Естественнонаучного цикла методическое пособие


 Жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет8/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар  
 
Мектеп  оқушылары  жобалық  әдісті,  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  қолданумен  өткізілген  сабақтарды  қызығушылықпен, 
жаңалық  күтумен  қарсы  алады.  Педагогикалық  практикаға  жобалық  іс-әрекет 
әдісін  енгізу  барысында  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  көңіл  аудара  отырып, 
келесідей мақсаттарды көздеу қажет:  
•  
оқу үдерісін белсендендіру;  
•  
оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру;  
•  
көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;  
•  
жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға бағыттау;  
•  
дарынды оқушыларды анықтау;  
•  
мектептің ғылыми және әдістемелік жұмысының деңгейін жоғарылату.  
 
Мұғалім  аталған  мақсаттарға  қол  жеткізу,  оны  шешу  шығармашылықты 
және  заманауи  әдістер  мен  технологияларды  қолдану  арқылы  ғана  қол 
жеткізуге  болатынын  ұмытпауы  тиіс.  Сол  тәсілдердің  бірі  жобалық 
тапсырмалар,  олардың  оқушылардың  бойында  келесідей  маңызды 
құзыреттіліктерді дамыту мүмкіндігі бар:  
•  
жалпы ғылыми;  
•  
ақпараттық;  
•  
танымдық;  
•  
коммуникативтік;  
•  
бағалы-мағыналық;  
•  
әлеуметтік.  
 
Оқушылардың  құзыреттіліктерін  дамытумен  қатар,  сабақты  қандай 
формада  өтсе  де,  сабақ  оқушылардың  денсаулығын  сақтау  бағытын  ұстануы 
қажет.  Денсаулық  сақтау  сабағы  әр  оқушының  тұлғалық  және  жеке 
ерекшеліктерін  ескерумен  жоспарлануы  тиіс.  Мұғалім  нерв  жүйесінің  түрін, 
ақпаратты  қабылдау  мүмкіндіктерін  есепке  алуға  міндетті.  Кез  келген  пәннен 
сабақты  жоспарлаудың  кешенді  тәсілі  ғана  мектеп  оқушыларының 
денсаулығын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.  
Жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  жобалық  тапсырмалар  жеке 
пәндік тақырыпта да, бірнеше пәнді қамтитын кіріктірілген болуы да мүмкін.  
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің бірі география – өзінің құрылымында: 
этнография,  биология,  экология,  тарих,  медицина,  экономика,  саясат, 
астрономия сияқты көптеген ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысып жатқан 
көпқырлы  ғылым.  Сондықтан  да  «География»  пәні  бойынша  жобалық 
тапсырмалар таңдау ауқымы өте кең болып табылады. Пән бойынша жобалық 
жұмыстардың  түрлерін  адам  қызметінің  саласына  байланысты  бөлуге  болады 
(6-
кесте).  
 
 
15 


6-
кесте  –  Адам  қызметінің  саласына  байланысты  «География»  пәні  бойынша 
жобалық жұмыстардың түрлері  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет