Эстетикалық тәрбиенің мақсаты


Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі129,77 Kb.
#16831
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация 7 (5)

Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:

Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.

Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады

География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын дамытады.

Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.

Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.

Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.

Музыка, бейнелеу өнері сабақтары

Музыка сабақтары

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнінің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқу-шылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет