Етіс туралы жалпы түсінік



Дата27.11.2023
өлшемі9,43 Mb.
#128724

Етіс туралы жалпы түсінік.


Етіс — қимылдың,іс-әрекеттің орындаушыға,қимыл иесі мен тура істелетін іске қатысын білдіру үшін етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі.Яғни,етістіктен етістік тудыратын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады.Мысалы:Ол жуынды.Ол баласына кітап оқытты.Әңгіме айтылды.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне қарай бес түрге бөлінеді. 1.Негізгі етіс - өзге етіс формаларына негіз болатын форма.Негізгі етістің арнаулы жалғаулары болмайды.Оған түбір я туынды етістердің де,күрделі етістердің де негіздері жатады.Мысалы:бар,кел,сөйле,қуан,шөлде,ақта,қарайла,оян,ән,сал,түсініп ал,сұрап қой және т.б.

2.Өздік етіс - қимылдың,іс-әрекеттің орындаушысына,іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп,әдетте сабақты етістіктерден -ын,-ін,-н жұрнағы жалғануы арқылы жасалынатын етістік түрі.Мысалы:Таң атқанша тарандық.(Махамбет.)Қимыл сол іс иесіне (біз) бағытталғанын білдіріп тұр.

3.Өзгелік етіс - қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі тікелей өзі емес,екінші бір басқа субъект,қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп,мына жұрнақтар арқылы жасалынып тұр: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз:отыр-ғыз,кір-гіз,т.б.; -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -р:сал-дыр,сен-дір,тік-тір, т.б.; -т:жаса-т,сөйле-т, т. б. Іс-әрекетті біреу арқылы істеп отыр.

4.Ырықсыз етіс - іс-әрекеттің атқарушысы,қимыл иесі арнайы айтылмай,қимыл өздігінен істелгендігі көрінеді.Мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н: айт-ыл-ды,уәде бер-іл-ді,шарт жаса-л-ды,үй тазала-н-ды.

5.Ортақ етіс - қимыл,іс-әрекеттің иесі орындаушысы біреу емес,бірнешеу болып -ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы негізі етіс формасынан жасалатын етіс.Мысалы:айтыс,әкеліс,апарыс,артыс,көріс,келіс,қарас,таныс,көмек көрсетіс,іздеу салыс,ат салыс, және т.б. Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты.Ол бізге үй сал-ыс-ты.

Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасыпта беріледі: сөйле-с-іл-ді,жүр-гіз-іл-ді,айт-ыс-тыр-ды,т.б. -ла + с формаларының біріккен құранды -лас(-лес,-дас,-дес,-тас,-тес) жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер ортақ етіс мағынасын білдіреді.Мысалы:ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, пікір-лес және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет