Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Математика»



Pdf көрінісі
Дата12.02.2017
өлшемі297,91 Kb.
#3924

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 120-қосымша  



 

 

 

 

Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 



 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі 

орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 

әзірленген.  

2.  Бастауыш  сыныптардағы  (0-4-сыныптар)  математика  пәні  естімейтін 

балалардың  даму  заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып 

құрастырылған.  Пәннің  негізінде  1-ден  10  000-ға  дейінгі  натурал  сандар  және 

нөл,  бүтін  сандармен  төрт  арифметикалық  амалдарды  орындау,  ауызша  және 

жазбаша есеп шығару тәсілдерін меңгеру қарастырылған.  

3.  Оқыту  мақсаты  –  естімейтін  балалардың  математика  пәнін  жүйелі 

меңгеру  барысында  олардың  сөздік-логикалық  ойлауын  дамыту  және 

кемістіктерін түзетуге негіз жасау. 

4. Математикаға оқытудың міндеттері: 

1) натурал сандару туралы түсініктерін қалыптсатыру; 

2)  10  000-ға  дейінгі  бүтін  сандармен  ауызша  және  жазбаша 

арифметикалық есептерді шығара білу дағдысын қалыптастыру; 

3)  математикалық  деректерді  талдау,  салыстыру,  жалпылау  дағдыларын 

дамыту; 

4)  математикадан  алған  білімдерін  тәжірибеде  (тұрмыста)  қолдану 

дағдысын қалыптастыру; 

5)  оқуға  деген  ынтасын,  математикаға  деген  оң  көзқарасы  мен 

қызығушылығын,  танымдық  қызығушылығын,  өздігінен  жұмыс  атқару 

дағдысын қалыптастыру; 

6)  баланың  тұлғалық  қасиеттерін,  яғни  жауапкершілік,  белсенділік, 

мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу. 

5.  «Математика»  пәні  бойынша  дайындық-4-сыныптардағы  оқу 

жүктемесінің көлемі:  

1) дайындық сыныбында: аптасына 4 сағат, барлығы 132 сағат;  

2) 1-сыныпта: аптасына 4 сағат, барлығы 132 сағат; 

3) 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат; 

4) 3-сыныпта: аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат; 

5) 4-сыныпта: аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат. 


6. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс: 

1)  заттық-тәжірибелік  оқытумен:  түрлі  геометриялық  фигуралармен 

танысу. Түрлі бұйымдар жасауы үшін өлшем бірліктерін пайдаланады; 

2)  қоршаған  ортамен  таныстыру  пәнімен:  математикалық  мазмұны  бар 

тапсырмаларды  орындау  барысында  қоршаған  ортадағы  құбылыстар  туралы 

білімдерін қолдану;  

3) еңбекке баулу пәнімен: математикадан жазбаша жұмыстарды орындау 

кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;  

4)  бейнелеу  өнері  пәнімен:  қағаз  бетінде  бейнелеу  біліктігін  қолдану, 

қағаз  бетінде  (жазықтықта)  және  кеңістікте  заттардың  орналасуын  қабылдай 

білу біліктігін қолдану;  

5)  бейімделген  дене  шынықтыру  пәнімен:  кеңістікте  бейімделу  (солға, 

оңға  және  т.б  сөздердің  мағынасын  түсіну)  біліктігін  қолдану  арқылы 

жүргізіледі. 

7.  Математика  сабағында  естімейтін  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін 

түзету  жұмысы  қоса  атқырылып  отырады,  балалардың  айта  алатын 

дыбыстарымен  сөздерінің  дұрыс  айтылуын  қадағалап  отыру  қажет.  Өзін  өзі 

қадағалап  отыруын  қамтамасыз  етіп  отыру  керек.  Математика  сабағында  оқу 

материалын  қабылдаудың  негізгі  тәсілі  көріп  есту  арқылы  қабылдау  болып 

табылады. 



 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

8. 1 тоқсан (36 сағат). 

9.  Заттарды  санына  қарай  салыстыру:  көп,  аз,  көбірек,  азырақ  ,  бірдей, 

қанша? Қанша болса, сонша, артық, кем, қаншасы артық? Қаншасы кем?. 

10. 1-ден - 5 дейінгі сандар: 

 

1) 1 ден 5-ке дейінгі сандардың атауы, реті және белгілеуі; 



2) сандарды салыстыру; 

3) сандардың құрамы 2, 3, 4, 5. Сандарды салыстыру (артық, кем). 

11. Уақыт бірліктері: кеше-бүгін. 

12. Сөздік: Көп, аз, көбірек, азырақ , бірдей, қанша? Қанша болса, сонша, 

артық, кем, қаншасы артық? Қаншасы кем? 2, 3, 4, 5. 

13. 2 тоқсан (28 сағат). 

14. 1-ден -5 дейінгі сандар (жалғасы): 

1)  сандарды  ретімен  атау.  Сандарды  салыстыру.  Ретімен  санау.  2-ден  -5-

ке дейінгі сандар құрамы; 

2) 5-ке дейінгі сандарды косу, азайту:  

+  (қосу)  және  —  (азайту)  таңбалары.  Санды  санағанда  оның  тікелей 

алдында келетін санға бірді косу арқылы, тікелей кейін келетін келесі саннан 1-

ді азайту арқылы шығару; 

қосу. «+» белгісі. 2 + 1 түріндегі жазудың оқылуы:«екі қосу бір», «екіге 1-

ді қосу», «екіні бірге арттыру», «екі мен бірдің қосындысы»; 

азайту. «–» белгісі. 2 – 1 түріндегі жазудың оқылуы: «екі алу бір», «екіден 

1-ді азайту», «екіні бірге кеміту», «екі мен бірдің айырымы»; Өрнектерді жазу. 


15. Есепті шығару: бір амалдан тұратын екі қосылғыштың косындысына 

есеп шығару. 

16. Сөздік: тең, тең емес, ертең, өрнек, алты, қанша болды ? Екі қосу үш 

тең,  болады  бес.  Бес  азайту  үш,  тең  болады  екі.  Бірден,  екі-екіден,  үш-үштен 

сана. Өрнекті шығар. Төрт қосу бір тең болады бес. 

17. 3 тоқсан (36 сағат). 

18. 1ден-10-ға дейінгі сандар:  

1)  1  ден-10-ға  дейінгі  сандарының  аталуы,  жазылуы  және  кұрамы.  10-ға 

дейін (бір-бірден, топтастырып) санау; 

2) сандарды салыстыру. 0 саны және оның белгіленуі; 

3)  1-ден  10-ға  дейінгі  сандардың  ретімен  аталуы.  Санды  санағанда  оның 

тікелей  алдында  келетін,  санға  1-ді  қосу  арқылы,  тікелей  кейін  келетін  келесі 

саннан 1-ді азайту арқылы шығару; 

4) сандарды салыстыру; 

5) 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту. 

19.  Есептеп  шығару  тәсілі:  қосуда  санды  оның  бөліктері  бойынша  косу; 

азайтуда санды оның бөліктері бойынша азайту және қосудың сәйкес жағдайы 

жайлы білім негізінде азайту. 

20. Уақыт бірліктері: апта аттары. 

21. Сөздік: жеті, сегіз,  тоғыз, он, дөңгелек, шаршы,  апта аттары. Сана 1-

ден .... Сана... дейін. 

22. 4 тоқсан (32 сағат). 

23. 1 ден-10-ға дейінгі сандар (жалғасы): 

1) 10-ға дейінгі сандарды қосу (бір таңбалы санға 1, 2, 3 сандарын қосу); 

2) 1-ден 9-ға дейінгі атау. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандар қатары. 

24. Заттар топтарын салыстыру: артық, кем, бірдей (көлемі бірдей). 

25. Уақыт бірліктері: кеше, бүгін, ертең; апта күндері; ай аттары. 

26.  Бір  амалды  есеп  қосылғыштардың  қосындысын  табуға  берілген;  бір 

амалды  есеп  берілген  (шешуі  өрнек  түрінде  беріледі,  сүрақ,  жауап 

жазылмайды). 

27. Геометриялық фигуралар: шаршы, дөңгелек, төртбұрыш. 

28. Қайталау. 

29.  Сөздік:  есеп,  сұрақ,  жауап,  бірдей.  Мен  есеп  (өрнекті)  шығардым 

(шығармадым). Қандай сұрак?  Қандай жауап?  Аптада неше күн  бар?  Аптада 7 

күн бар. 

 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

30. 1 тоқсан (36 сағат). 

31. 1-ден-10-дейінгі сандар (жалғасы): 

1)  1-ден  10-ға  дейінгі  сандар.  Сандардың  атауы,  реті,  белгілену  және 

жазылуы. Белгілері. « 

 » (аз), « 



 » (көп), « = » (тең); 

2)  0-саны:  0  саны.  0  санын  алу  және  белгілеу.  0-ден  10-ға  дейінгі 

сандарды жазу; 

3) 2-ден 10-ға дейінгі сандардың құрамы. Сандарды салыстыру; 


4)  1-10-ға  дейінгі  сандарды  қосу,  азайту:  қосу  мен  азайтудың  тәсілдері: 

сандарды бөліктері бойынша қосу және азайту; қосу мен азайтудың тәсілдері: 

 

± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту, сандық қатарды, санның 



құрамы туралы білімдерін қолдану; қосудың ауыстырымдылық қасиеті. 

32.  Есептеп  шығару  тәсілі:  қосуда  сандарды  бөлшектеп  қосу,  орнын 

ауыстырып қосу; азайтуда санды берілген саннан азайту  және  қосудың сәйкес 

жағдайы туралы білім негізінде азайту. 

33. 2 тоқсан (28 сағат). 

34. 11-ден 20-ға дейінгі сандар: 

1)  11-ден  20-ға  дейінгі  сандардың  ретімен  айтылуы.  Олардың  оқылуы 

және жазылуы. Сандарды салыстыру. Ретімен санау; 

2) 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту; 

3) 11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту; 

4)  біртаңбалы  сандарды  ондықтан  аттап  қосу.  Біртаңбалы  сандарды 

ондықтан аттамай қосу;  

5) 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттап қосу; 

6)  бір  амалдан  тұратын  косу  және  азайтумен  шығаралатын  есеп: 

қосындыны табуға берілген есеп. Қалдықты табуға берілген есеп.  

35. Сөздік: белгісіз сан, 20-ға дейінгі сандар, тең (тең емес). Сандар, үлкен 

кіші сандар, ондық, бірлік. Санда неше ондьщ бар? Санда неше бірлік бар? Бір 

амалдан тұратын екі қосылғыштың косындысына есеп шығару. 

36.  Бір  амалды  есеп  қалдықты  табуға  берілген  шешуі  өрнек  түрінде 

беріледі, сұрақ жауап жазылмайды) есепті шығару. 

37. 3 тоқсан (36 сағат). 

38.  1-ден  100-ге  дейінгі  сандар.  100-ге  дейінгі  сандарды  оқу,  жазу  және 

салыстыру;  екітаңбалы  сандарды  қосу  мен  азайтудың  ауызша  және  жазбаша 

тәсілдері. 

39. 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту: 

1) бірді екі таңбалы санға қосу және азайту 28+1, 45-1; 

2) толық ондықтарды қосу және азайту 50+20; 70-40; 

3) бірліктерді толық ондықтарға қосу 30+5; 3+20; 

4) 55-5; 65-5; түріндегі азайту; 

5)  екі  таңбалы  сандардан  біртаңбалы  сандарды  ондықтан  аттамай  қосу 

және азайту 52+4, 88-39; 

6)  екі  таңбалы  сандардан  тұратын  толық  ондықтарды  қосу  және  азайту: 

17+20, 35-10; 

7)  екі  таңбалы  сандарды  ондықтан  аттамай  қосу  және  азайту:  43+15;  67-

21; 

8)  қосу  және  азайтудағы  сандардың  атаулары.  Қосу  және  азайтудағы 



белгісіз компонентің аталуы. 

40.  Бір  амалдан  тұратын  есепті  қосумен  және  азайтумен  шығару: 

қосындыны  және  қалдықты  табуға  берілген  есеп.  Айырымдылық  салыстыруға 

берілген есептер. 

41.  Сөздік:  күн,  түн,  кешке,  ертеңгісін,  косу,  азайту.  Бірінші  (екінші) 

қосылғыш, қосынды, ... артық, ... кем. Сана: бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен.  



42. 4 тоқсан (32 сағат). 

43. 1-ден 100-ге дейінгі сандар ( жалғасы): 

1) 100-ге дейінгі сандарды ондықтан аттап қосу және азайту; 

2)  қосу  және  азайту  түрінде:  7+5:13-7;  29+7;  30-8-5,  44-8;  38+43,  60-15; 

41-12; 

3) қосу және азайтудағы сандардың атаулары;  



4) қосу және азайтудағы белгісіз компоненттің аталуы. 

44. 100-ге дейінгі есептер шығару: 

1) қосындыны табуға берілген есеп;  

2) айырымдылық салыстыруға берілген есептер. 

45. Ұзындық бірлігі – сантиметр, дециметр. 

46. Геометриялық материал: кесінді. 

47.  Сөздік:  21-ден  10-ге  дейін  атай  білу.  Санда  неше  ондық  бар?  Санда 

неше бірлік бар? Үшбұрыш, тікбұрыш. 

 

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

48. 1 тоқсан (36 сағат). 

49. 1-ден 100-ге дейінгі сандар жалғасы: 

1) 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту; 

2) 100-ге дейінгі сандармен есеп шығару;  

3) есептің қысқаша шартын жазу; 

4) азайту кезіндегі белгісіз компоненті табу;  

5) теңдеулерді шығару. 

50. Көбейту. көбейту, көбейткіштер. көбейтінді. көбейтіндінің мәні: 

1)  2,  3,  4,  5  сандарына  көбейтудің  кестелік  жағдайларының  негізінде 

біртаңбалы сандарды көбейту;  

2) көбейту бір-екі амал орындауға берілген есеп. 

51. Геометриялық материал:  

1) шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, кесінділерді өлшеу және сызу; 

2) ұзындық бірлігі – сантиметр, дециметр, метр. 

52. 2 тоқсан (28 сағат). 

53. 1-ден 100-ге дейінгі сандар ( жалғасы). 

54. Көбейту (жалғасы): 

1) 6, 7, 8, 9 сандардың көбейту кестесі;  

2) 0-1 сандарын көбейту; 

3)  барлық  арифметикальқ  амалдарды  пайдаланып,  2-3  амалдан  тұратын 

есептер шығару (жақшамен, жақшасыз);  

4) сандарды бірнеше есе арттыруға берілген есептер. 

55. Ұзындық бірлігі: сантиметр, дициметр, метр. 

56.  Уақыт  бірліктері:  сағат.  Сағат  бойынша  уақытты  анықтау.  Уақыт 

туралы ұғымдар: ай аттарын ретімен атау, әр айдағы күн санын білу. 

57. Берілген азайту түрлеріне өрнектерді шығару:  

1) 48-3, 48-30. 30-6; 

2) берілген қосу түрлеріне: 20 + 14; 36 + 12; 9 + 5; 49 + 4. 


58.  Дециметр  туралы  түсініктер:  кесіндінің  ұзындығын  дециметр  және 

сантиметрмен таба білу. 

59.  Геометриялық  материал:  көпбұрыштардың  қабырғаларын  ажырата 

білуі (шаршы, тікбүрыш, үшбүрыш). Оларды өлшеу. 

60.  Сөздік:  1  дециметр  10  сантиметрге  тең.  1  ай  тең  —  30  (31,  28,  29)1 

күнге.  Барлық  ай  аттары.  1  айда  неше  күн  бар?  Шаршының  кабырғалары 

(тікбұрыштың, үшбұрыштың). 

61. 3 тоқсан (40 сағат). 

62. 1-ден 100-ге дейінгі сандар ( жалғасы): 

1) берілген азайтудың түрлеріне өрнектерді шығару: 40 - 16; 37 - 15; 12 - 

3; 36-8;  

2) 100-ге дейінгі қосу және азайту сандарының жазылуы; 

3)  белгісіз  қосылғышты,  белгісіз  азайғышты  және  белгісіз  азайтқышты 

таба білу;  

4) 

бірдей 


қосылғыштардың 

қосындысын 

табу 

және 


бірдей 

қосылғыштардың қосындысының сәйкес жағдайларын табу. 

63. Бөлу: бөлінгіш. Бөлгіш. Бөлінді. Бөліндінің мәні; көбейту мен бөлудің 

байланысы. Көбейту мен бөлу  – өзара кері амалдар; 2, 3, 4 сандарына көбейту 

және бөлудің  кестелік жағдайларының  негізінде біртаңбалы сандарды көбейту 

мен бөлу амалдарын түсіну. 

64.  Есептерді  шығару:  мазмұнына  қарай  бөлу  амалына  есептер;  тең 

бөліктерге бөлу амалына есептер. Көбейту кезіндегі белгісіз компоненті табу. 

65. Ұзындық бірлігі: миллиметр, сантиметр, дициметр, метр. Метр туралы 

ұғым.  Метр  мен  сантиметрдің,  метр  мен  дециметрдің  арасындағы  өзара 

байланыс.  

66. Уақытты сағатпен ажырата білу. 

67.  Геометриялық  материал:  шаршы  мен  тікбүрыштың  қабырғаларын 

ажырата білуі ( шаршы, тікбүрыш). 

68. Сөздік: белгісіз қосылғыш (азайғыш, азайтқыш). Белгісіз қосылғышты 

(азайғышты,  азайтқышты)  табу.  Метр,  дециметр,  сағат  тілі  (үлкен  және  кіші), 

циферблат,  тік  (тік  емес)  бұрыш.  Тік  (тік  емес)  бұрышты  сыз.  Қазір  уақыт 

канша? Қазір... сағат.... екі рет алса, болады. 

69. 4 тоқсан (32 сағат). 

70. Көбейту және бөлу. 1-ден 100-ге дейінгі сандар ( жалғасы): 

1) бөлу. Амалдарды реттілігіне байланысты жақшамен, жақшасыз есептер 

шығару;  

2) көбейту және бөлу кезіндегі белгісіз компонентті табу. 

71. Жәй теңдіктерді шығару:  

1)  берілген  сандарды  бірнеше  рет  азайтуға  есеп  шығару  ;  көбейту  және 

бөлу амалдары бар теңдеулерді шығару;  

2) қысқаша есеп шартын құрастыру.  

72.  Көбейтуге  есептер.  Есеп  құрастыру.  Берілген  сандардың  және 

көбейтіндіде  және  бөліндіде  ізделінетін  сандардың  аталуы.  Көбейткіштердің 

орнын  ауыстыру  тәсілі  және  оны  есептеулерде  қолдану.  Бірдей 



қосылғыштардың  қосындысын  табу  және  бөлуге  есептер  (бөлшекке  бөлу), 

өтілген қосу, алу амалдарына есептер түрін шығару. 

73.  Ұзындық  бірлігі:  миллиметр,  сантиметр,  дициметр,  метр,  және 

олардың өзара байланысы. 

74.  Сөздік:  көбейту,  бөлу,  нүкте,  қос  нүкте,  бөлшек,  бірінші  көбейткіш, 

екінші көбейткіш, көбейтінді, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді.... көбейту,... болады,... 

бөлу...  болады.  Көбейтуге  (бөлуге)  есептер  (өрнектер).  Көп  санға  аз  санды 

көбейткен қолайлы. 

 

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

75. 1 тоқсан ( 45 сағат). 

76. 1-ден 100-ге дейінгі сандар ( жалғасы): 

1) 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту; 

2)  мазмұны  бойынша  бөлу.  Мазмұны  бойынша  бөлуге  бір  амалды  есеп 

шығару. Тең бөліктерге бөлуді корытындылау және мазмүны бойынша бөлу;  

3) белгісіз көбейткішті, бөлінгішті табу. Бір таңбалы сандарды (2, 3, 4, 5) 

көбейту жөне сәйкес жағдайда бөлу;  

4) екі амалмен арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі (жақшамен, 

жақшасыз).  Барлық  арифметикалық  амалдарды  пайдаланып,  жәй  есептер 

шығару. Екі амалдан тұратын, кұрама есеп шығару. 

77.  Миллиметр  туралы  түсінік:  сантиметрмен  миллиметрдің  өзара 

байланысы. 

78.  Уақыт  бірліктері:  өз  жасын  білу,  жолдасының  жасын  білу,  өткен 

жылды білу. 

79.  Сөздік:  көбейту  кестесі,  10  миллиметр  —  бұл  1  см.  Қай  амал  бірінші 

(екішні, үшінші) орындалады? Сенің жасың нешеде? Менің жасым... . Сен ңай 

жылы тудың? Мен екі мың.... Қазір қай жыл?  — Қазір екі мың... жыл. Есептің 

жоспары мен шешуі. Есепте неше сұрақ бар. 

80. 2 тоқсан (35 сағат). 

81. 1-ден 100-ге дейінгі сандар ( жалғасы): 

1)  толық  ондықтарды  біртаңбалы  сандарға  бөлу;  40:4,  60:2;  түрінде. 

Біртаңбалы сандарды (5, 6, 7, 8, 9) көбейту және сәйкес жағдайда бөлу; 

2)  біртаңбалы  санды  кестеден  тыс  бөлу;  қалдықпен  бөлу.  Әр  түрлі 

жағдайда салыстыру туралы түсінік. 

82. Өрнектерді шығару: 2-3 амалды өрнектерді жақшамен және жақшасыз 

шығару. 

83. Есептер шығару: бір амалмен есептер шығару. 

84.  Уақыт  бірліктері:  сағат,  минут  туралы  ұғым.  Сағаттағы  минут  саны. 

Сағатқа қарап 5 минутқа дейінгі дәлдікпен уақыты анықтау. 

85.  Геометриялық  материал:  бұрыштары  тік  және  тік  емес  бұрыштар, 

үшбұрыш. 

86.  Сөздік:  неше  есе  үлкен  (кіші)?  Неше  есе  үзын  (биік,  қысқа)?  т.с.с.... 

үлкен (кіші, ұзын, кысқа), т.с.с. 

87. 3 тоқсан (50 сағат). 


88. 1-1000-ға дейінгі сандар: 

1) 1000 көлеміндегі сандарды оқу және жазу; біртаңбалы, екітаңбалы және 

үштаңбалы сандар; 

2) сандарды бірнеше есе арттыру (кеміту) туралы ұғым;  

3) 1000-ға дейінгі сандардың жазбаша қосуы мен азайтуы. 

89.  Есептерді  шығару:  есептерді  жаңа  сандық  материалдар  түрімен 

(қосындыны  және  қалдықты,  сандардың  бір  неше  бірлікке  өсуімен  төмендеуін 

әр  түрлі  салыстырумен)  шығару.  Екі  амалды  есеп  шығару,  сол  бойынша 

өрнектер  кұрастыру.  Сандарды  бірнеше  есеге  арттыруға  (кемітуге)  есептер 

шығару. Барльқ арифметикалық амалдарға бір амалды есеп шығару. 

90. Тендікті шығару: жаңа сандық материалмен. 

91. Өрнектерді шығару: 2-4 амалды өрнектерді жақшамен және жақшасыз 

шығару. Амалдар реті. 

92.  Сөздік:  тексеру,  тексер.  Есепті  өрнектеу.  Есептің  берілгенін  жазу. 

Үлкен (кіші, ұзын, т.с.с), ... есе, ... есе арттыру (кеміту) мың. 

93. 4 тоқсан (40 сағат). 

94. 1-1000-ға дейінгі сандар ( жалғасы):  

1) біртаңбалы сандарды көбейту және бөлу; 

2) толық ондықтарды бір таңбалы санға көбейту; 

3) толық ондықтарды бір таңбалы санға бөлу. 

95. Тендікті шығару: жаңа сандық материалмен. 

96. Ұзындық бірлігі: километр, метр. 

97. Салмақ бірлігі. килограмм, грамм; олардың өзара байланысы. 

98. Есептерді шығару: 1000-ға дейінгі сандармен. 

99. Өрнектерді шығару: 3-4 амалды өрнектерді жақшамен және жақшасыз 

шығару. Амалдар реті. 

100. 

Сөздік:  қалдық,  үшбұрыштың  қабырғаларының  ұзындығы 



(шаршының, тіктөртбұрыштың). Килограмм, грамм; метр; километр. 

 

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

101. 1 тоқсан (45 сағат). 

102. 1-ден 10000 - ға дейінгі сандар: 

1) 10000-ға дейінгі сандардың ауызша жөне жазбаша нумерациясы;  

2) 10000-ға дейінгі сандар оқу, жазу, салыстыру;  

3)  біртаңбалы,  екітаңбалы,  үштаңбалы  және  төрттаңбалы  сандар  туралы 

ұғым; сандарды салыстыру. 

103. 10000 - ға дейінгі сандарды қосу және азайту: 

1) қосу және азайту амалдарын баған бойынша жазу;  

2) қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш және айырмашылық;  

3) қосу және азайтуды тексеру;  

4) белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға бір-екі амалдарға 

арналған есептерді, сандардың айырымдылық салыстыруына берілген есептерді 

шығару. 


104. Екі амалды есепті шығару:  

1)  қосындыны  және  қалдықты,  сандардың  бір  неше  бірлікке  өсуімен 

төмендеуін әр түрлі салыстырумен есеп шығар; 

2) қысқаша есеп шартын құрастыру; сұрақ бойынша есеп шығару. 

105. 2 тоқсан (35 сағат). 

106. 1-ден 10000 -ғадейінді сандар (жалғасы): 

1) 10000 -ға дейінді сандарды біртаңбалы сандарға көбейту және бөлу; 

2) толық жүздікті және мыңды біртаңбалы санға көбейту;  

3) төрттаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту; 

4) толық жүздікті біртаңбалы санға бөлу;  

5) төрттаңбалы санды біртаңбалы санға бөлу;  

6) көбейтуді бөлу арқылы тексеру;бөлуді көбейту арқылы тексеру. 

107. Тендікті шығару. теңдеудің көмегімен есептерді шығару. 

108. Есептерді шығару: екі, үш амалды есеп шығару. 

109.  Салмақ  бірлігі.  Грамм,  килограмм,  центнер,  тонна.  Олардың 

арасындағы өзара байланысы. 

110. Ұзындық бірлігі: 

1) миллиметр, сантиметр, дициметр, километр, метр; 

2)  ұзындық  бірлігі  –  миллиметр  (1  мм).  Ұзындық  бірліктері  арасындағы 

қатынастар: 1 м = 10 дм, 1 дм = 10 см, 1 см = 10 мм, 1 м = 100 см; 

3)  салмақ  бірлігі  –  центнер  (1  ц).  Салмақ  бірліктерінің  арасындағы 

қатынастар: 1 ц = 100 кг.; 

4) ұзындық және салмақ бірлігі бар сандарды қосу және азайту. 

111. Есептерді шығару. 

112.  Сөздік:  грамм,  килограмм,  центнер,  тонна  ,миллиметр,  сантиметр, 

дициметр, километр, метр. 

113. 3 тоқсан (50 сағат). 

114. 1-ден 10000 – ға дейінгі сандар (жалғасы): 

1)  сандарды  біртаңбалы  сандарға  көбейту  және  бөлу:  арифметикалық 

амалдарды орындау реті; 

2)  өрнектерді  шығару:  3-4  амалды  өрнектерді  жақшамен  және  жақшасыз 

шығару. Амалдар реті. 

115. Тендікті шығару. теңдеудің көмегімен есептерді шығару. 

116. Есептерді шығару: екі, үш амалды есеп шығару. 

117. Уақыт бірліктері – минут (1 мин), секунд (1 с), тәулік (1 тәул), апта, 

ай, жыл, ғасыр. Сағат, минут туралы ұғым. Сағаттағы минут саны. Минут  пен 

секундтың  арасындағы  қатыстар.  Уақыт  бірліктерінің  сандары  бойынша  қосу 

және азайту. 

118. Сөздік: теңеу, тонна, центнер, массаның өлшем бірлігі. Бір центнерде 

100 килограмм. Жылда неше күн бар? Бір жылда 365 (366) күн бар. Бір минутта 

60  секунд  болады.  минут  (1  мин),  секунд  (1  с),  тәулік  (1  тәул),  апта,  ай,  жыл, 

ғасыр. Сағат, минут туралы ұғым. Сағаттағы минут саны.  

119. 4 тоқсан (40 сағат): 

1) көпбұрыштың көлемі: көпбұрыштың периметрі және тіктөртбұрыштың 

(шаршының) ауданы; 



2) геометриалық материал: Кесінді, кесіндінің ұзындығы;үзындық өлшемі 

және  олардың  өзара  байланысы;  тікбұрышты  параллелепипед  және  оның 

өлшемдері  (ұзындығы,  ені,  биіктігі);  тікбұрышты  параллелепипедтің  төбелері, 

қырлары және жақтары; тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемі; 

3)  геометриалық  денелердің  ауданы  туралы  түсінік:  ауданды  өлшеу; 

аудан  бірліктері;  1  м

2

,  1  дм


2

,  1  см


2

;  тіктөртбұрыштың  (шаршының)  ауданы; 

аудан  өлшемі  олардың  өз  ара  қатнасы;  тікбұрыштың  (шаршының)  ауданын, 

табу; 


4)  есепті  шығару:  есептер  және  оларды  шығару  тәсілдері;  геометриялық 

көлемін ауданын табу.   

 

7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар 

 

120. Пәндік нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылар: 

1) 1-ден - 5 дейінгі сандарды; 

2) заттарды санына қарай салыстыра; 

3) уақыт бірліктерін (кеше, бүгін, ертең; апта күндері, ай аттары); 

4) сандарды ретімен атауды; 

5) 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайтуды; 

6) бір амалдан тұратын екі қосылғыштың косындысына есеп шығаруды; 

7) 0 саны және оның белгіленуін; 

8)  геометриялық  фигураларды:  шаршы,  дөңгелек,  төртбұрышты  білуі 

тиіс. 

 

8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

121. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) 100-ге дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыруды; 

2) 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтуды; 

3) бір амалдан тұратын есепті қосумен және азайтумен шығара; 

4) қосу және азайтудағы сандардың атауларын; 

5)  екітаңбалы  сандардан  біртаңбалы  сандарды  ондықтан  аттамай  қосу 

және азайтуды;  

6) қосу және азайтудағы белгісіз компонентің аталуын; 

7) ұзындық бірлігін (сантиметр, дециметр); 

8) геометриялық материалды (кесінді) білуі тиіс. 

 

9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

122. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар: 

1)  геометриялық  материалды:  шаршы,  үшбұрыш,  тікбұрыш,  кесінділерді 

өлшеу және сызу; 

2) ұзындық бірлігін – сантиметр, дециметр, метр; 

3) көбейту.көбейту, көбейткіштер, көбейтінді, көбейтіндінің мәнін; 



4) 100-ге дейінгі сандармен есеп шығаруды;  

5) есептің қысқаша шартын жаза; 

6) сағат бойынша уақытты анықтай; 

7)  уақыт  туралы  ұғымдарды:  ай  аттарын  ретімен  атау,  әр  айдағы  күн 

санын; 

8) жәй теңдіктерді шығара білуі тиіс. 



 

10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

123. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар: 

1) 1000 көлеміндегі сандарды оқи және жаза;  

2) өрнектерді шығара; 

3) сағат, минут туралы ұғымды; 

4) біртаңбалы сандарды көбейту және бөлуді; 

5) толық ондықтарды бір таңбалы санға бөлуді; 

6) есептің берілгенін жаза; 

7) сандарды бірнеше есе арттыру (кеміту) туралы ұғымды білуі тиіс. 

 

11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

124. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар: 

1) 10 000 көлеміндегі сандардың таңбалануын және реттігін; 

2) 100-ге дейінгі сандармен барлық арифметикалық амалдарды (қосу, алу, 

көбейту, азайту) ауызша орындай; 

3)  10  000-ға  дейінгі  сандармен  арифметикалық  амалдарды  жазбаша 

орындай; 

4) тікелей шарты қойылған қарапайым мәселе есептердің негізгі түрлерін 

шеше (бір амалмен орындалатын); 

5)  2-3  әрекеттен  тұратын  мәселе  есептерді  шешу  және  әр  әрекетті 

түсіндіре; 

6) суретке қарап қарапайым есептер құрастыра;  

7)  жақшаның  ішінде  және  жақшасыз  3-4  әрекеттен  тұратын  тұратын 

есептерді шеше; 

8)  ұзындық,  салмақ  уақыт  өлшем  бірліктерін  және  олардың  бір  бірімен 

қатынасын;  

9) кесінді, төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, шеңбер, бұрыш сыза; 

10)  кесіндінің  ұзындығын,  геометриялық  фигураның  қабырғаларының 

ұзындығын өлшей білуі тиіс. 

125. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың: 

1)  өз  Отанына,  қазақ  халқы  мен  елімізде  өмір  сүріп  жатқан  этностардың 

тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрметінен; 

2)  әлемдік  дамуда  өз  елінің  рөлін  түсіну,  жанұялық  құндылыққа 

сыйластықпен қарауды; қоршаған ортаны сақтауға деген ұмтылысынан; 

3) қоршаған ортаны сақтауда өз белсенділігінен;  

4) жауапкершілік, ұқыптылық, зейінділігі және тәртіптілігінен; 



5) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуынан; 

6) шығармашылық жұмысқа, жұмыстың нәтижесіне деген ынтасынан; 

7) үлкендермен және өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау қабілетінен;  

8)  білім  мен  қызмет  түрлерін  игеру  мен  кеңейтуге  қызығушылығын, 

тапсырманы орындауда шығармашылықпен қарауынан;  

9) үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлығынан көрініс табады.  

126. Жүйелі - әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың: 

1)  ережелер  мен  үлгілерді  және  берілген  алгоритмдерді  математикалық 

материалда қолдану біліктігімен; 

2)  қоршаған  ортада  болып  жатқан  әртүрлі  жағдайларда  және  аралас 

пәндерде  математикалық  білімін,  біліктігін,  есептеу,  өлшеу  және  графиктік 

дағдыларымен; 

3)  ауызша  және  жазбаша  есептеулерді  тиімді  пайдалана  отырып, 

практикалық есептеу техникасымен; 

4)  математикаға  тән  ойлау  стилін,  оның  абстрактылығын  дәлелдену 

қатаңдығымен;  

5)  дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  логикалық  негізделген  қорытындылар 

жасау біліктігімен;  

6)  математикалық  мәтінмен  жұмыс  жасау  (талдау,  қажетті  ақпаратты  алу), 

математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша 

және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігімен; 

7) жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігімен; 

8) өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруымен; 

9) өз іс әрекетін бағалауымен; 

10)  оқу  қызметінің  әртүрлі  формаларында  коммуникативтік  қабілеттерін 

қолдана білуімен айқындалады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет