Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық;
балқу t –144,15°С,
қайнау t 78,39°С.
Ауамен (30% С2 Н5 ОН бу күйінде) араласқанда қопарылғыш қоспаға айналады. Суда жақсы ериді жəне онымен 95,6 % С2 Н5 ОН азеотропты қоспа түзеді.
Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері.
Этиленді алу үшін тікелей және жанама әдіс қолданылады.
Зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады
Ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді.
Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық қосылыстар жəне т.б пайдаланылады. Гидратация жылдамдығы олефиндердің құрылысына жəне көміртек тізбегінің ұзындығына байланысты. Тармақталған көміртек тізбекті олефиндердің гидраттау жылдамдығы жоғары болады. Олефиндердің көміртек тізбегі қысқа болған сайын гидраттау үрдісі қиын жүреді. Этиленді гидраттау қайтымды жəне жылу бөліп жүретін үрдіс. Бұл үрдіс бу жəне сұйық фазада өтеді:
CH2 = CH2 + H2O = CH3-CH2OH + Q .
Ле-Шателье принципі бойынша спирттің шығымы қысымның артуымен, температураның төмендеуімен артады.