Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»


 Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.01.2017
өлшемі259,63 Kb.
#1484
1   2   3

 

7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар 

 

83. Пәндік нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылар: 



1)  тілдік  және  тілдік  емес  дыбыстарды  көру-есту  арқылы,  есту  арқылы 

қабылдау және ажырата; 

2)  берілген  сөздерді,  сөз  тіркестерін,  фразаларды  есту  арқылы  қабылдай 

және айта; 

3) оқу іс әрекетін ұйымдастыруға байланысты сөздік материалдарды; 

4) тақырыптарға байланысты сөздік материалдарды; 

5)  3-5  қысқа  сөйлемнен  тұратын  мәтіндерді  есту  арқылы  қабылдай  және 

айта; 


6) дыбысталатын ойыншықтарды ажырата;  

7) дыбыстың шыққан бағытын анықтай; 

8) дыбысталудың қарқындылығы, ұзақтығын, санын ажырата білуі керек. 

 

8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

84. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1)  берілген  сөздерді,  сөз  тіркестерін,  фразаларды  есту  арқылы  қабылдау 

және айта; 

2) оқу іс әрекетін ұйымдастыруға байланысты сөздік материалдарды; 

3) тақырыптарға байланысты сөздік материалдарды; 

4)  5-7  қысқа  сөйлемнен  тұратын  мәтіндерді  есту  арқылы  қабылдау  және 

айта; 


5) тілдік емес дыбыстарды, әуенді, жануарлардың, құстардың дауыстарын 

аппаратпен және аппаратсыз есту арқылы қабылдай; 

6)  есту  арқылы  жиілігі  әртүрлі  дауыстарды  қабылдау  және  әртүрлі 

жиілікте сөйлей ала;  

7) дыбыстың шыққан бағытын анықтай; 

8) ересек адаммен баланың дауысын ажырата ала; 

9)  5-8  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды  бір 

тынысты шығарғанда айта ала: 

10)  өз  бетімен  4-5  буыннан  тұратын  таныс  сөздерді  буындық  құрамын 

сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айта; 

11) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айта; 

12) 7-8 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды бір тыныс 

шығарғанда айта; 

13)  хабарлы  және  сұраулы  сөйлемдерге  байланысты  дауыстың  мәнерін 

өзгерте біла; 

14)  қазақ  тіліндегі  дыбыстарды  ашық,  жабық  және  тұйық  буында,  сөзде, 

сөз тіркестерінде дұрыс айта; 

15) екі дауыссыз қатар келген сөздерді дұрыс айта білуі тиіс. 



 

9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

85. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар: 

1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажырата; 


2)  күнделікті  пайдаланатын  сөйлеу  тілі,  сұрақ,  өтініш,  тапсырма  сөздерді 

ажырата; 

3) диалог жүргізе; 

4) сөйлемдерді ажырата; 

5) математикалық материалды ажырату және тани; 

6) 8-10 сөйлемге дейінгі таныс және таныс емес мәтіндерді ажырата; 

7) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдана; 

8)  9-10  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды  бір 

тынысты шығарғанда айта; 

9) сөйлесіп отырған адаммен ара қашықтыққа байланысты дауыстың күшін 

өзгерте; 

10) сөздердегі дыбыстарды ажырата; 

11)  өз  бетімен  4-5  буыннан  тұратын  таныс  сөздерді  буындық  құрамын 

сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айта; 

12) «Буын», «Екпін» ұғымын; 

13) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдана; 

14) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айта білуі тиіс. 

 

10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

86. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар: 

1)  дыбысталуы  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  мәтіндерді  ажырату 

және тани; 

2) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдана; 

3)  күнделікті  пайдаланатын  сөйлеу  тілі,  сұрақ,  өтініш,  тапсырма  сөздерді 

ажырату және тани; 

4) диалог жүргізе; 

5) ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керекті сөйлемдерді тани; 

6) математикалық материалды ажырата және тани; 

7) деформацияланған мәтіндерді қабылдай және ажырата; 

8) 10-12 сөйлемге дейінгі таныс және таныс емес мәтіндерді ажырата; 

9)  13-15  буыннан  тұратын  сөздер, сөз  тіркестері  және  фразаларды  қажетті 

синтагм  үзілістерін  графикалық  белгісіне  қарап  таныс  емес  сөздерде  еліктеу 

арқылы, таныс сөздерде өз беттерімен айта; 

10) сөйлемдерді хабарлы, лепті, сұраулы екпінмен айта; 

11) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажырата; 

12)  мәтіндерді,  тақпақтарды  орфоэпиялық  ережесін  сақтай  отырып  айта 

білуі тиіс. 

 

 

11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

87. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар: 

1)  дыбысталуы  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  мәтіндерді  ажырата 

және тани; 



2) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдана; 

3)  күнделікті  пайдаланатын  сөйлеу  тілі,  сұрақ,  өтініш,  тапсырма  сөздерді 

ажырата және тани; 

4) диалог жүргізе; 

5) сұрақ жауап алмаса; 

6) жоспар құрып, жоспар бойынша мәтінді мазмұндай; 

7) мәтінді оқыған кезде хабарлы, сұраулы, лепті екпіндерді дұрыс айта; 

8) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажырата; 

9) мәтіндерді, тақпақтарды орфоэпиялық ережесін сақтай отырып айта; 

10) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айта білуі тиіс. 

88. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы  туралы  түсінігі  болуы  және 

оны құрметтеуінен; 

2) өз Отанына деген мақтаныш сезімінен; 

3)  өз  ана  тілін  білуі  және  құрметтеуінен,  өз  халқының  және  Қазақстанда 

өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына 

құрметпен қарауынан; 

4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға және қорғауға ұмтылуынан;  

5)  үлкендерге  құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына 

мейірімді, кішіпейілділігінен көрініс табады. 

89. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың: 

1) сөйлеу тілін қарым қатынас құралы ретінде қолдана білуімен; 

2) қарым қатынас кезінде сөздік материалдарды естіп қабылдауымен; 

3) ауызша сөйлеу тілін меңгеруімен айқындалады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет