Ethernet технологиясы



бет2/2
Дата05.11.2022
өлшемі236,59 Kb.
#47658
1   2
Байланысты:
Ethernet технологиясы

1000 BaseX (Gigabit Ethernet). Гигабитті жылдамдықты жұмысында Ethernet желісінің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында IEEE 802.3z комитетінде Gigabit Task Force жұмыс тобы құрылды. Бұл оптикалық кабельде 1000 Мбит/с жылдамдықты қолдану жайлы бірқатар техникалық құжаттарды және UTP экрандалмаған айналу жұбында гигабитті жылдамдықта синалды тарату жайлы бір құжатты өңдеді.
Fibre Channel стандартында Gigabit Ethernet-ті қолдану үшін белгілі өзгертулер енгізуге тура келді. Біріншіден, Gigabit Ethernet-тің 1000 Мбит/с тең өткізу қабілеті (Ethernet және Fast Ethernet-тің сәйкесінше жылдамдықтары 10 және 100 Мбит/с сияқты) болуы керек, бірақ кабельдің өткізу қабілеті 850 Мбит/с-ты құрайды. Екіншіден, Gigabit Ethernet пайдаланушы бөлмесінде жалпыға бірдей кабельді жүйелерде ISO 11801 халықаралық стандартқа сәйкес болуы тиіс. Көптеген желілерде оптикалық кабельде 62,5 мкм диаметрлі көпмодалық талшық қолданылады, сондықтан қысқа толқынды лазерде (ең үнемді жол) трансиверлерді қолдануда 300 м-де мәлімет тарату үшін Gigabit Ethernet-ті пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұл ISO-11801 стандартында берілген ғимараттардағы магистральдардың өту ұзындығынан әлдеқайда аз (550 м). Үлкен арақашықта мәліметті тарату үшін әдетте бірмодалы оптикалық модульдер мен ұзынтолқынды лазердегі трансиверлер қолданылады.
Зерттеу нәтижесінде ұзынтолқынды лазердегі трансиверлер диаметрі 62,5 мкм болатын көпмодалы оптикалық кабель қолданғанда 550 м қашықтыққа 1000 Мбит/с жылдамдықпен тарата алады. Осының негізінде 1000BaseLX деп аталатын және көпмодалы кабельде 500 м мен бірмодалы кабельде 3000 м-де мәлімет таратуды қамтамасыз ететін жаңа технология туындады. Осындай үлкен арақашықты қажет етпейтін пайдаланушылар үшін қысқа толқынды лазерде трансиверді қолдану көмегімен көпмодалы оптикалық кабельде мәлімет таратуды қамтамасыз ететін арзанырақ технология 1000BaseSX ұсынылды. Бұнда 62,5 мкм диаметрлі көпмодалы талшықта байланыс қашықтығы 300 м құрайды. Сонымен қатар, 50 мкм-лі көпмодалы талшықты қолданғанда бірқатар елдерде кең таралған l000BaseSX технологиясы 550 м қашықтықта мәлімет таратуды қамтамасыз етеді.
Fiber Distributed Data Interface технологиясы – ең алғаш рет мәлімет тарату ортасы ретінде оптоталшықты кабельді қолданған жергілікті желі.
Ақпаратты тасушы орта ретінде жарықты қолдану әрекеттері 1880 жылдары іске асырылған, Александр Белл модульденген шағылысқан жарық пен дыбыс толқындарымен синхронды түрде дірілдеген айна көмегімен 200 метр қашықтықта сөз тарататын құрылғыны патенттеді. Ақпаратты тарату үшін жарықты қолдану жұмыстары өте жоғары жиілікте жарық модуляциясын қамтамасыз ететін лазер ойлап табылуымен 1960 жылдары жүргізілді, яғни жоғары жылдамдықпен ақпараттың үлкен көлемін тарататын кеңжолақты арна ойлап табу мақсат етілді. Шамамен сол уақытта кабельді жүйелерде жарық тарата алатын оптикалық талшықтар дүниеге келді, олар дәстүрлі кабельдерде электр сигналдарын тарататын мыс сымдарға ұқсас болды. Алайда оларды мыс желілер альтернативасы ретінде қолдану кезінде жарық жоғалтулар өте жоғары болды. Жарық сигналының қуатының аз жоғалтуларын және кең өткізу жолағын (бірнеше ГГц-ке дейін) қамтамасыз ететін қымбат емес оптикалық талшықтар 1970-жылдары ғана пайда болды. Оптоталшықты байланыс арналарын аймақтық телекоммуникациялық жүйелерде орнату және қолдану 1980-жылдардың басында басталды.
1980-жылдары стандартты технологияларды жасау мен оптоталшықты арналарды жергілікті желілерде қолдану құрылғыларының жұмыстары басталды. Тәжірибені жалпылау және локалды желілер үшін бірінші оптоталшықты стандартты өндіру жұмыстары X3T9.5 комитетіндегі Стандарттау бойынша Американдық Ұлттық Институтында – ANSI жүргізілді. FDDI стандартының әртүрлі құрама бөліктерінің бастапқы нұсқалары Х3Т9.5 комитетімен 1986-1988 жылдары өңделген және сол уақытта осы стандартпен үйлесетін алғашқы құрылғылар – желілік адаптерлер, концентраторлар, көпірлер және маршрутизаторлар пайда болды. Қазіргі уақытта көптеген желілік технологиялар физикалық деңгейдің бір нұсқасы ретінде оптоталшықты кабельдерді қолдайды, бірақ FDDI стандарты әртүрлі өндірушілердің құрылғылары үйлесімділіктің жақсы дәрежесін көрсететін, уақытпен тексерілген стандарт болып табылады. 3.1 кестесінде FDDI технологиясының Ethernet және Token Ring технологияларымен салыстыру нәтижелері келтірілген.
1 кесте - FDDI технологиясының Ethernet және Token Ring технологияларымен салыстыру нәтижелері



Сипаттама

FDDI

Ethernet

Token Ring

Биттік жылдамдық

100 Мбит/с

10 Мбит/с

16 Мбит/c

Топология

Ағаштардың екілік сақинасы

Шина/жұлдыз

Жұлдыз/сақина

Рұқсат әдісі

Токенді айналу уақытының үлесі

CSMA/CD

Резервтеудің басымдылық жүйесі

Мәлімет тарату ортасы

Көпмодалы оптоталшық, экрандалмаған айналу жұбы

Жуан коаксиал, жіңішке коаксиал, айналу жұбы, оптоталшық

Экрандалған және экрандалмаған айналу жұбы, оптоталшық

Желінің максималды ұзындығы

200 км (сақинаға 100 км)

2500 м

1000 м

Түйіндер арасындағы максималды арақашықтық

2 км (-11 dBтүйін арасындағы жоғалу)

2500 м

100 м

Түйіндердің максималды саны

500 (1000 қосылулар)

1024

Экрандалған айналу жұбы үшін 260, экрандалмаған айналу жұбы үшін 72

Қабыл алмаудан кейінгі тактілеу және қалпына келтіру

Қабыл алмаудан кейінгі тактілеу және қалпына келтірудің таралған түрде іске асуы

Анықталмаған

Белсенді монитор




Сурет-4. Fast Ethernet




Fast Ethernet желісі үшін құрылғылар 10 base Т желісіне қарағанда анағұрлым қымбат. Келесі 1000 base (Gigabit ETHERNET) стандарты өте үлкен корпаротивті желі үшін жасалады. Атынын білініп тұрғандай оның мүмкіндігі 1000Мбит/с. Бұлардың топологиялық центрі қайталауыштар емес, коммутаторлар болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет