Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
“ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген.
Қазақ халқының этикасы
Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Этика тарихы
Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Иммануэль Кант этика ғылымының негізін салушылардың бірі
Этика құрылымы
этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен қатыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Теориялық
Нормативті
Эмприкалық
Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт.
Мақтау сөзді дұрыс қабылдай білу
Өзіңіз жайлы жиі айта бермеу
Қонаққа ескертусіз келмеу
Қолшатырды тек үйде кептіру керек
Сөмкені дұрыс орныға қою
Баланың және басқада адамдардың бөлмесіне кірмес бұрын, есікті қағу
Этикеттің бірнеше түрі болады:
сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері;
дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі;
әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы;
жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар;
іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы. Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады.