Оқушылар:
- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;
- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
Пәнге тән лексика мен терминология:
- қысқаша көбейту формулары;
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;
- екі өрнектің қосындысының квадраты;
- екі өрнектің айырмасының квадраты;
- екі еселенген көбейтінді;
- үш еселенген көбейтінді;
- екі өрнектің қосындысының кубы;
- екі өрнектің айырмасының кубы;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы;
- екі өрнектің кубтарының айырмасы;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;
- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;
|