Естің түрлері. Қимыл- қозғалыс есі дегеніміз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл- қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең- сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл- күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітііркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс- әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл есттің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі- көрнекілік есзаттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады.Осыған орай бейнелі- көрнекелік ес- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшесту есі мен көру есінің маңызы зор болса,ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік- мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік- мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажнт кезінде бір сөз, не олардың мәнін еске сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік- мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән- жайын есте сақтау логикалық- мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу- механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік- мағыналлық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарынесте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс- әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат- мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.