2.Балық құрамы. Балықтың қабыршағын, іш құрылысын тазарғып, желбезегін алады да жақсылан жуады. Осыдан кейін балықты бірнеше бөлікке бөліп кастрюльге салады, оған балықтың басы мен құйрығын да, кесілген сәбіз бен пиязды да қосып, салқын су құйып (2—2,5 л), тұз салып, 25—30 минуттай қайнатады. Осыдан кейін балықты алып, басы мең құйрығын тағы да 15—20 минуттай қайнатады. Балық сорпасын табақшаларға құйып, дастарканға қояр алдында балықтың етінің бір кесегін қоса салады не бөлек қояды.
Балықтың пайдаланылмаған қалдықтарынан да, немесе басынан да сорпа әзірлеуге болады. Мұны 45—60 минут, ал балық шеміршектерін 2 сағаттап астам қайнатады. 4—5 адамға арнай балық сорпасын әзірлеу үшін 500—600 г балық, бір-бірден сәбіз, петрушка, пияз қажет. Егер сорпа балық қалдықтары мен басынан қайнатылатьш болса, онда, сүйегін жақсылан тазартып, сорпаны сүзіп алады.
Саңырауқұлақ сорпасы. 4—5 тәрелкелік сорпа әзірлеу үшін 50—80 г кептірілген саңырауқұлақ қажет. Саңырауқұлақты бірнеше қайтара жылы сумен жуған- нан кейін салқын су (2—3 л) құйый, 1,5—2 сағаттай жайлап қайнатады. Саңырауқұлақ пісуге таяған кезде тұз салады. Оны тез пісіру үшін әуелі 1—1,2 сағаттай салқын суда сақтап, сонан соң сол сумен қайнатады. 4—5 адамға арнай сорпа әзірлеу үшін 1 тампық еті (орташа салмағы 1 кг), бір тал сәбіз, петрушка, пияз қажет.
Тауықты үйітіп, ішекқарнын бөлек шығарыл, бас-сирағын кесіп (мойнымен қоса), ұшасы мен ішек-қарның тазалап, бауырын алып тастайды да, кастрюльге салады. Тауық ұш асын тұтастай пісір уд і оңайлату үшін төсінің астынан 2 жерден тесіл, сирақтарын сол жерге тығыл қояды. (Үй құстары (еті) мақаласын қараңыз). Содан кейін оған салқын су құйып (2,5—3 л) отқа қояды. Сорпа қайнаған кезде көбігін алып, отын басып, жайлап қайнатады (1—2 сағаттай, тауық еті былбырап піскенше), 40—60 минут қайнағаннан кейін сәбіз, петрушка, тұз салады. Дайын болған тауықтың еті мен ішек-қарнын алып, сорпасын сүзеді.
Басқа да үй құстарының сорпасын осылай пісіреді. Мал мен үй құстары етінің сорпасын сүзіл, майын қалқып алғаннан кейін кеселерге құйып, пісірілген жұмыртқа не сәбіз, петрушка (дөңгелектеп, ұсақтан не жіңішкелеп кесілген күйінде) қосып дастарқанға қояды. Гарнирін сорпадан бөлек пісіріп, табақшаға салып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |