Этика және өнер философиясы Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінезқұлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.« Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінезқұлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді.Платон адам жанжақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға этикалық нормалармен жетекшілік жасайды.Этика ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этика ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.
Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса.
Дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниелер.
Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:
Теоретикалық этика;
Нормативті этика;
Эмпирикалық этика.
Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.
Антиканың этикалық ілімдері. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ғылым ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқан. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. «Никомах этикасын», «Эвдем этикасын» жазған ұлы ойшыл этиканы дамыту барысында елге танытты.
Аристотель этикасында «құба төбел» немесе «алтын орта» принципі ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие.