БӨЖ
Тақырыбы: Медициналық этика, негізгі принциптері жəне ұғымы
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Орындаған: Жақыпбек Назарбек
Тобы: ЖМ-304
Қабылдаған: Жолдас Клара
Жоспар:
Кіріспе
Медициналық этика
Медициналық этиканың құрамдас бөліктері
Медициналық этиканың негізгі бағыттары
Қорытынды
Кіріспе:
Қазіргі кезде медициналық этиканың принциптері
биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина
қызметкерлерінің жеке тұлғасының əлеуметтік функциясын
қорғайды.
Медициналық этика:
Медициналық этика– медицина қызметкерлері қызметінің
моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани жəне жеке
қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық
алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың
туыстарымен, əріптестерімен өзара қарым-қатыстарын
қамтиды. Бұған дəрігердің кəсіби тұрғыдан өсу,
науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру
мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің
қызметін ұйымдастыру мəселелері жатады.
Медициналық этиканың құрамдас бөліктері:
Медициналық этика дəрігерлік қызметтің адамгершілік
нормаларын зерттеуші білім саласы ретінде қоғамдык
мораль мен этиканың құрамдас бөлігі болып саналады.
Дəрігердің іс əрекетіндегі этикалық қағидалардың
орындалуына бақылау жасау моральді-этикалық өлшемдер,
коғамдық пікір арқылы жүзеге асырылады. Бұл қағидалар
ресми нормативтік актілерден гѳрі, əр дəрігердің ар-
ожданына, дүние танымына негізделеді.
Медициналық этиканың негізгі бағыттары:
Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза маттың
денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы
ақпарат пен оны зерттеп-қарау жəне (немесе) емдеу
кезінде алынған өзге де мəліметтер дəрігерлік құпияны
құрайды.
Осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында белгі ленген
жағдайлардан басқа, оқыту, кəсіптік, қыз мет тік жəне өзге де
міндеттерді орындау кезінде дəрігерлік құпияны құрайтын
мəліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария
етуіне жол берілмейді.
Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді
пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі -
мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу
мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы
мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де
мақсаттарға пайда лану үшін басқа жеке және
(немесе) заңды тұлға ларға беруге жол беріледі.
Дəрігерлік құпия
Қорытынды:
Медициналық этика медицина қызметкерлерінің
ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына
байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін
қағидалар жиынтығын қамтып, дəрігердің
науқастармен жəне олардың туыстарымен өзара
қарым-қатынасын, тəн жəне жан тазалығын
қарастырады.
Назарлары
ң
ыз
ғ
а рахмет!
Пайдаланылған əдебиеттер:
"Основы этики" Клопфер Макс
"Медициналық этика" Яровинский М. Ф.
www.wikipedia
Достарыңызбен бөлісу: |