және 
жасуша аралық заттардың сипатын анықтаңдар.  
3. 
Есеп беру формасы:  
А) Әртүрлі ұлпалар тобына жататын жасушалардың суретін салу.  
Б) Сәулелі микроскопта көрінетін органоидтарды белгілеу.  
В) Келесі жоспар бойынша адам организміндегі ұлпаларды сипаттау: ұлпа, 
жасушаларының құрылымы және қосылуының ерекшеліктері.  
Г)  Ұлпа  құрылымының  ерекшеліктері  орындайтын  қызметтерімен  қалай 
байланысатыны туралы қорытынды жасау.  
Тапсырма. «Мидың құрылымы және атқаратын қызметі».  
Зертханалық жұмыс «Мидың әртүрлі бөліктерінің туа біткен рефлекстерін, 
анықтау».  
Сабақтың  басында  проблемалық  сұрақ  қоюға  болады.  Мысалы,  адамның 
миы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ақылды болады деп айтуға бола ма? Бұл 
сұраққа жауап беру үшін, келесі танымдық тапсырмаларды беруге болады:  
– 
Орыс  жазушысы  И.С.Тургеневтің  миының  салмағы  –  2012  грамм, 
француз жазушысы әрі әдеби сыншысы Анатолий Францтың миының салмағы 
– 
1017  грамм,  ал  француз  микробиологы  және  химигі  Луи  Пастер  ауырып, 
қайтыс болғаннан кейін жасалған сараптама, оның алдыңғы миының жартысы 
мүлдем  істемегендігін  көрсеткен.  Өз  ойыңды  айт  және  дәлелде.  Мысалдарға 
ұқсас деректер жинаңдар.  
– 
Аңдардың ішінде пілдің миы ең үлкені, алайда ол ең «ақылды» жануар 
болып саналмайды. Себебі жалпы салмақ пен мидың салмағының арасындағы 
арақатынас  айырмашылығы  маңызды  көрсеткіш.  Пілдің  ақылдылық  деңгейі 
төмен,  дельфиннің  ақылдылығы  жоғары.  Мынадай  суретті  елестетіңдер:  адам 
27 


балық  ұстап  тұр,  дельфин балықты  алу  үшін  секіреді,  ал  адам балықты  алуға 
секірмейді.  Неліктен?  Өз  ойыңды  айт  және  дәлелде.  Оқушылар  жауап  адам 
миының  құрылымында  жатқандығы  туралы  қорытындыға  келулері  тиіс  және 
мидың әртүрлі бөліктерінің қызметін білулері қажет.  
Тапсырма. «Қан және оның құрамы. Қанның жасушалық элементтері».  
Зертханалық жұмыс «Қанның микроскоптық құрылымын зерделеу».  
Аталған  зертханалық  жұмысты  үш  нұсқада  орындауға  болады: 
иллюстративтік,  ішінара-іздеушілік  және  зерттеушілік.  Мұғалім  үш  түрлі 
нұсқаулық  текшекарталар  әзірлейді,  оқушылар  тапсырманы  өз  қалаулары 
бойынша таңдауларына болады.  
1) 
Иллюстративтік (көрнекілік) зертхана жұмысының нұсқаулығы:  

адам  және  құрбақа  қанының  микропрепараттарын  қараңдар.  Адамның 
қаны  құрбақаның  қанына  қарағанда  уақыт  бірлігінде  оттегі  көлемін  көп 
өткізетіндігіне дәлел табыңдар;  

адам 
және 
құрбақа 
қанының 
құрамындағы 
эритроцидтерді 
салыстырыңдар. Қандай белгілер арқылы эритроцидтер бетінің ұлғаюы туралы 
айтуға  болады?  Қандай  белгілер  арқылы  эритроцидтердегі  гемоглобиннің 
салыстырмалы мөлшерінің ұлғаюы туралы айтуға болады?  
-  
қорытынды жазыңдар.  
Адамның  қаны  құрбақаның  қанына  қарағанда  уақыт  бірлігінде  оттегі 
көлемін көп өткізеді, себебі:  
а) эритроцидтер бетінің ұлғаюы салдарынан ...  
б) гемоглобиннің салыстырмалы мөлшерінің ұлғаюы салдарынан ...  
2) Ішінара-іздеушілік зертханалық жұмыстың нұсқаулығы:  

адам және құрбақа қанының микропрепараттарын қараңдар;  

адамның  және  құрбақаның  эритроцидтерін  салыстырыңдар,  салыстыру 
барысында  эритроцидтердің  көлеміне,  өзегінің  (ядроның)  болуы  немесе 
болмауына көңіл аударыңдар;  
-  
қорытынды жазыңдар: қайсысының қаны уақыт бірлігінде оттегі көлемін 
көп өткізеді және неліктен?  
3) 
Зерттеушілік зертханалық жұмыстың нұсқаулығы:  

адам  және  құрбақа  қанының  микроскоптық  құрылымын  зерттеңдер, 
олардың эритроцидтерін салыстырыңдар;  

қайсысының  қаны  уақыт  бірлігінде  оттегі  көлемін  көп  өткізетінін 
дәлелдейтін деректерді табыңдар және қорытынды жасаңдар;  

қорытынды  жасаңдар:  «оттегін  өткізу  ...  байланысты»  деген  болжамға 
сүйенуге болады (себептерді табу қажет болады).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет