Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Адам қызметінің 
саласы  
География пәні бойынша 
жобалық жұмыстар  
Жоба атауларының үлгілері  
Ғылыми-
танымдық 
Географиялық 
проблемаларды 
зерделеу, 
географияның 
тарихи-
мәдени, 
әлеуметтік, 
экологиялық аспектілері 
• 
Аймақтың 
экологиялық 
проблемалары. 
• 
Аймақта  өмір  сүретін  ұлттардың 
салт-дәстүрлері. 
• 
Аймақ  көлемінде  көліктің  даму 
тарихы. 
• 
Аймақтың әлеуметтік жағдайы. 
• 
Қазақстанның  қай  аймағында  өмір 
сүргің келер еді? 
Коммуникативтік  Компьютердің 
көмегімен 
ақпарат 
беру, 
байланыс 
жасау 
проблемаларын 
шешуге 
бағытталған 
оқушылардың 
коммуникативтік 
қажеттіліктерін 
қамтиды 
және  өзін-өзі  танытуына 
жағдай  жасайтын  тұлғалық-
коммуникативтік  біліктерін 
дамыту 
• 
Қазақстанда 
болуы 
мүмкін 
мегалополистерді жобалау. 
• 
Елді 
мекендер 
арасын 
жалғастыратын 
көліктік 
магистральдарды жобалау. 
• 
«Болашақтың қаласы» жобасы. 
• 
География 
сабақтарында 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  қолдану 
арқылы 
презентация әзірлеу 
Тәжірибелік-
қайтақұрушылық 
Картографиялық  модельдер, 
графикалық  сызбанұсқалар 
құрастыру, 
бақылаулар, 
жергілікті 
жерде 
эксперименттік 
өлшеу 
жұмыстарын жүргізу 
• 
Жергілікті  жерде  көз  мөлшерімен 
кескіндеу. 
• 
Полярлық кескіндеу. 
• 
Төбенің  биіктігін  өлшеу  және 
жергілікті  жердің  горизонтальдарын 
құрастыру (төбенің). 
• 
Жергілікті  жердің  планы  (мектеп 
орналасқан жердің). 
• 
Табиғат кешендері – адамның өмір 
сүру көзі 
Құндылықты-
бағдарлы 
Өркениетті, өмірді сақтаумен 
байланысты 
рухани-
адамгершілік, 
адамзаттың 
маңызды 
құндылықтары 
мәселелерін 
қамтитын 
жобалар жасау 
• 
Жер – біздің ортақ үйіміз. 
• 
Табиғат және біз. 
• 
Ғаламдық 
экологиялық 
проблемаларды 
зерделеудің 
адамгершілік аспектілері. 
• 
Дүниежүзіндегі  және  еліміздегі 
мәдени мұра ескерткіштері. 
Көркемөнер-
эстетикалық  
География 
мәселелерін 
қамтитын  табиғи,  қоғамдық, 
тарихи 
және 
мәдени 
үдерістер  мен  құбылыстарды 
оқу  барысында  туындайтын 
пікірлерді, 
қызығушы-
лықтарды, 
сезімдерді, 
табиғаттың  ерекшеліктерін 
ашатын жобалар жасау  
• 
Туристтік  жобалар:  «Менің  кіші 
Отаным», «Менің туған өлкем», «Туған 
өлке табиғатының алуантүрлілігі» т.б. 
• 
Экскурсиялық  жобалар:  «Еуропа 
және  Азия  елдерінің  астаналарына 
саяхат».  «Туған  өлкенің  ғажайып 
жерлерін 
сипаттауға 
арналған 
саяхаттар».  «Қазақстан  жерін зерттеген 
саяхатшылардың жолымен» және т.б.  
16 


Тапсырма.  
Ғылыми-танымдық  сала  бойынша  «География»  пәні  сабағында 
«Қазақстанның  табиғат  зоналары»  тақырыбында  жобалық  тапсырмаларды 
қолдану.  
Сабақтың міндеттері:  
1. 
Әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен өз беттерінше білім алу.  
2. 
Шағын  топтарда  жұмыс  істеу  (ақпарат  іздеушілер,  суретшілер, 
бағдарлама  құрушылар,  бейнелеушілер  т.б.)  оқытудың  тұлғаға  бағытталған 
және коммуникативтік дағдыларды қалыптастырушы тәсілдерін қолдану.  
3. 
Мектептің  бастауыш  сыныптарында  «Дүниетану»  пәні  және  6,  7-
сыныптарда  «География»  пәні  сабақтарында  қолдануға  болатын  «Табиғат 
зоналары» слайд-жобасын әзірлеу.  
Типтік  оқу  бағдарламада  «Қазақстанның  табиғат  зоналары»  тақырыбын 
оқуға  5  сағат  бөлінген.  Өте  қызықты  тақырып,  аталған  тақырып  бойынша  әр 
түрлі ақпарат көздерінде материал көп, алайда берілген уақытта толық зерделеп 
шығу  мүмкін  емес.  Осы  жағдайда  жобалық  іс-әрекет  арқылы  аталған 
тақырыпты толық және қызықты формада оқып шығуға мүмкіндік бар.  
Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері:  
1. 
Уәждемелік  –  оқушылардың  көңілін  қызықты  жұмысқа  бағыттау, 
мұғалім  оқушыларға  жоба  тапсырмасының  мақсатын  және  оның  аяқталу 
нәтижесін нақты түсіндіруі тиіс.  
2. 
Жобалық тапсырманың орындалуын жоспарлау.  
3. 
Жұмыс топтарын құру.  
–  
сыныпты топтарға бөлу, топ мүшелерінің атқаратын қызметін белгілеу;  
– 
тапсырманы орындауға қажетті дидактикалық материалдарды (қосымша 
әдебиеттер, альбомдар, карталар т.б.) және техникалық құралдарды дайындау.  
4. 
Жобалық тапсырманы орындау (зерттеушілік іс-әрекет):  
– 
ақпарат іздеу;  
– 
алынған ақпаратты өңдеу;  
– 
жинақталған ақпаратты топ мүшелеріне ұсыну, талқылау;  
– 
іріктелген ақпаратты жүйеге келтіру;  
– 
жобаның слайдтарын әзірлеу;  
– 
жобаны қорғау;  
– 
жоба  тапсырмалары  мақсатының  орындалу  дәрежесін  талқылау 
(пікірталас).  
5. 
Аталған  тақырып  бойынша  жобалық  тапсырмалар  келесідей  болып 
бөлінуі мүмкін, мысалы:  
– 
табиғат зоналарының географиялық орны мен шекаралары;  
– 
Қазақстан  флорасы  мен  фаунасының  геологиялық  кезеңде  қалыптасу 
тарихы;  
– 
орманды дала зонасы;  
– 
дала зонасы;  
– 
шөлейт зонасы;  
– 
шөл зонасы;  
– 
табиғат зоналарының климаты;  
17 


– 
зоналардағы экологиялық проблемалар;  
– 
адамдардың іс-әрекеті және т.б.  
Әр  топ  өзіне  берілген  тақырып  бойынша  жұмыс  істеу  барысында 
оқулықтан,  қосымша  әдебиеттен,  интернеттен,  басқа  да  ақпарат  көздерінен 
деректер  жинастырады,  жинақталған  деректерді  жүйелейді,  компьютерде 
слайдтар (компьютер болмаған жағдайда реферат, баяндама, альбом) жасайды. 
Сыныпқа өз жұмыстарының нәтижесін көрсетеді, баяндайды.  
Әр топ өзіне-өзі, басқа топтарға істелген жұмыс бойынша баға береді.  
Төменде  берілген  жобалық  тапсырмалар  көлемі  және  күрделілік 
дәрежесіне  қарай  бір-бірінен  өзгешеленеді,  сонымен  қатар  география 
сабақтарының барысында және сабақтан тыс уақытта да орындалуы мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет