Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»


 Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.01.2017
өлшемі259,63 Kb.
#1484
1   2   3

 

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

55. Есту қабілетін дамыту. 1 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  қарапайым 

және  күрделі  сөйлемдерді  мәтіндерді  қабылдау  (естіп-көруіне  және  естуіне 

сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату.  Оқу  ісі  әрекетіне  байланысты  сөйлеу  тілі  материалы:  Қаламды  ал да 

үстелге қой. Кітапты ашып сөздерді оқы. Қандай сабақ болды? Математикадан 



қандай  тапсырма  берілді?  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі 

материалы: «Жазғы демалыс», «Күз келді», «Ауа райы», «Мамандықтар», «Оқу 

іс-әрекеті. Тапсырмалар»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  Есімдіктер  мен  зат  есімдерді  пайдалана  отырп 

диологты  ойын  түрінде  ұйымдастыру.диалог  барысында  демонстрациялау. 

Мысалы:  «Шеберханада»  Еңбек  мұғалімі  мен  оқушыны  дайындап  диалогты 

шеберханада өткізу;  

4)  «Сөйлемдерді  ажырату  –  бұл  бөлім  материалдары  грамматикалық 

сөйлеу  тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Өткен 

тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана  отырып,  қарапайым  сөйлемдерді 

ажырату.  Құрамында  бірнеше  зат  есім  сөздері  бар  сөйлемдерді  ажырату. 

Күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш, анықтауыш сөздерді пайдалану. Суретке сәйкес сөйлемді табу. 2-

3 ұқсас сөйлемнен керектісін таңдау; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2, 3, 4 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе 

кем  терминдерін  ажырату.  Геометриялық  фигураларды  ажырату:  Мысалы: 

шеңберді  көрсет,  үшбұрышты  сал,  екі  шаршы  ал,  2  сопақшаны  боя.  Сен  неше 

қалам  алдың?  2  артық  қалам  ал?  Сенде  неше  алма  бар?  Өлшем  бірлік 

терминдерін  ажырату:  мысалы:  сантиметр,  метр,  грамм,  килограмм  т.с.с. 

жалғастыру; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар мәтіндерді пайдалану. Деформацияланған мәтіндерді пайдалану. 

56. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) әртүрлі музыкалық ритмдерді ажырату; 

2) тұрмыстық дыбыстарды ажырату және тану; 

3) түрлі саз аспаптарын ажырату.  

57. 2 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  қарапайым 

және  күрделі  сөйлемдерді  мәтіндерді  қабылдау  (естіп-көруіне  және  естуіне 

сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату. Оқу ісі әрекетіне байланысты  сөйлеу тілі материалдары: Қаламды ал 

да  үстелге  қой.  Кітапты  ашып  сөздерді  оқы.  Қандай  сабақ  болды? 

Математикадан  қандай  тапсырма  берілді?  Сен  кеше  кешке  не  істедің?  Сен 

таңғы асқа не жедің? Кеше ауа райы қандай болды? Ертен неше сабақ болады? 

Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Асхана»,  «Көлік 

түрлері», «Желтоқсан мерекелері» (Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл); 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  Есімдіктер  мен  зат  есімдерді  пайдалана  отырып 


диологты  ойын  түрінде  ұйымдастыру.  Диалог  кезінде  сөйлем  мүшелерінен: 

бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауышты  қосу.  Диалог  барысында 

демонстрациялау.  Мысалы:  «Шеберханада»  Еңбек  мұғалімі  мен  оқушыны 

дайындап диалогты шеберханада өткізу. Сурет бойынша диалог құрастыру; 

4)  «Сөйлемдерді  ажырату  –  бұл  бөлім  материалдары  грамматикалық 

сөйлеу тілі құрылымын қалыптастырумен тығыз байланысты. Сюжеті бойынша 

ұқсас  суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті 

пайдалана  отырып,  қарапайым  сөйлемдерді  ажырату.  Құрамында  бірнеше  зат 

есім  сөздері  бар  сөйлемдерді  ажырату.  Күрделі  сөйлемдерді  ажырату. 

Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш,  анықтауыш  сөздерді 

пайдалану.  Суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін 

таңдау; 


5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2, 3, 4, 5 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе 

кем терминдерін ажырату. Геометриялық фигураларды ажырату. Өлшем бірлік 

терминдерін ажыратуды жалғастыру. Мәселе есеп: алма 4, ал алмұрт 2 есе көп. 

Алмұрт нешеу?; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар  мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 

бойынша жоспар құрып үйрену. 

58. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) дыбысталудың санын анықтау; 

2)  әртүрлі  жиіліктегі  дауыстарды  ажырату  (ересектер,  балалардың 

дауысы); 

3) дыбысталулардың бағытын анықтау. 

59. 3 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі  сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату. Оқу ісі әрекетіне байланысты; ауа райы; жыл мезгілдері; отбасы; күн 

тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материялы  бойынша 

сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп  орындау.  Жалпы  білім  беру 

пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Туған  күн»,  «Дәрігерде»,  «Көктем», 

«8 наурыз», «Наурыз»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: Диологты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем мүшелерінен: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауышты қосу. 

Диалог барысында демонстрациялау. Суреттерді пайдалана отырып дилог құру; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрлымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 


отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш, анықтауыш сөздерді пайдалану. Суретке сәйкес сөйлемді табу. 2-

3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық  сөздері  бар 

күрделі сөйлемдерді ажырату (пен, мен, және, немесе, өйткені); 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-7 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін пайдалануды жалғастыру; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар  мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 

бойынша жоспар құрып үйренуді жалғастыру.  

60. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1)  тұрмыстық  шуылдарды  ажырату  (шаңсорғыш,  есіктің  қоңырау  және 

т.б.); 


2) көшедегі дыбыстарды ажырату (көліктің даусы, құрылыстың дауысы); 

3) адам шығаратын тілдік емес дыбыстар (жылау, күлу,  түшкіру, жөтелу 

және т.б.). 

61. 4 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі сөйлемдерді  мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату: оқу  ісі әрекетіне байланысты; ауа райы; жыл мезгілдері; отбасы; күн 

тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материялы  бойынша 

сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп  орындау.  Жалпы  білім  беру 

пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Көктем  келді»,  «Мен  және  менің 

отбасым», «Дәріхана», «Жаз», «Жазғы демалыс»; 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: Диологты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем мүшеоерінен: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауышты қосу. 

Ддиалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді  пайдалана  отырып  дилог 

құруды жалғастыру; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш, анықтауыш сөздерді пайдалану. Суретке сәйкес сөйлемді табу. 2-

3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық  сөздері  бар 

күрделі сөйлемдерді ажырату. (пен, мен, және, немесе, өйткені); 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 


терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін пайдалануды жалғастыру; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар  мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 

бойынша  жоспар  құрып  үйренуді  жалғастыру.  Жоспар  бойынша  мазмұндама 

жасауды үйрену. 

62. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1)  табиғатта  шығатын  дыбыстар  (желдің  соққаны,  күннің  күркірегені 

және т.б.); 

2) адам шығаратын тілдік емес дыбыстар (жылау, күлу,  түшкіру, жөтелу 

және т.б.); 

3) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану. 

63. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру. 

64. Сөйлеу кезіндегі тыныспен жұмыс: 

1)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  бір  тыныста  бірнеше 

буындарды бірге айтқызу (папапапапа немесе тататата);  

2) 10-12 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды қажетті 

синтагм  үзілістерін  графикалық  белгісіне  қарап  таныс  емес  создерде  еліктеу 

арқылы,  таныс  сөздерде  өз  беттерімен  айту.  Мысалы:  Біз  ертең  демалысқа 

шығамыз.  

65. Дауыспен жұмыс: 

1) мұғалімге еліктеу арқылы және өз бетімен сұрақ қойған кезде дауысты 

қаттырақ  шығарып  логикалық  екпін  түсіріп  айту.  Мысалы,  Кім  сабақта  жоқ? 

Сен қайда барасың?;  

2)  сөйлемдерді  хабарлы,  лепті,  сұраулы  екпінмен  айтқызу.  Мысалы: 

Көктем келді. Алақай! Көктем келді! Көктем келді ме?.  

66. Дыбыстармен жұмыс: 

1) дұрыс айта алмайтын дыбыстарды түзету және бекіту;  

2) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажырату: 

дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ә-е, у-ұ; 

дауыссыз дыбыстар: қуыстан шығатын дыбыстар: с-з, ш-ж, с-ш, з-ж, ф-в;  

мұрындық дыбыстар: м-б, н-д, б-п, м-п, н-л;  

қабысып жарып шығатын дыбыстар: т-д, б-п, г-к, г-ғ, к-қ;  

аффрикаттар: ч, ц, щ.  

67. Сөздермен жұмыс: 

1)  мәтіндерді,  тақпақтарды  орфоэпиялық  ережесін  сақтай  отырып 

айтқызу; 

2) жеке дыбыстардың дыбысталуы; 

3) ерін үндестігі: құлын-құлұн, төсек-төсөк, көңүлді-көңілді; 

4)  дифтонгтардың  дыбысталуы:  тақия-тақыйа,  Әлия-Әлійә,  иық-ыйық, 

қию-қыйұу; 

5) дауысты дыбыстардың дыбысталуы: шай-шәй, жай-жәй, лақ-ылақ; 

6)  сөз  ішінде  дыбысталуы:  абжылан-апжылан,  сенген-сеңген,  басшы-

башшы, кесші-кешші; 


7)  екі  сөз  жігінде:  ақ  жауын-ағжауұн,  ақ  ала-ағала,  тақ  сан-тахсан,  алып 

ұшу-алыб ұшұу.  

68. Фразалармен жұмыс: 

1) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдану; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  өз  бетімен  қалыпты  сөйлеу  тіліне  тән 

темппен айтқызу. 



 

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

69. Есту қабілетін дамыту. 1 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  қарапайым 

және  күрделі  сөйлемдерді  мәтіндерді  қабылдау  (естіп-көруіне  және  естуіне 

сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату:  оқу  іс-әрекетіне  байланысты;  ауа  райы;  жыл  мезгілдері;  отбасы;  күн 

тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материялы  бойынша 

сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп  орындау.  Жалпы  білім  беру 

пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Оқу  іс-әрекеті  бойынша 

тапсырмаларды орындау», «Табиғаттын маусымдық өзгеруі», «Алтын күз»; 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: диологты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем мүшеоерінен: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауышты қосу. 

Ддиалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді  пайдалана  отырып  дилог 

құруды жалғастыру. Жүргізілген экскурсия бойынша диалог құру; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені). 

Дұрыс-дұрыс емес ойыны. Мысалы: Мұғалім оқушыға бала кітап оқып отырған 

суретті  ұсынып  –  қыз  кітап  оқып  отыр  деп  айтады.  Оқушы  міндеті  дұрысын 

таңдау.  Біртіндеп  ойын  түрін  күрделендіруге  болады.  Деформацияланған 

сөйлеммен жұмыс;  

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін пайдалануды жалғастыру. Сурет бойынша есептер құрастыру; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10-12  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері  бар 

мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 



бойынша  жоспар  құрып  үйренуді  жалғастыру.  Жоспар  бойынша  мазмұндама 

жасауды үйрену. 

70. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1)  табиғатта  шығатын  дыбыстар  (желдің  соққаны,  күннің  күркірегені 

және т.б.); 

2) адам шығаратын тілдік емес дыбыстар (жылау, күлу,  түшкіру, жөтелу 

және т.б.); 

3) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану. 

71. 2 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі сөйлемдерді, мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату.  Бүгін  қанша  сабақ?  Сен  сабақта  не  үйрендің?  Ертең  неше  сабақ? 

Саған  қай  жыл  мезгілі  ұнайды?  Неге?  Не  үшін?  Оқу  іс-әрекетіне  байланысты; 

ауа  райы;  жыл  мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша 

пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материалы  бойынша  сұрақтарды  ажырату, 

тапсырмаларды  түсініп  орындауды  жалғастыру.  Жалпы  білім  беру  пәндеріне 

сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Менің  үйім»,  «Біздің  пәтер»,  «Менің  досым», 

«Қыс», «Жаңа жыл»; 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: диалогты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем мүшелерінен: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауышты қосу. 

Диалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді  пайдалана  отырып  дилог 

құруды  жалғастыру.  Жүргізілген  экскурсия  бойынша  диалог  құру.  Театр, 

кинотеатр,  музейде  өткен  экскурсия  бойынша  диалог  құру.  Досының  туған 

күні, мен кім болғым келеді, досын сипаттау тақырыптарына диалог жүргізу; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені). 

Дұрыс-дұрыс емес ойыны. Мысалы: Мұғалім оқушыға бала кітап оқып отырған 

суретті  ұсынып.  –  қыз  кітап  оқып  отыр  деп  айтады.  Оқушы  міндеті  дұрысын 

таңдау.  Біртіндеп  ойын  түрін  күрделендіруге  болады.  Деформацияланған 

сөйлеммен жұмыс; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін  пайдалануды  жалғастыру.  Сурет  бойынша  есептер  құрастыру  ды 

жалғастыру; 


6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері  бар 

мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 

бойынша  жоспар  құрып  үйренуді  жалғастыру.  Жоспар  бойынша  мазмұндама 

жасу. 

72. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 



1)  табиғатта  шығатын  дыбыстар  (желдің  соққаны,  күннің  күркірегені 

және т.б.); 

2) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату және тану; 

3) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану. 

73. 3 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату.  Табиғат  құбылыстары;  оқу  іс-әрекетіне  байланысты;  ауа  райы;  жыл 

мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу  тілі 

материалы  бойынша  сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп  орындауды 

жалғастыру. Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Қыс», 

«Қыс  қызықтары»  «Мамандықтар»,  «Біздің  мектеп»,  «Күн  тәртібі»,  «Көктем 

мерекелері»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: диалогты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем  мүшелерінен:  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш, 

пысықтауышты  қосу.  Диалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді 

пайдалана отырып диалог құруды жалғастыру. Жүргізілген экскурсия бойынша 

диалог құру. Театр, кинотеатр, музейде өткен экскурсия бойынша диалог құру. 

Досының  туған  күні,  мен  кім  болғым  келеді,  досын  сипаттау  тақырыптарына 

диалог жүргізу ді жалғастыру; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені.). 

Дұрыс-дұрыс емес ойыны. Мысалы: Мұғалім оқушыға бала кітап оқып отырған 

суретті  ұсынып  –  қыз  кітап  оқып  отыр  деп  айтады.  Оқушы  міндеті  дұрысын 

таңдау.  Біртіндеп  ойын  түрін  күрделендіруге  болады.  Деформацияланған 

сөйлеммен жұмыс жасау; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 


терминдерін  пайдалануды  жалғастыру.  Сурет  бойынша  есептер  құрастыруды 

жалғастыру;  

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері  бар 

мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 

бойынша  жоспар  құрып  үйренуді  жалғастыру.  Жоспар  бойынша  мазмұндама 

жасу.  

74. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 



1)  табиғатта  шығатын  дыбыстар  (желдің  соққаны,  күннің  күркірегені 

және т.б.); 

2) дыбысталудың ұзақтығын, қаттылығын, санын анықтау; 

3) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану. 

75. 4 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату.  Табиғат  құбылыстары;  оқу  іс-әрекетіне  байланысты;  ауа  райы;  жыл 

мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу  тілі 

материялы  бойынша  сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп  орындауды 

жалғастыру.  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы: 

«Көктем  келді»,  «Құстар  біздің  досымыз»,  «Адамдардың  көктемдегі  еңбегі», 

«Бау-бақша», «Мамыр мерекелері»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: диалогты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем  мүшеоерінен:  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш, 

пысықтауышты  қосу.  Диалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді 

пайдалана отырып диалог құруды жалғастыру. Жүргізілген экскурсия бойынша 

диалог құру. Театр, кинотеатр, музейде өткен экскурсия бойынша диалог құру. 

Досының  туған  күні,  мен  кім  болғым  келеді,  досын  сипаттау  тақырыптарына 

диалог жүргізуді жалғастыру; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені). 

Дұрыс-дұрыс емес ойыны. Мысалы: Мұғалім оқушыға бала кітап оқып отырған 

суретті  ұсынып.  –  қыз  кітап  оқып  отыр  деп  айтады.  Оқушы  міндеті  дұрысын 

таңдау.  Біртіндеп  ойын  түрін  күрделендіруге  болады.  Деформацияланған 

сөйлеммен жұмыс жасау; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 


Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін  пайдалануды  жалғастыру.  Сурет  бойынша  есептер  құрастыру  ды 

жалғастыру; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10-12  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері  бар 

мәтіндерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  пайдалану.  Мәтін 

бойынша  жоспар  құрып  үйренуді  жалғастыру.  Жоспар  бойынша  мазмұндама 

жасу.  

76. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 



1)  табиғатта  шығатын  дыбыстарды  ажырату  және  тану  (желдің  соққаны, 

күннің күркірегені және т.б.); 

2) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану. 

77. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру. 

78. Сөйлеу кезіндегі тыныспен жұмыс: жаттап алған мәтінді синтагмдік 

үзілістерін сақтай отырып дұрыс тыныс шығарып айтқызу.  

79. Дауыспен жұмыс: 

1)  мәтінді  оқыған  кезде  хабарлы,  сұраулы,  лепті  екпіндерді  дұрыс 

айтқызу; 

2) сөйлемдерді хабарлы, лепті, сұраулы екпінмен айтқызу.  

80. Дыбыстармен жұмыс: 

1) дұрыс айта алмайтын дыбыстарды түзету және бекіту;  

2) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажырату: 

дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ә-е, у-ұ; 

дауыссыз дыбыстар: қуыстан шығатын дыбыстар: с-з, ш-ж, с-ш, з-ж, ф-в;  

мұрындық дыбыстар: м-б, н-д, б-п, м-п, н-л;  

қабысып жарып шығатын дыбыстар: т-д, б-п, г-к, г-ғ, к-қ;  

аффрикаттар: ч-ц, ц-с, ч-ш.  

81. Сөздермен жұмыс: 

1)  мәтіндерді,  тақпақтарды  орфоэпиялық  ережесін  сақтай  отырып 

айтқызу; 

2) ы және й дыбыстарының тіркесі: ми-мый, жина-жыйна; 

3) і және й дыбыстарының тіркесі: иіс-ійіс, киіз-кійіс; 

4) жеке ы дыбысы: мия-мыйа, қию-қыйұу, сия-сыййа; 

5) жеке ұ дыбысы: су-сұу, ту-тұу, буын-бұуын.  

82. Фразалармен жұмыс: 

1) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдану; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  өз  бетімен  қалыпты  сөйлеу  тіліне  тән 

темппен айтқызу;  

3) диалог кезінде логикалық екпіндерді қолдануға үйрету. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет