Өткен шақ[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.
Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:
1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.
2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.
3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.
Келер шақ[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:
1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.
3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”. Морфологиялық талдау үлгілері. Сөздерді тұлғасына қарай талдағанда мына шартты белгілер қойылуы керек. -түбір -жұрнақ -жалғау
Мысалы: Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты. 1.Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса. Мен хайуанаттар саябағында көптеген аңдарды көрдім. Піл өте үлкен екен. Менің бір кішкентай күшігім бар. Мысығым мен күшігім жақсы достар. Мен күшігіме әр түрлі тамақ беремін. Менің мысығым ұйықтағанды жақсы көреді.