Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 129-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған)
оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары
үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін)
1.Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
әзірленген.
2. Бастауыш сыныптардағы (1-4-сыныптар) «Қазақ тілі» пәні – «Тіл және
әдебиет» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні.
3. Пәнді оқыту мақсаты – негізгі деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық
тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім
негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
4. Оқытудың міндеттеріне:
1) нашар еститін оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті
қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;
2) нашар еститін оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
3) нашар еститін оқушыларға қарым-қатынас әдебінің қарапайым
нормаларын меңгерту;
4) нашар еститін оқушыларға қазақ тілінің құрылымы мен құрамын дұрыс
түсіндіріп, оны білу мен білік дағдыларын меңгерту,
5) ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа
әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
6) келесі сыныптардағы грамматика мен дұрыс жазуды жүйелі түрде
үйретуге дайындау;
7) оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ
тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне
баулу.
5. Оқу жүктемесі: пәннің мазмұнын меңгеру үшін аптасына 1- 2
сыныптарда 5 сағаттан, 3-4 сыныптарда 4 сағаттан оқытылады (барлығы – 607
сағат). Жалпы сағат саны кезеңдер бойынша төмендегіше бөлінеді:
1) 1 - сынып - 165 сағат;
2) 2 - сынып -170 сағат;
3) 3 - сынып - 136 сағат;
4) 4 - сынып - 136 сағат.
6. Қазақ тілін оқыту процесінде пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1)
дүниетану пәнімен «адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін
толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы
байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық
қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында
алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша
жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану;
2) еңбекке баулу пәнімен, еңбек тақырыбына байланысты шығармалар
оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін
құрметтеуге тәрбиелеу, ермексазбен, табиғи материалдармен жұмыс жасау,
қағаздарды қию, өрнектер салу, безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшық еттерін
дамыту;
3) музыка – күй пәнімен: оқу барысында мазмұнына сәйкес музыкалық
шығармалар тыңдау, оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстарды дұрыс
айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдату;
4) бейнелеу өнері пәнімен, суретшілердің шығармалары арқылы
оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту; сурет бойынша өз
сезімдерін, ой-пікірлерін білдіруге үйрету, сурет салғызу, бояту жұмыстары
арқылы қаламды, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық
еттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру;
5) дене шынықтыру пәнімен:партада дұрыс отыру, дене бітімінің дұрыс
дамуы үшін жаттығулар жасау; сабақта сергіту сәтін өткізу.
7. Бағдарлама қазақ тілінде білім алатын нашар еститін бастауыш сынып
оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым
құралы ретінде меңгертуді көздейді.
8. Сөйлеу білігін меңгерумен бірге оқушылар жалпылама грамматикалық
практиканы, орфографиялық білім мен білікті, каллиграфиялық білікті
меңгереді.
9. Нашар еститін балаларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің
«Қазақ тілі» білім саласы бойынша бағдарлама жалпы педагогикалық
талаптарға сай жазылған. Бағдарламада пәннен меңгерілетін сөздік, тілдік қор
көлемі, мазмұны көрсетілген. Оқыту барысында нашар еститін балалардың
физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері, жас ерекшелігі мен ұғымына
сай тіл материалдары топтастырылып, бөлшектенін оқытылады. Оқу
материалдары оқушының есту арқылы қабылдау қабілеттері ескеріліп беріледі.
2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Сауат ашудан кейінгі кезең.
11. Оқу:
1) көп буынды (5-6) сөздерді дұрыс оқып дағдылану;
2) байланысты мәтінді оқуды үйрету; мәтіннен сұрақтарға жауап беретін
сөйлемдерді табу;
3) диалогтарды оқуды үйрету.
12. Байланыстырып сөйлеу:
1) ауызша сөйлеу ерекшеліктерімен танысу;
2) дауыс ырғағы, сөйлеу қарқыны;
3) баланың сөздік қорын молайту;
4) мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді табу; сұрақтарға жауап беру;
5) сурет бойынша ауызша баяндау.
13. Жазуға үйрету:
1) партада дұрыс отыруды үйрету;
2) дәптерді партаға ыңғайлы орналастыруды үйрету;
3) қалам мен қарындашты дұрыс ұстауды үйрету;
4) контур бойынша сызуды үйрету;
5) сызық пен бейнелерді жалғастыру, өрнектер салу, оларды бояуды
үйрету;
6) сызықтарды қаламды үзбей аяғына дейін сызу;д) өтілген дыбыстардың
әріптерін жазу;
7) жазба әріптердің кіші әріптері мен бас әріптерінің жазу элементтерін
сызу, олардан әріптер құрастырып жазу;
8) сөздегі әріптердің бір-бірімен қосылу жолдарын үйрету;
9) кеспе әріптерден сөздер құрастырып, оларды көшіріп жазу; сөздер мен
сөйлемдерді, текстерді көшіріп жазу;
10) жеке сөздерді есту арқылы буынға бөліп жазу;
11) адам, жер–су аттарын бас әріппен жазуға үйрету, жазугигиенасының
ережелерімен таныстыру.
14. Грамматикалық тіл құрылымының қалыптасуы.
15. Затты және заттың қимылын білдіретін сөздерден сөйлем құрастыру
(зат есім (жекеше түрі) + етістік осы шағы): оқушы оқып отыр. Ұшақ ұшып
келеді.
16. Зат және заттың жағдайы: (зат есім жеке түрі+ етістік осы шақ): Қыз
отыр, кітап жатыр.
17. Затты және заттың іс-әрекетін, жағдайын білдіретін сөйлемдер
құрастыру (зат есім көпше түрі+ етістіктің осы шағы: Балалар жазып отыр.
Кітаптар жатыр.
18. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру іс - әрекеттің ауысуы (етістіктің
осы шағы + зат есім) кітап оқып отыр. Іс -әрекеттің белгісі: (етістіктің осы шағы
+зат есім + үстінде, жанында, астында): Үстелдің үстінде жатыр.
19. Белгілі бір тұжырымды білдіретін сөз тіркестерімен сөйлем
құрастыру:
1) (зат есім + етістік) өтпелі іс- әрекетке байланысты: тауыққа жем
шашты; сиырға шөп салды; Қанатқа нан берді;
2) (зат есім +етістік) іс-әрекетін адамға қаратып айту: Айдосқа кітап
сатып әперді;
3) (зат есім + жанында, үстінде, астында артында, алдында +етістік) іс-
әрекеттің кеңістікке байланысты айтылуы: Үстелдің үстінде жатыр; шкафтың
жанында тұр.
20. Грамматика және жазу емлесі туралы түсінік.
21. Жазу емлесін меңгеру:
1) сауат ашу сабағында өткенді жүйелеу, қорытындылау;
2) сөздерді буынға бөлу; сөзді буынға бөліп тасымалдау;
3) бас әріптің сөз басында жазылуы; сөз аяғында нүкте қою;
4) адамның аты –жөнін, жер-су аттарының бас әріппен жазылуы.
22.
Көркем
жазу:
жазу
дағдысын
қалыптастыру.
Оқушыға
жазудыңгигиеналық ережесін үйрету.
23. Контур бойынша жазу, сөзден әріптердің бір-бірімен қосылу
жолдарын үйрену, қаламды үзбей әріптерді аяғына дейін жазу.
24. Сөздер мен сөйлемдерді, текстерді қатесіз көшіріп жазу.
25. Тіл дамыту.
26. Сөз байлығын дамыту:
1) тапсырма, өтініш, бұйрық сөздер;
2) заттардың іс-әрекетің, орналасуын, сипатын, мәнін, сапасын білдіретін
сөздер;
3) әртүрлі мағынадағы және талдап қорытындыланған сөздер.
27. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту:
1) оқу үрдісін ұйымдастыру кезіңде қолданылатынсөйлемдер. Хабарлы,
жәй
және
құрмалас
сөйлемдер;
қаратпа
сөйлем
және
қайшы
(мойындамау)сөйлем;
2) сұраққа қысқа және толық жауап беру; сұрақтарды ауызша және
жазбаша дайындау;
3) сұрақ бойынша, сюжетті суреттер бойынша сойлем құрастыру,
жазбаша орындау;
4) өз ниетін, тілегін, өтінішін, сәлемін, алғысын білдіретін сөйлемдер)
Тақырыптар бойынша сөздік материалдар, тапсырмалар беріледі: көрсет, ал,
бер, құрастыр, кеспе сөздерді сәйкес суреттерге қой, сөздерді жаз, суретін сал,
сұраққа жауап бер. «Сынып» тақырыбы бойынша сөздік: сынып, мұғалім, бала,
қыз; көрсет. «Сыныпта»тақырыбы бойынша сөздік: шкаф, тақта, орындық,
парта, үстел, аппарат;«Оқу құралдары»тақырыбы бойынша сөздік: кітап,
дәптер, сөмке, қалам, қарындаш, альбом;
3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
28. Дыбыс және әріп.
29. Дыбыс және әріп туралы түсінік. Сөз туралы түсінік. Сөйлемдегі
сөздер санының әр түрлі болуы; сөздің дыбыстардан құралуы; сөз құрамындағы
дыбыстарды ажырату; олардың айырмасы. Cөйлемнің сөзден құралуы,
сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып соңына нүкте қою.
30. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы түсінік.
Дауысты дыбыстар, дауысты дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктері; олардың
буын жасаудағы мәні; сөйлемдегі сөздерден дауысты дыбыстарды табу, астын
сызу. Дауыссыз дыбыстар, олардың буын жасаудағы мәні; сөйлемдегі дауысты
дыбыстарды табу, астын сызу.
31. Дауыссыз дыбыстар, олардың дауысты дыбыстар қатысымен
дыбысталуы; сөйлемдегі сөздерден дауыссыз дыбыстарды табу, астын сызу.
32. Қазақ әліпбиі; әріптердің айтылуы; олардың а, е, э, дыбыстардың
қатысымен айтылуы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен оларды
таңбалайтын әріптер; жуан дауыстылар, олардың дыбысталу ерекшеліктері;
сөйлемдегі сөздерден жуан дыбыстыларды табу, астын сызу,
33. Жуан және жіңішке сөздер, оның анықтамасы. Жіңішке сөздер, оның
анықтамасы, айтылуы мен жазылуы. Жуан-жіңішке сөздер, олардың
анықтамасы, айтылуы мен жазылуы. Жуан-жіңішке жұп дауыстылар; олардың
дыбысталу ұқсастығы мен өзгешеліктері, анықтамасы.
34. Буын, оның анықтамасы; сөздерді буынға бөлудің мақсаты; сөздерді
буынға бөлу; екі дауыссыз қатар келген сөздер; оның анықтамасы; й, ң, у
дыбыстарынан басталатын буындары бар сөздер оның анықтамасы; бір буынды
сөздер.
35. Тасымал, оның анықтамасы; құрамында әр түрлі буындары бар
сөздерді тасымалдау; тасымалдауға болмайтын сөздер; бір буынды сөздер; бір
дыбысты буыны бар екі буынды сөздер; бір дыбысты буыны бар көп буынды
сөздер, оның анықтамасы.
36. Дауыстының әсерімен дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке
айтылуы, олардың анықтамалары; сөздерден жуан және жіңішке болып
қолдалынған дауыссыздарды табу.
37. Қ, ғ, к, г дыбыстары; қ, ғ дыбыстарының жуан, ал к, г дыбыстарының
жіңішке болып айтылуы, оның анықтамасы.
38. Сөз.
39. Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер, олардың
анықтамасы; Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің
түрлері.
40. Бас әріппен жазылатын сөздер; кісі аттарының бас әріппен жазылуы:
ел, қала, жер-су аттарының бас әріппен жазылуы, кісі аттарының, үй
жануарларының аттарының бас әріппен жазылуы.
41. Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер;
олардың анықтамасы.
42. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер; олардың
анықтамасы.
43. Қанша? неше? нешінші?сұрақтарына жауап беретін сөздер; олардың
анықтамасы.
44. Cөйлем: сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылуы. Сөйлемнің
бірінші сөзі бас әріптен басталып, соңына нүкте, сұрау, леп белгілерінің
қойылуы: екі, үш, төрт сөзден сөйлем құрастыру; сөйлемдегі қимыл иесі мен
қимылды білдіретін сөздерді табу, астын сызу, сөйлемнің айтылу ерекшліктері;
дауыс күші, кідірісі, тездігі. Сөйлемдегі сөздердің байланысы, оның
анықтамасы; сөйлемдегі сөздердің байланысын сызықтар, сызбалармен
көрсету.
45. Грамматикалық тіл құрылымының қалыптасуы. Белгілі бір
тұжырымды білдіретін сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру:
1) «зат есім + етістіктің осы шағы; өткен шағы» уақыт арақатынасын
белгілейтін байланысты сөз тіркестерімен сөйлем құрау: Ол жазып отыр;
2) «үстеу+етістіктің осы шағы; өткен шағы» уақыт арақатынасын
белгілейтін: Қазір сурет салып отыр. Кеше жазу жазды;
3) «есімдіктің 1-ші, 2-ші жағы көпше және жекеше түрі + етістіктің осы
шағы, өткен шағы», уақыт арақатынасынын белгілейтін: Мен жазып отырмын.
Сіз оқыдыңыз;
4) «зат есім + етістік» қатынас құралы және іс-әрекет тәсілдерін
пайдаланып, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру: Қарындашпен салды;
5) «сын есім + зат есім, жекеше және көпше түрде» заттың түрін, көлемін,
дәмін көрсететін: (қызыл алма);
6) «зат есім + етістік» кеңістік арақатынасын белгілейтін: Үстелден
алдым;
7) «сын есім + зат есім», «Зат есім + сын есім + зат есім» тиістілігіне
қарай қажет сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру: Қалың кітап;
8) «зат есім + етістік» кеңістік жайын білдіретін: Үстелден жинап алдым.
«Зат есім + етістік сабақты етістік» өтпелі кезіңді белгілейтін: Атам киініп
жатыр. Атам киінді;
9) «сан есім +зат есім», «Сан есім + зат есім + етістік» сандық қатынасын
іс- әрекетін білдіретін: Он кітап. Бірінші дәптер. Он кітап бердім;
10) «сын есім+ зат есім» сөз тіркестерімен өтпелі кезеңді, іс -әрекетті,
кеңістік жайын, қатынас құралдарды пайдаланып сөйлем құрастыру: Үлкен
кісіге көмектесті. Қызыл бояумен бояды;
11) «зат есім + етістіктің осы шағы, келер шағы, өткен шағы, уақыт ара
қатынасын білдіретін сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру»;
12) «сан есім + зат есім». Заттың сандық ара қатынасын білдіретін:
үшінші қатар;
13) уақыт ара қатынасын білдіретін сөз тіркестерімен сөйлемқұрастыру.
«есімдіктің бірінші, екінші, үшінші жағы, жекеше және көпше түрі+етістіктің
осы шағы, келер шағы»;
14) кеңістікті білдіретін: «Зат есім + етістік ». Үйге қарай келе жатыр;
15) керек жарақ, тиістілігіне қарай: «Зат есім +есімдік». Менің кітабым.
Іс- әрекет белгілерін білдіретін «Үстеу +етістік». Оңға қарай жүгір.
46. Грамматика және жазу емлесі туралы түсінік.
47. Емле ережесін сақтап, сауатты жазуға дағдырландыру. Бас әріптермен
кіші әріптердің жазылуы: адам аттары, жер-су, қала аттарын бас әріптен бастап
жазылуы. Әліпби (алфавит). Әліпби туралы мағлұматтар. Сөздерді әліпби
бойынша орналастыра білу. Сөз соңында қойылатын нүкте, сұрақ, леп
белгілерімен таныстыру.
48. Көркем жазу. Қолдың икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін
жетілдіріп, оларды жазуға даярлау. Графикалық дағдыларды қалыптастыру.
4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
49. Екінші сыныпта өткенді қайталау.
1) сөйлем, сөз, дыбыс және әріп, дауысты және дауыссыз дыбыстар,
алфавит, жуан және жіңішке дауыстылар; Жуан айтылатын сөздер; Жуан және
жіңішке жұп дауыстылар; Буын және тасымал, дауыссыз дыбыстардың жуан
және жіңішке айтылуы;
2) кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Не істеді?
Неғылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Қандай? Қай?
сұрақтарына жауап беретін сөздер. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін
сөздер.
50. Дыбыс және әріп:
1) и әрпінің жазылуы. Сөзде қосарлы ый, ій әріптері жазылмай, олардың
орнына и әріпінің жазылуы, сый, тый және бұлардан тараған сөздердің
жазылуы; сөздегі я, ю әріптерінің алдынан ы, і жазылмай,ижазылуы; и мен і
әріптерінің жазылуындағы айырмашылықтар; и қатысты сөздердің буынға
бөліну тәртібі:иы/иі дыбыстары қатар келген сөздерде ы,і әріптерін түсірмей
жазуға дағдыландыру;
2) у әрпінің жазылуы. У дыбысын дауысты және дауыссыз болып
қолданылуы. Сөзде қосарлы үу, ұу әріптерінің жазылмай, олардың орнына у
әрпінің жазылуы: ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у дыбысы қосылғанда,
ы, і әріптерінің түсіп қалуы; у әріпінен соң ы, і әріптері келген сөздердің
жазылуы;
3) я әрпінің жазылуы: Сөзде қатар келген йа әріптерінің жазылмай,
олардың орнына я әріпінің жазылуысия, мия; сөздегі и әріпінен соң а
жазылмай, я жазылуы; сый, тый сөздерінен тараған сөздерде я әріпінің алдынан
и жазылмай, ы жазылуы;
4) ю әріпінің жазылуы. Сөзде қатар келген йу әріптері жазылмай,
олардың орнына ю әріпінің жазылуы;сөздегі и әріпінен соң у жазылмай, ю
жазылуы; сый, тый сөздерден тараған сөздерде ю әріпінің алдынан и жазылмай,
ы жазылуы, ю әріпінің жазылуына арналған жаттығулар.
51. Дауыссыз дыбыстар: дауыссыз дыбыстардың түрлері. Дауыссыз
дыбыстардың қатаң, ұяң және үнді болып үшке бөлінуі; сөйлемдегі сөздерден
дауыссыз дыбыстарды тауып, дыбыстық талдау жасау; п-б,т-д дыбыстарының
айтылуы мен жазылуы; қ, к, п дыбыстарынын ғ, г, дыбыстарына айналуы; нғ/нг,
ңғ/ңг дыбыстары қатысты сөздердін айтылуы мен жазылуы.
52. Сөз. Сөз құрамы туралы жалпы түсінік. Құрамдас сөздер және оның
анықтамасы; өзгермейтін сөз бөлігі мен құрамдас сөздерді менгеру.
53. Түбір және қосымша және оның анықтамасы; Жұрнақ және жалғау.
Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінуі туралы түсінік; жұрнақ оның
анықтамасы; жалғау оның анықтамасы. Түбір мен қосымшаның жазылуы
дыбыс түсіп қалу арқылы өзгеретін сөздер; соңғы буында ы–і дыбыстары бар
сөздерге қосымша жалғанғанда олардың түсіп қалуы.
54. Сөз таптары. Сөз таптары туралы түсінік. Сөз таптарының
анықтамасы:
1) зат есім. Зат есім туралы түсінік және оның анықтамасы; Зат есімнің
сұрақтары; Мәтіннен зат есімдерді табу;Жалқы есім мен жалпы есім;Жалқы
жәнежалпыесімнің жазылуы және оның анықтамасы;Негізгі және туынды зат
есімдер және олардыңанықтамасы; Заттың атын, сынын, қимылын білдіретін
сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап, олардан туында зат есімдер жасау; Туынды
зат есімдерді сөз құрамында талдау. Зат есімнің жекеше және көпше түрлері;
Зат есімнің жекеше және көпше түрлеріне қойылатын сұрақтар; Зат есімнің
көпше түрін сөз құрамына талдау; Көптік жалғаулар. Зат есімнің тәуелденген
түрі. Тәуелдік жаттығулар; Тәуелдік жалғауларының жекеше және көпше
түрлері. Есімді тәуелдеуге арналған жаттығулар;
2) сын есім. Сын есім туралы түсінік және оның анықтамасы; Сын есімнің
сұрақтары; Сын есімнің зат есіммен байланысып айтылуы; Мәтіннен сын
есімдерді табу. Негізгі және туынды сын есім және оның анықтамасы; Заттың
атын, сынын және қимылын білдіретін сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап,
туынды сын есімдер жасау; Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау; Негізгі
және туындысын есімдерді меңгеруге арналған жаттығулар;
3) сан есім. Сан есім туралы түсінік және оның анықтамасы; Сан есімнің
сұрақтары; Сан есімнің зат есіммен байланысып айтылуы; Мәтіннен сан
есімдерді табу. Есептік және реттік сан есімдер. Есептік сан есім, оның
анықтамасы. Сан есімнің сұрақтары;
4) етістік. Етістік туралы түсінік және оның анықтамасы; Етістіктің
сұрақтар, етістіктің зат есіммен байланысып айтылып,сөйлем құралуы. Негізгі
және туынды етістік, оның анықтамасы.
55. Сөйлем. Сөйлем туралы жалпы түсінік және оның анықтамасы;
Мәтіннен сөйлемдерді табу; Сөздерден сөйлем құрастыру. Хабарлы сөйлем;
Хабарлы сөйлемнің дауыс ырғағы; Хабарлы сөйлемдегі бірінші сөздің бас
әріппен жазылып, сөйлем соңына нүкте қойылуы; Мәтіннен хабарлы
сөйлемдерді табу, сөздерден хабарлы сөйлем құрастыру. Сұраулы сөйлем;
Сұраулы сөйлем жасаушы сұраулы сөздер; Сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағы;
Сұраулы сөйлемдегі бірінші сөздің бас әріппен жазылып, сөйлем соңына сұрау
белгісінің қойылуы; Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді табу; Сұраулы сөйлемдерді
құрастыру; Хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлемді ажырата білу. Лепті сөйлем,
олардың жасалуы, айтылуы; Лепті сөйлемнің дауыс ырғағы; Лепті сөйлемдегі
бірінші сөздің бас әріптен басталып, сөйлем соңына леп белгісінің қойылуы;
Мәтіннен лепті сөйлемдерді табу; Хабарлы, сұраулы сөйлемдерден лепті
сөйлемді ажырата білу.
56. Грамматикалық тіл құрылымының қалыптасуы.
57. Белгілі бір тұжырымды білдіретін сөз тіркестерімен сөйлем
құрастыру:
1) зат есімдердің негізгі септік жалғауларының мәнін іс-жүзінде меңгеру;
құрмалас сөйлемдермен. - Кімді? Нені? сұрағына жауап беретін (жекеше
түрдегі) зат есімдерді сөз байланысында қолдану;
2) заттың қатыстылығына байланысты («зат есім + зат есім»): Алманың
бұтағы. Анардың сөмкесі. Айдынның кітабы. Атамның тақиясы;
3) заттың санына не мөлшеріне байланысты («сан есім + зат есім» +зат
есім): Бір бума қағаз. Екі жәшік алма. Бір топ бала;
4) заттың сынына байланысты. («сын есім + зат есім»): Ағаш қасық;
5) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім + алдында, жанында, алдына
+ етістік»): Мектеп алдына келді. Аялдама алдына тоқтады;
6) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім + етістік»): Мектептен
жүгіріп шықты;
7) уақыттық қатынасқа байланысты («үстеу + етістік»): Түске дейін келді.
Себеп–салдарлық қатынасқа байланысты («зат есім +күрделі етістік»): Жаңбыр
жауған соң, кешігіп қалды;
8) заттың арнайылануына байланысты («зат есім + зат есім»): Оқушыңың
сөмкесі. Апаның орамалы;
9) қалыс немесе жоққа шығаруға байланысты. («зат есім + жоқ»): Алмас
жоқ;
10) кімдерді? Нелерді? сұрағына жауап беретін (көпше түрдегі) зат
есімдерді байланыстырып сөйлеу тілінде қолдану;
11) іс-әрекеттің кері бағытына байланысты («зат есім + зат есім+
етістік»): Інімнен хат келді. Әжемнен сәлемдеме келді;
12) кімге? Неге? сұрағына жауап беретін зат есімдермен байланысты
(жекеше түрде): Асанға, мұғалімге; Мысыққа, күшікке;
13) іс-әрекеттің затқа бағытталуына байланысты («зат есім + етістік»):
Досына бара жатыр. Мұғалімге жауап берді. Әкесіне көмектесті;
14) кімге? Неге? сұрағына жауап беретін (көпше түрдегі) зат есімдерді
байланыстырып сөйлеу тілінде қолдану;
15) құрмалас сөйлемдерді байланыстырып сөйлеу тілінде қолдану;
16) кімді? Нені? сұрағына жауап беретін зат есімдер (жекеше түрде) сөз
байланысында қолдану.
58. Белгілі бір тұжырымды білдіретін сөз тіркестерімен сөйлем
құрастыру:
1) тікелей және жанама объектісі бойынша («зат есім + етістік»): Ілгішке
іледі;
2) уақытша қатынасқа байланысты («үстеу +зат есім+ етістік»), («үстеу +
етістік»): Жұма күні келді. Күні бойы кітап оқыды;
3) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім + артында, алдында,
сыртында + етістік»): Ағаштың артына тығылды;
4) кімді? нені? сұрағына жауап беретін зат есімдерді сөз байланысында
қолдану: Мұғалімді шақыр. Тақтаны сүрт;
5) кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін зат есімдерді сөз
байланысында қолдану (жекеше түрде): Атаммен келдім;
6) іс-әрекеттің негізгі затына байланысты («зат есім + етістік»): Сабынмен
жуындырды;
7) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім + ішіне, алдына, ішінде
+етістік»): Кітапхана ішіне кірді;
8) кімдерді? Нелерді? сұрағына жауап беретін (көпше түрдегі) зат
есімдерді сөз байланысында қолдану;
9) кім туралы? не туралы? неде? сұрағына жауап беретін зат есімдерді сөз
байланысында қолдану: Анаң туралы айтып бер;
10) іс-әрекеттің затқа ауысуына байланысты («сын есім + зат есім +
етістік»): Ағаш кеме жасады;
11) кеңістік қатынасқа байланысты («сын есім + зат есім + етістік»).
Шыны вазаға салды;
12) сын есімдерді табыс септігімен (көпше, жекеше түрде) сөйлемде
байланыстырып қолдану.Сын есімдерді көмектес септігімен (жекеше түрде)
сөйлемде байланыстырып қолдану;
13) құрал немесе іс-әрекет негізіне байланысты («сын есім + зат есім +
етістік»): Қоныр бояумен бояды;
14) ілеспе зат белгісі бойынша («зат есім + сын есім + зат есім»);
15) кеңістік қатынасқа байланысты («сын есім + зат есім + жанында +
етістік»):Үлкен үйдің жанында тұр;
16) кеңістік қатынасқа байланысты («сын есім + зат есім + етістік»).
Үлкен алаңда тұр. Кең жолмен жүрді;
17) жанама объектіге байланысты («сын есім + зат есім + етістік»). Жылы
жаңбырды еске алды;
18) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім + зат есім»): Дәптер Данада;
19) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім +етістік»): Жолмен жүгірді;
20) іс-әрекеттің мақсатты бағытына байланысты («зат есім+етістік»):
Қызыма сатып алдым;
21) уақыттық қатынасқа байланысты: («зат есім + етістік»): Түске дейін
келдім;
22) кеңістік қатынасқа байланысты: («зат есім + арасында, ортасында +
етістік»): Ағаштар арасында жүр. Парталар арасында тұр;
23) жанама объектіге байланысты қатынас. («зат есім +туралы, жайында +
етістік»): Мысық туралы оқыды; Аңдар жайында жазды.
59. Жыл бойы өткен материалды қайталау.
5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
60. Үшінші сыныпта өткенді қайталау.
61. Сөйлем: хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдер. Олардың соңына
қойылатын тыныс белгілері, анықтамалары.
62. Сөйлем мүшелері. Бастауыш пен баяндауыш – тұрлаулы мүшелер;
Тұрлаусыз мүшелер; Тұрлаусыз мүшелердің, бастауыш пен баяндауыштың бір-
бірімен немесе өзара байланысы. Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ
арқылы анықтау.
63. Дыбыс және әріп:
1) дауысты дыбыстар:э дыбысы, оның айтылуы мен жазылуы. Э дыбысы
бар сөздерді дұрыс айтуға, қатесіз жазуға жаттықтыру, екпіні;
2) ё дыбысы, оның айтылуы мен жазылуы, жаттығулар, екпіні;
3) дауыссыз дыбыстар: В дыбысы, оның айтылуы мен жазылуы. В
дыбысы арқылы жазылатын негізгі сөздерге жаттығу, ол сөздердің екпіні. В-Б
дыбыстарын салыстыру;
4) ф дыбысы. Оның дыбысталуы мен жазылуы. Ф дыбысына қатысты
сөздер, ол сөздердің екпіні; Ф-П дыбыстарын салыстыру;
5) ц дыбысы. Оның дыбысталуы мен жазылуы. Ц арқылы жазылатын
сөздер. Ц-С дыбыстарын салыстыру;
6) ч-щ дыбыстары. Олардың айтылуы мен жазылуы. Ч-Щ арқылы
жазылатын сөздер, олардың екпіні. Ч-Щ дыбыстарын салыстыру;
7) жіңішкелік ь және айыру ъ белгілері, анықтамасы, олар арқылы
жазылатын сөздер.
64. Сөз:
1) туынды сөздер. Біріккен сөздер, анықтамасы. Жер-су аттары және кісі
аттарын білдіретін біріккен сөздердің жазылуы;
2) қос сөздер, анықтамасы, оның түрлері. Бір сөздің қайталануы арқылы
екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы, күшейтпе буын арқылы жасалған қос
сөздер;
3) қысқарған сөздер, анықтамасы. Әріп арқылы және буын арқылы
қысқарған сөздер.
65. Сөз құрамы. Құрамдас сөздер; түбір және қосымша, жұрнақ және
жалғау (3-4 сыныпта өткенді қайталау):
1) негізгі түбір мен туынды түбір;
2) қосымшалы сөз анықтамалары;
3) түбір мен қосымшаның жазылуы;
4) өзгермелі түбір сөздер.
66. Сөйлем:
1) жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Анықтамасы, жай сөйлем мен
құрмалас сөйлем;
2) жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем. Анықтамасы, жасалуы;
3) сөйлемнің біріңғай мүшелері, анықтамасы;
4) сөйлем мүшелері және олардың байланысы.
67. Сөз таптары:
1) зат есім. Зат есімнің жекеше және көпше түрі, олардың анықтамасы.
Зат есімнің жекеше және көпше түріне қойылатын сұрақтар. Зат есімнің көпше
түрін сөз құрамына талдау, көптік жалғаулары.Зат есімнің септелуі. Септіктер;
септік жалғаулары. Сөз таптары: Кім? Не? Не істеді? Қандай? сұрақтар
бойынша топтастыру;
2) сын есім. Қарсы мәндес сын есімдер. Дара және күрделі сын есімдер,
анықтамасы, жазылуы;
3) сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, анықтамасы, жазылуы. Сан
есімнің жазылуы;
4) етістік. Дара және күрделі етістіктер. Оның анықтамасы, жазылуы.
Етістіктің жіктелеуі. Анықтамасы, жекеше және көпше жіктеу үлгілері.
Етістіктің шақтары. Анықтамасы, осы шақ, өткен шақ, келер шақтағы
етістіктердің өзара мағыналық айырмасы;
5) есімдік туралы жалпы түсінік, оның анықтамасы;
6) үстеу туралы түсінік. Анықтамасы, түрлері. Шылау туралы түсінік.
Оның анықтамасы, түрлері.
68. Грамматикалық тіл құрылымының қалыптасуы. Белгілі бір
тұжырымды білдіретін сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру. Зат есімнің септік
түрлерінің негізгі мәндерін іс-жүзінде меңгеру:
1) кімді? Нені? сұрақтарына жауап беретін (жекеше түрде) зат есімдерді
сөз байланысында қолдану;
2) кімге? Неге? сұрақтарына жауап беретін (жекеше түрде) зат есімдерді
сөз байланысында қолдану. Іс-әрекеттің затқа бағытталуына байланысты.(«зат
есім + етістік»): Досына бара жатыр. Ағасына көмектесті;
3) заттың жағдайына байланысты («зат есім + үстеу»): Балаға өте көңілді;
4) кеңістік қатынасқа байланысты («зат есім + ішіне, жанында, алдына +
етістік»): Қора ішіне кірді;
5) кімдерге? Нелерге? сұрағына жауап беретін зат есімдерді сөз
байланысында қолдану: Балаларға айтылды. Балапандарды қоректендіреді;
6) кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін зат есімдерді (жекеше түрде)
сөз байланында қолдану: Апаммен келдім. Машинамен келдім;
7) құрал немесе іс-әрекет негізіне байланысты («зат есім + етістік»):
Шөптен қореқтендірді;
8) кімдермен? Нелермен? сұрағына жауап беретін зат есімдерді (көпше
түрде) сөз байланысында қолдану;
9) кім туралы? Не туралы? Неде? сұрағына жауап беретін зат есімдерді
сөз байланысында қолдану:Ағаң туралы айтып бер;
10) кеңістік қатынасқа байланысты (зат есім + етістік) ұйымдар,
кәсіпорындар, объектілердің аттарына байланысты қолданылуы ерекше
жағдайларда (үйде, мектепте, ауылда, дәріханада) шаралар, әрекеттер
(серуенде, саяхатта) елді мекеннің бөлішелерінде, ғимараттарда (бөлмеде,
қалада, алаңда);
11) жанама объектіге байланысты (зат есім + туралы + жайында + етістік):
Аңдар туралы оқыды. Аңшы жайында айт;
12) заттың қатынастығына байланысты («зат есім + зат есім»): Ағаштың
бұтағы. Апамның орамалы;
13) заттың санына, не мөлшеріне байланысты («сан есім + зат есім + зат
есім»): Екі мөшек ұн. Бір жәшік алма;
14) заттың сынына байланысты («сын есім + зат есім»): Ағаш төсек;
15) уақыттық қатынасқа байланысты («үстеу + етістік»): Кешке дейін
келді;
16) себеп-салдарлық қатынасқа байланысты («зат есім+ күрделі етістік»):
Жаңбыр жауған соң, кешігіп қалды;
17) заттың арналуына қолдануына байланысты («зат есім+зат есім»):
Айшаның сөмкесі. Әкемнің бөлмесі;
18) қалыс немесе жоққа шығаруға байланысты («зат есім + жоқ»):
Кітабым жоқ. Айтбай жоқ;
19) кімдерді? Нелерді? сұрағына жауап беретін (көпше түріндегі) зат
есімді сөз байланысында қолдану.
6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
69. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) тілдің (ауызша және жазбаша сөйлеудің) негізгі бірліктері туралы
қарапайым ұғымдарды: сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы
қарапайым түсінікті;
2) қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстар мен әріптерді;
3) қима әріптерден сөз және сөз тіркесін құрастыра;
4) дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты)
ажыратуды;
5) әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті)
ажыратуды;
6) бас әріптен басталып жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі,
қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар);
7) сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді;
8) а және ә; о және ө; ұ және ү; ы және і дыбыстары мен әріптерді және
қосарлы дауыстылар (и, ё, я, ю)кездесетін сөздерді дұрыс жазуды;
9) сөзді, сөйлемді, мәтінді тыңдауды, сөздің мағынасын, сөйлем мен
мәтіннің мазмұнын түсінуді;
10) сөздегі дыбысты дұрыс есту мен айыруды, оларды дұрыс айтуды;
11) тақырыпқа сай ауызша 2-3 сөйлем құрастыруды;
12) кім? Не? Не істеді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажырата;
13) дауыстап және іштей оқуды;
14) сөздерді буындап оқуды, жыл соңына қарай тұтас сөзбен оқуды;
15) тақырып бойынша екі-үш сөйлемнен тұратын мәтін құрастыруды
білуі тиіс.
7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
70. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;
2) сөз мағыналарын;
3) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын;
4) сөзге дыбыстық талдау жасауды;
5) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара
салыстыруды;
6) кім? Не? Не істеді? Қандай? Қайда? деген сұрақтарды ажырата білуді;
7) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді
(Кіммен? Қайда? Қашан? Не туралы?);
8) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды;
9) каллиографиялық нормаларды (әріпті бұзбай жазу, бір келкі жазу,
қатесіз жазу, тазалығы) сақтап дұрыс жазуды білуі тиіс.
8. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
71. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың арасындағы
байланысты;
2) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
3) қаратпа сөзді;
4) дыбыс және әріп, олардың емлесін;
5) сөз және оның мағынасын;
6) сөз таптарын: зат есім, сын есім, етістік, есімдік;
7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын,
8) туынды сөз жасайтын жұрнақтарды;
9) түбір мен қосымшаның жазылуын;
10) сипаттау, сюжеттік сурет бойынша баяндау, өзінің бақылауы арқылы
шығарманы жазуды; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды;
11) сөзге фонетикалық талдау жасауды;
12) сөз құрамына (түбір, жалғау, жұрнақты ажырату) талдауды білуі тиіс.
9. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
72. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) мәтін және оның түрлерін;
2) сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін;
3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс белгілерін;
4) синтаксистік талдау жасауды;
5) сөз тіркесін;
6) буын және дыбыс үндестігін;
7) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын;
8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігін, құрмалас
сөйлемнің тыныс белгісін;
9) сөз таптарын және түрлену жүйесін білуі тиіс.
73. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту,
гимн) құрметтеуінен, мемлекеттік гимнді білуінен;
2) туған елге деген сүйіспеншілігінен, туған жердің табиғатын сақтауға
және қорғауға деген ұмтылысынан;
3) ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен
батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба
жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;
4) өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуінен;
5) салауатты өмір салтын ұстануынан;
6) еңбек пен оқуға деген жауапкершілікті сезінуінен;
7) мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;
8) қарым-қатынас барысында мәдениет сақтауынан, үлкен адамдарды
құрметтеп, кішілерге қамқорлық танытуынан көрініс табады.
74. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) дыбыстық және әріптік жүйе, дыбыстың түрлері (дауысты: жуан,
жіңішке, дауыссыз); буын, сөз, сөйлем; буыннан сөз, сөзден сөйлем
құралатыны; сөздердің белгілі бір мағынасы болатыны және белгілі бір қызмет
атқаратыны (заттың атын, іс-қимылын, түр-түсін, дәмін, иісін т.б. сипаттарын
білдіретіні); сөйлемнің бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі
қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер; тасымал, т.б. жайында алған
қарапайым түсініктерін оқу және жазу барысында дұрыс пайдалана білуімен
және сөздерге қарапайым дыбыстық-буындық талдау жасауымен;
2) оқу үдерісінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауынан және
дұрыс түсінуінен, қажетті жағдайда есіне түсіріп, орынды қолдана алуымен;
3) шапшаң, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысымен;
4) дұрыс, қатесіз, сауатты әрі көркем жаза алуымен;
5) ауызша және жазбаша тілінің дамуымен;
6) шығармашылық жұмыстарға қызығушылығынан, талдау, жинақтау,
әдістерін қолдана білуімен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |