Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 135-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар)
оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары
үшін «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және
есту қабілетін дамыту» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленген.
2. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»
пәні есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар)
балаларға арналған арнайы пән болып табылады. Нашар еститін оқушылардың
есту қабілетін дамытумен ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру бір-бірімен өте
тығыз байланыста жүргізіледі. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру есту, көріп
есту арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу тілін есту арқылы қабылдау ауызша
сөйлеу тілін жетілдірумен тікелей байланысты.
3. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады:
1) есту қабілетін дамыту;
2) дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.
4. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»
пәнінің мақсаты–сөйлеу тілін естіп қабылдау және ауызша сөйлеу дағдыларын
дамыту.
5. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»
пәнінің міндеттері:
1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ашық таңдауда және жабық
таңдауда ажырату;
2) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, балаларға таныс
мәтіндерді қабылдауға үйрету;
3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату;
4) диалог жүргізуге үйрету;
5) сөйлемдерді ажырату, сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана
отырып фразаларды құрастыру;
6) мәтіндерді есту арқылы қабылдауға, мағынасын түсінуге үйрету;
7) оқушылардың нақты, анық және мәнерлеп сөйлеуге үйрету;
8) сөйлеу кезінде логикалық екпінді сақтап сөйлеуге үйрету;
9) орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып сөйлеуге үйрету.
6. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін аптасына 18 сағаттан оқытылады
(барлығы – 3024 сағат). Жалпы сағат саны кезеңдер бойынша төмендегіше
бөлінеді:
1) дайындық сыныбында – 594 сағат;
2) 1-сыныпта –594 сағат;
3) 2-сыныпта –612 сағат;
4) 3-сыныпта – 612 сағат;
5) 4-сыныпта - 612 сағат.
7. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) тіл дамыту пәнімен: «адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін
толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы
байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық
қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында
алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша
жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану;
2) түзету ритмикасы пәнімен: түзету ритмикасы кезінде ритмикалық
қозғалыстар жасау, музыканы қабылдау нашар еститін балалардың естіп
қабылдауын дамытуға, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруға ықпал етеді;
3) заттық-тәжірибелік оқыту пәнімен: еңбек тақырыбына байланысты
шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың
еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, ермексазбен, табиғи материалдармен жұмыс
жасау, қағаздарды қию, өрнектер салу, безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшық
еттерін дамыту;
4) қоршаған ортамен таныстыру пәнімен: «Адам-табиғат-қоғам» туралы
білімдерін толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар
арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау
барысында алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын
байыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану.
8. «Дыбыстарды айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»
пәнін оқыту кезінде қарапайымнан күрделіге көшу қағидасына сүйенеді.
Дайындық сыныбында оқитын балалармен естіп қабылдауын дамыту жұмысы
дыбысқа шартты қозғалыс реакциясын қалыптастырудан басталады. Берілетін
сөздік материалдың көлемі жыл сайын ұлғайып отырады.
9. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»
пәні фронтальды және жеке сабақта ұйымдастырылады:
1) фронтальды сабақтарда әртүрлі дыбыстарды қабылдауға үйретеді,
қоршаған ортаның түрлі дыбыстарымен, сөйлеу тілінің қалыптасуы үшін
қажетті болып табылатын дыбысталулардың сипаттамасын (дыбысталудың
ұзақтығын қаттылығын, биіктігін ажырату, дыбысталудың бағытын анықтау)
ажыратуға үйретеді. Фронтальды сабақтарда дыбыстарды қою және
кемістіктерін түзету жұмысы жүргізілмейді. Фронтальды сабақтың негізгі
міндеті: дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекітеді;
2) жеке сабақтарда балалар есту арқылы сөздерді, сөз тіркестерін,
фразаларды, мәтіндерді жабық (шектеулі) және ашық (шексіз) таңдауда
ажыратуға, тануға, танып білуге және дұрыс сөйлеуге үйретеді.
10. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»
пәнінің міндетті кезеңдерінің бірі сөздік материалдарды есту арқылы (есту
аппаратымен және есту аппаратынсыз) қабылдау болып табылады.
2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны
11. Есту қабілетін дамыту.
12. 1 тоқсан.
13. Дыбыс күшейткіш аппаратпен, жеке аппаратпен және аппаратсыз
қабылдау:
1) дыбысқа шартты қозғалыс реакциясын қалыптастыру;
2) қоршаған орта дыбыстары (қаладағы көлік дыбыстары, табиғат
дыбыстары: жаңбыр, жел, боран және т.б.) және тұрмыстық дыбыстарымен
(есік қоңырауы, шаңсорғыш, телефон шырылы және т.б.) таныстыру және есту
арқылы ажырату, танып білу;
3) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын, дыбыстық
еліктеулерді (мяу, аф-аф, муу, пи-пи және т.б.) ажырату және танып білу
(дыбыс күшейткіш аппаратпен, жеке аппаратпен және аппаратсыз);
4) есту арқылы былдыр сөздер мен толық сөздерді қабылдау және
ажырату (дыбыс күшейткіш аппаратпен, жеке аппаратпен және аппаратсыз)
сөздік материалдар үлгісі: алма, доп, аю, банан, ат, мысық және т.б.
14. Есту арқылы тілдік емес дыбыстарды қабылдау.
15. Тілдік және тілдік емес сигналдарды есту арқылы қабылдау және
ажырату:
1) дыбысталатын ойыншықтар және саз аспаптарын есту арқылы ажырату
(дауылпаз, ысқырық, пианино, сылдырмақ және т.б.);
2) дыбысталу санын анықтау (біреу-көп);
3) дыбысталудың ұзақтығын (ұзақ-қысқа), қаттылығын (қатты-ақырын),
биіктігін (төмен-жоғары) ажырату;
4) дыбысталудың бағытын анықтау (оң жақта, сол жақта, жоғарыдан,
төменнен);
5) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату.
16. 2 тоқсан.
17. Дыбыс күшейткіш аппаратпен, жеке аппаратпен және аппаратсыз
қабылдау:
1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, балаларға таныс
мәтіндерді қабылдау;
2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату: Тұр. Отыр. Мынау не? Мынау кім? Тыңда! Сенің атын кім? Сенің
жасың нешеде? Аппаратты тақ (шеш, қос). Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес
сөйлеу тілі материалы: «Отбасы», «Оқу құралдары», «Ойыншықтар», «Оқу
құралдары», «Азық түлік» (азық түлік түрлері,олармен іс-әрекет жасау) т.с.с.;
3) диалог жүргізу - тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын
пайдалана отырып мұғалім және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу.
Жүргізілетін жұмыс түрі: Ойын: «Ойын бөлмесінде»; Диалог барысында
демонстрациялау: «Көкөніс дүкені»);
4) 2-3 сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана отырып фразаларды
құрастыру. Мысалы: Бала сурет салды. Үлкен доп. Сәйкес суреттерді таңдау.
Мысалы: Бала кітап оқып отыр. Әже тоқып отыр;
5) математикалық материалды ажырату – көп, аз, біреу, қанша?.
18. Тілдік емес дыбыстарды есту арқылы қабылдау:
1) саз аспаптарын;
2) музыкалық ритмдерді (вальс, марш және т.б.);
3) жануарлардың дауыстары (ит, мысық, қораз, сиыр, ат, қой);
4) дыбысталу санын ажырату (біреу-көп, біреу-екеу-үшеу);
5) әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды ажырату (жоғары-төмен, жоғары-
орташа-төмен).
19. 3 тоқсан.
20. Дыбыс күшейткіш аппаратпен, жеке аппаратпен және аппаратсыз
қабылдау.
21. Мазмұны таныс сөздерді сөздік материалдарды (сөздер, сөз тіркестері,
фразаларды):
1) оқу іс әрекетіне байланысты сөздік материалдар: Қазір қандай сабақ?
Тыңда. Отыр. Тұр. Аппаратты қос (шеш, өшір);
2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату: Қазір қай мезгіл? Далада қар жауды. Күн суық. Анаңның аты кім?
т.б.;
3) жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Қыс»,
«Заттардың түстері, көлемдері, пішіндері. «Үй жануарлары», «Жабайы аңдар»,
«Көктем келді», «Аналар мерекесі», «Наурыз»;
4) диалог жүргізу - тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын
пайдалана отырып мұғалім және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу.
Жүргізілетін жұмыс түрі: ойын; диалог барысында демонстрациялау;
5) сөйлемдерді ажырату –3-4 сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана
отырып фразаларды құрастыру. Мысалы: Ата кітап оқыды. Алмас доп ойнады.
Айнұр гүлге су құйды. Сәйкес суреттерді таңдау;
6) мәтінмен жұмыс – барысында баланың қабылдау деңгейіне
байланысты 5-6 сөйлемге дейінгі таныс мәтіндерді пайдалану. Мәтінмен жұмыс
барысында көрнекіліктерді, конструктивті суреттерді пайдалану. Мысалы: Қыс
келді. Далада күн суық. Балалар аққала жасады. Шанамен ойнады. Қар жауып
тұр.
22. Тілдік емес материалдарды қабылдау:
1) саз аспаптарын (4-6 түрін);
2) жануарлар мен құстардың дауыстары;
3) қоршаған орта дыбыстары (есік қоңырауы, телефон шырылы, терезені
ұрғандағы дауыс, үстелді ұрғандағы дауыс және т.б.);
4) адам шығаратын тілдік емес дыбыстар (жылау, күлу, түшкіру, жөтелу
және т.б.);
5) дыбыстың шыққан бағытын анықтау (алдынан, артынан, оң жағынан,
сол жағынан).
23. 4 тоқсан.
24. Дыбыс күшейткіш аппаратпен, жеке аппаратпен және аппаратсыз
қабылдау. Мазмұны таныс сөздерді сөздік материалдарды (сөздер, сөз
тіркестері, фразаларды):
1) оқу іс әрекетіне байланысты сөздік материалдар: Қазір қандай сабақ?
Тыңдаймыз. Отыр. Тұр. Қазір ойын ойнаймыз. Аппаратты қос (шеш, өшір).
Қаламды бер. Бірден беске дейін сана;
2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату: Қазір қай мезгіл? Көктем. Күн жылынды. Менің атым..., т.б.;
3) жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Наурыз»,
«Заттардың түстері, көлемдері, пішіндері. «Үй жануарлары», «Сынып
жиһаздары», «Жемістер», «Оқу құралдары»;
4) диалог жүргізу - (тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын
пайдалана отырып мұғалім және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу.
Жүргізілетін жұмыс түрі: ойын; диолог барысында демонстрациялау;
5) сөйлемдерді ажырату 4-5 сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана
отырып фразаларды құрастыру. Мысалы: Балалар далада доп ойнады. Жазда
балалар суға шомылады. Сәйкес суреттерді таңдау;
6) мәтінмен жұмыс – барысында баланың қабылдау деңгейіне
байланысты 6-8 сөйлемге дейінгі таныс мәтіндерді пайдалану. Мәтінмен жұмыс
барысында көрнекіліктерді, конструктивті суреттерді пайдалану. Мысалы:
Наурыз мерекесі өте көңілді. Наурызда көже ішеміз. Алтыбақан ойнаймыз.
Далада жүгіреміз. Дәмді тағамдар жейміз. Ән тыңдаймыз және т.б.
25. Тілдік емес материалдарды қабылдау:
1) музыканың темпін ажырату;
2) тұрмыстық дыбыстар мен қоршаған орта дыбыстарын ажырату (есіктің
қоңырауы, телефон шырылы, жаңбырдың дауысы және т.б.);
3) «Әрқашан күн сөнбейді» әуені.
26. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.
27. Сөйлеу кезіндегі тыныспен жұмыс:
1) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы бір тыныста бірнеше
буындарды бірге айтқызу (папапапапа немесе тататата);
2) буындық құрамы әртүрлі сөздерді айтқызу (доп, алма, машина);
3) 4-5 буыннан тұратын фразаларды айтқызу (мынау алма, мынау машина
және т.б.).
28. Дауыспен жұмыс. Мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы өз
дауысының күшін өзертуге үйрету (қатты, ақырын).
29. Дыбыстармен жұмыс:
1) негізгі концентрдің [а, о, у, э, и, ә, ө, ү, ы, п, т, к, с, ш, м, н, л]
дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтқызу. Қосымша [б, қ]
дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтқызу. Дифтонгтарды
[йэ]-е, [йа]-я ашық, жабық және тұйық буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс
айтқызу;
2) алғашқы концентрге кірмеген дыбыстарды айтылуы жақын
дыбыстармен алмастырылады, мысалы: «топ» (доп), «ала» (ара), «канша?»
(қанша?), «пил» (піл), «ан» (аң), «күл» (гүл), «шанбыр» (жаңбыр), «уста» (ұста),
«ака» (аға), «аспас» (аспаз);
3) берілген концентрдегі айтылуы жақын дыбыстарды буында, сөзде,
фразаларда бір-бірінен ажырату: а-о, а-ә, а-э, ә-э, о-у, о-ө, у-ү, э-и, ы-и, и-е, ә-е,
м-п, н-т, л-н, т-л.
30. Сөздермен жұмыс.
31. Мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы екі-үш буыннан
тұратын сөздерді бірге, қалыпты дауыспен, буындық құрамын толық айтқызу.
Жұмысты жүргізу кезектілігі:
1) еліктеу арқылы айтқызу;
2) екі дауыссыз дыбыс қатар келгенде қуыстан шығатын дыбысты соза
отырып бөліп айтқызу (мысалы: ас__паз);
3) бөлмей айтқызу;
4) суреттерді атау.
32. Фразалармен жұмыс:
1) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы 4-5 буыннан тұратын
фразарды бір деммен айтқызу;
2) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы хабарлы сұраулы
сөйлемдерді екпінмен айтқызу.
3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
33. Есту қабілетін дамыту.
34. 1 тоқсан.
35. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, балаларға таныс
мәтіндерді қабылдау (баланың естіп қабылдау деңгейіне байланысты
аппаратпен және аппаратсыз):
1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату (ауа райы, апта күндері, жыл мезгілдері және т.б. Сенің атын кім?
Сенің жасын нешеде? Сен қалай естисін? Аппаратты тақ (шеш, қос)). Жалпы
білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Отбасы», «Күз» (Күз
айларын ата? Жапырақтар жерге түседі. Күн салқын. Жаңбыр жауып тұр)
«Ойыншықтар», «Оқу құралдары», «Сынып жиһаздары», «Бет және дене
мүшелері», «Ойын бөлмесінде» «Азық түлік» (азық түлік түрлері,олармен іс-
әрекет жасау) т.с.с.;
2) диалог жүргізу - тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын
пайдалана отырып мұғалім және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу.
Жүргізілетін жұмыс түрі: Ойын: «Ойыншықтар дүкені»; Диалог барысында
демонстрациялау: «Сынып жиһаздары»);
3) сөйлемдерді ажырату –2-3 сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана
отырып фразаларды құрастыру. Мысалы: Бала сурет салды. Үлкен доп. Сәйкес
суреттерді таңдау. Мысалы: Бала кітап оқып отыр. Әже тоқып отыр;
4) математикалық материалды ажырату – балаға таныс математикалық
термин сөздерді пайдалану. Мысалы: 2 алманы ал; 2, 3 сандарын көрсет; +,-
көрсет;
5) мәтінмен жұмыс – барысында баланың қабылдау деңгейіне
байланысты 5-8 сөйлемге дейінгі таныс мәтіндерді пайдалану. Мәтінмен жұмыс
барысында көрнекіліктерді, конструктивті суреттерді пайдалану.
36. Тілдік емес дыбыстарды естіп қабылдау:
1) дыбыстың жиілігін ажырату (жоғары, төмен, орташа);
2) дыбыс шығаратын ойыншықтар мен саз аспаптарын ажырату;
3) тұрмыстық дыбыстар (мектептегі үзіліс қоңырауы, телефон, есік,
велосипед, сағат);
4) жануарлардың дауыстары (ат, сиыр, қой, мысық, ит және т.б.);
5) өлең әуендері.
37. 2 тоқсан.
38. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, балаға таныс
мәтіндерді қабылдау (баланың естіп қабылдау деңгейіне байланысты
аппаратпен және аппаратсыз):
1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату (ауа райы, апта күндері, жыл мезгілдері және т.б. Мұғалімнің аты кім?
Бүгін ауа райы қандай? Күн, ашық, жаңбыр, жел, ыстық, күз келді, кезекші).
Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Асханада»
(тәрелкені бер, сүтті іш, Асан банан жеді); «Жеміс-жидектер», «Көкөністер»,
«Етістіктер», «Қыс» (қар, аяз, суық, мұз т.с.с); «Жаңа жыл мерекесі», т.с.с.;
2) диалог жүргізу - жүргізілетін жұмыс түрі: ойын «Асханада» (Аспаз
және оқушы сұрақ жауап алмасуы. Мысалы: (не ішесің, жейсің, құйып
беріңізші, ал, дастарханды жина, рахмет, ас болсын); диалог барысында
демонстрациялау;
3) сөйлемдерді ажырату. 2-3 сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана
отырып фразаларды құрастыру. Мысалы: Нұржан кітап оқыды. Сары жапырақ.
Сәйкес суреттерді таңдау;
4) математикалық материалды ажырату – балаға таныс математикалық
термин сөздерді пайдалану Мысалы: 2 алманы салыстыр; Көп, аз; +,- көрсет,
қанша, сонша;
5) мәтінмен жұмыс – барысында баланың қабылдау деңгейіне
байланысты 5-8 сөйлемге дейінгі мәтіндерді пайдалану. Мәтінмен жұмыс
барысында көрнеіліктерді, конструктивті суреттерді пайдалану.
39. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау:
1) дыбысталудың санын анықтау «көп-біреу, біреу-екеу-үшеу);
2) дыбысталудың ұзақтығын (ұзақ-қысқа), қаттылығын (қатты-ақырын-
тыныш) ажырату;
3) шуылдар (шаңсорғыш, су ағысы, сағат жүрісі);
4) өлең әуендері.
40. 3 тоқсан.
41. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, таныс мәтіндерді
қабылдау (баланың естіп қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және
аппаратсыз):
1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату және тану (Сен қайда тұрасын? Сыныпта кім кезекші? Сенің тегін кім?
Отбасына байланысты сұрақтар). Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу
тілі материалы: «Қысқы демалыс». «Заттарды түсіне және көлеміне қарай
ажырату» (сары шар сал, қызыл қарындашты ал, көк допты бер); «Ұйықтайтын
бөлме», «Киімдер», «Аяқ киімдер», «Үй жануарлары», «Жабайы аңдар»,
«Көктем келді», «Аналар мерекесі», «Наурыз»;
2) диалог жүргізу - тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын
пайдалана отырып мұғалім және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу.
Жүргізілетін жұмыс түрі: ойын; диалог барысында демонстрациялау;
3) сөйлемдерді ажырату және тану – бұл бөлім матерриялы
грамматикалық сөйлеу тілі құрлымын қалыптастырумен тығыз байланысты. 2-3
сөзден тұратын кескін сөздерді пайдалана отырып фразаларды құрастыру.
Мысалы: Алмас қызықты кітап оқыды. Қызыл алма тәтті. Сәйкес суреттерді
таңдау;
4) математикалық материалды ажырату – балаға таныс математикалық
термин сөздерді пайдалану. Мысалы: Ұзын, қысқа. Үлкен алманы ал; 2, 3, 4, 5,
6, 7 сандарын көрсет; +, - көрсет, шарты;
5) мәтінмен жұмыс – барысында баланың қабылдау деңгейіне
байланысты 5-8 сөйлемге дейінгі таныс мәтіндерді пайдалану. Мәтінмен жұмыс
барысында көрнекіліктерді, конструктивті суреттерді пайдалану.
42. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау:
1) дыбысталудың бағытын, темпін ажырату;
2) би ырғағын (тез, баяу) ажырату;
3) жануарлармен құстардың дыбыстарын ажырату;
4) көшенің дыбыстарын ажырату;
5) өлең әуендері.
43. 4 тоқсан.
44. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, таныс мәтіндерді
қабылдау (баланың естіп қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және
аппаратсыз). Оқу іс-әрекетіне байланысты:
1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажырату және тану (Сыныпта кезекші не істейді? Дәптер қайда тұрады?
Сыныпта кім жақсы оқиды? Сен еңбек сабағында не істедің?). Жалпы білім
беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Көктемгі демалыс» (қар еріді,
бүршік атты, күн жылы); «Туған күн», «Заттың сапасын білдіретін сөздер»
(таза, кір, жақсы, жаман, ескі, жаңа т.с.с.), «Мамандықтар», «Құстар», «Жаз»,
«Жазғы демалыс»;
2) диалог жүргізу - тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын
пайдалана отырып мұғалім және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу.
Жүргізілетін жұмыс түрі: ойын; диалог барысында демонстрациялау;
3) сөйлемдерді ажырату. Сөйлемдегі сөз құрамын бала деңгейіне қарай
ұлғайту. Сәйкес суреттерді таңдау. Математикалық материалды ажырату –
балаға таныс математикалық термин сөздерді пайдалану Мысалы: балаға таныс
есептер 2+8; 5-3; екіге артық, 1 кем;
4) мәтінмен жұмыс – барысында баланың қабылдау деңгейіне
байланысты 5-10 сөйлемге дейінгі таныс мәтіндерді пайдалану. Мәтінмен
жұмыс барысында көрнеіліктерді, конструктивті суреттерді пайдалану.
45. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау:
1) балаларға таныс өлеңдерді ажыратуға үйрету;
2) түрлі саз аспаптарын ажырату;
3) адам шығаратын тілдік емес дыбыстарды ажырату (күлкі, жылау,
жөтелу, түшкіру және т.б.).
46. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру. Сөйлеу кезіндегі тыныспен
жұмыс:
1) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы бір тыныста бірнеше
буындарды бірге айтқызу (папапапапа немесе тататата);
2) 4-6 буыннан тұратын (1-жарты жылдықта), 7-8 буыннан тұратын (2-
жартыжылдықта) сөздер, сөз тіркестері және фразаларды бір тыныс
шығарғанда айтқызу.
47. Дауыспен жұмыс:
1) мұғалімге еліктеу арқылы және өзбетімен өз дауысының күшін
өзертуге үйрету (қатты, ақырын);
2) хабарлы және сұраулы сөйлемдерге байланысты дауыстың мәнерін
өзгертуге үйрету.
48. Дыбыстармен жұмыс:
1) негізгі концентрдің [а, о, у, э, и, ә, ө, ү, ы, п, т, к, с, ш, м, н, л] және
қосымша берілген [б, қ] дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс
айтылуын бекіту. Дифтонгтарды [йэ]-е, [йа]-я ашық, жабық және тұйық
буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтылуын бекіту;
2) қазақ тіліндегі [і, ұ, д, й, г, ғ, ж, з, ң, в, р, х, ф, щ, ц, һ, ч] дыбыстарды
ашық, жабық және тұйық буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтқызу;
3) дифтонгтарды [йэ]-е, [йа]-я, [йу]-ю, [йо]-ё ашық, жабық және тұйық
буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтылуын бекіту;
4) айтылуы жақын дыбыстарды буында, сөзде, фразаларда бір-бірінен
ажырату: а-о, а-ә, а-э, о-у, о-ө, у-ү, ұ-у, ұ-ү, ө-ү, ы-і, і-и, ы-и, и-е, ә-е, м-п, н-т, л-
н, р-л, т-л, п-б, п-ф, с-з, ш-ж, д-т, ч-ш, ш-щ, к-қ, г-ғ, қ-х, қ-һ, х-һ;
5) дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту барысында артикуляциясы
жақын дыбыстарды ажыратуға береді;
6) дұрыс айта алмайтын дыбыстарды түзету.
49. Сөздермен жұмыс:
1) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы екі-үш буыннан тұратын
сөздерді бірге, қалыпты дауыспен, буындық құрамын толық сақтай отырып
айтқызу;
2) екі дауыссыз қатар келген сөздерді дұрыс айтып үйрету. Сөйлеу
кезінде дұрыс айту ережесіне сай сөйлеуге үйрету. Мысалы: Жұлдыз-жұлдұз,
құндыз-құндұз, барады-барат, келеді-келет.
50. Фразалармен жұмыс:
1) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы қалыпты темппен сөз
тіркестері мен фразаларды дұрыс айтқызу;
2) сөйлеу кезінде темпті өзгертіп сөйлеуге үйрету: тез айт, асықпай айт;
3) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы сөйлемдерді хабарлы
сұраулы екпінмен айтқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |