Сабақ тақырыбы: Балалардың музыкалық іс-әрекеттерінің мазмұны, түрлері және нысандары Сабақ мақсаты



Дата11.12.2022
өлшемі50 Kb.
#56528
түріСабақ
Байланысты:
3 Балалардың музыкалық іс-әрекеттерінің мазмұны, түрлері және нысандары


Сабақ

Оқытушының Т.А.Ә:

Оқытушының e-mail: aidana.kos@mail.ru

Сагумбаева Айдана Сатжановна

Whatsapp: 8 777 246 53 67

Күні: 11.12.2020

Пән: Музыка тәрбиесінің теорисы мен әдістемесі

Топ: Т-41

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Балалардың музыкалық іс-әрекеттерінің мазмұны, түрлері және нысандары

Сабақ мақсаты:

Студенттерді мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық іс-әрекеттерінің мазмұны, түрлері және нысандарымен таныстыру


Сабақтың нұсқаулық картасы

Жұмыс барысы

Нұсқаулар

Ұйымдастыру кезеңі

1. Теориялық материалмен танысу.
2. Практикалық бөлімді орындау.

  1. 3. Платонус платформасына жіберу.

Теориялық бөлім



Салеметсіздерме жақсыларым! Көңіл күйлерін қалай? Бүгінгі тапсырма, өткен топтың тапсырмасымен бірдей деседе болады. Конспектіні қысқартамыз, 2 тапсырмада жас ерекшеліктері өзгерген
Бүгінгі тақырыбымыз:
Балалардың музыкалық іс-әрекеттерінің мазмұны, түрлері және нысандары
Бүгін жоспардың 3-ші сұрағын қарастырамыз жақсыларым.
Жоспар:

3.Музыка оқу қызметін ұйымдастырудағы музыка жетекшісі мен тәрбиешінің ролі


3. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгілерді жалпы және музыкалық – эстетикалық жағынан жетілдіру ісін арнаулы білімі бар, педагогикалық процестің теориясы мен әдістемесін жақсы меңгерген музыка жетекшісі немесе музыкалық даярлығынан өткен тәрбиеші жүргізеді.


Педагогтардың (музыкашы мен тәрбиешінің) жұмысы күрделі, сондықтан ол толық меңгеріліп, бір бірімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Музыка жетекшісі мен жеке тәрбиешенің қызметін осы тұрғысынан қарастырайық.
Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері.Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің жалпы ісінемузыка жетекшісі жауап береді. Ол мына істерді атқарады:
1. Жұмыс кестесіне сай бүлдіршіндердің әр тобымен аптасына екі рет сабақ өткізеді. Бұл алдын ала үлкен әзірлікті, балалардың сауатты және әсерлі орындауы үшін музыкалық материальды іріктеп алып, үйретуді керек етеді. Бағдарламалық дағдыларды белгілеп, оның меңгерілуін қадағалайды көрнекі материалдық, құралдарды уақытылы әзірлейді, грамжазбаға жазылған шығармаларды тыңдайды. Шағын топтармен немесе жеке балалармен егер кажет болса жеке-жеке сабақтар өткізеді.Мерекелік сценарийлердің, ойын –сауық бағдарламаларының жасалуына, олардың әзірленуіне, өткізілуіне жауап береді.
2. Жеке кеңестер беру және бірлескен сабақтар өткізу арқылы тәрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына басшылық етеді.
3. Кеңестер кезінде музыка жетекшісі тәрбиешіні жұмыс жоспарымен таныстырады, балаларға арналған шығармаларды үйретеді, әр баламеңгеруге тиісті шеберлік пен дағдыларға назар аударып, өткізілген сабақты талдайды, таңертеңгі жаттығуда, басқа сабақтарда, сейіл кезінде ойналатын күйтабақтарды іріктеп алады және т.б істер атқарады.Бірлескен сабақтарда музыка жетекшісі тәрбиешілердің ән айту мен қимыл саласындағы дағдыларын дамылсыз жетілдіре отырып, оларды жүйелі түрде оқытумен болады. Мерекелер мен ойын – сауықтарды жеке және ұжым болып орындауға арналған шығармаларды бірге үйренеді.
1. Мезгілімен үзбей педагогикалық кездесулер өткізіп тұрады, әдістемелік мәселелер шешіледі, мерекелік ертеңгіліктер мен ойын сауықтардың бағдарламасы талқыланады. Оқу процесін жетілдіру мақсатындағы қосымша міндеттер белгіленеді.
Мұндайда әр баланыңқа-білеті ескеріледі: бірінің жақсы дау-сы Балаға музыкалық тәрбие берудің жұмыс барысына ата – аналарды қатыстыра отырып, олармен жұмыс жүргізеді. Жеке әңгімеде, кеңес беру кезінде, жиналыстарда музыка жетекшісі ата-аналарға балалармен отырып, қандай радио және телевизия хабарларын тыңдауға болатыны жанұяда қандай ән репертуарын пайдалану қажеттігі жайлы ақыл- кеңестер береді.
Тәрбиешінің қызметтері мен міндеттері.Тәрбиеші балаларды музыкаға баулауда көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алады: балалардың музыка сабақтарындағы оқу процесіне белсене қатысады.Мәселен, кіші топтарда тәрбиеші балалармен қосылып ән айтады(дауысын балалардан асырмай).Орта және ересек топтардың ән үйренулеріне көмектеседі әрі музыка жетекшісімен бірге отырып, үйреніп болған шығарманың орындалуына баға береді.Сондай ақ ол фортепианоның сүймелдеуімен жаңа әнді айтып бере алады.
Кіші топтағы балаларға музыкалық –ырғақ қимылдарды үйрету кезінде тәрбиеші бөбектердің белсенділігін көтере отырып, қозғалыстың барлық түріне қатысады. Ал, егер материал күрделі болмаса, балалар тапсырманы ересек адамның көрсетуінсіз-ақ орындай алады.
Тәрбиешінің орта, ересек және даярлық топтарымен жұмыс кезіндегі рөлі өзгеше: ол қандай да бір қимылды көрсетуде, сап түзеуде, биде, ойында т.б әрекеттерде қажетіне қарай жеке ақыл-кеңес береді, қимылға қатысады.
Балалардың дербес музыка қызметіне бағыт сілтейді, музыка жетекшісімен бірге игерілген материалды пайдалана отырып, музыканы ойындарға, серуендерге, жұмыс барысында енгізеді. Жаттығу, бейнелеу қызметі, сөйлей білуді жетілдіру және төңірекке деген көз қарасты кеңейту оқу – қызметінде пайдалана отырып, музыка материалдарын іріктеуге қатысады.

Практикалық бөлім

Тапсырма 1: Конспектіні қысқы да тиянақты қысқарту, ворд документінде жасауға болады
Тапсырма 2: Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар репертуары. 4-6 жастағы балаларға арналған әндерді талдап, әндерден портфолио жасау.
Әндерден тізім жасау
15 ән, нақты қысқартылған конспект - бағасы«5»
12 ән, тиянақты қысқартылған конспект - - бағасы «4»
9 ән, конспекті нақты қысқартылмаған - бағасы «3»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет