Етіс жұрнақтары сөз тудыра ма?



бет1/6
Дата16.06.2023
өлшемі28,85 Kb.
#101799
  1   2   3   4   5   6

Етіс жұрнақтары сөз тудыра ма?
Қазақ тіліндегі грамматикалық категорияларға өте бай, күрделі сөз таптарының бірі – етістік болса, етістік категорияларының ішіндегі семантикалық сипаты жағынан қайшылыққа толы тұлғалардың бірі – етіс жұрнақтары. Оның себебі етіс тұлғаларының сөз тудырушы немесе сөз түрлендіруші қызметі туралы пікірлердің сан алуандығында. Қазақ тіл білімінде етіс тұлғасының қызметі мен мағынасы туралы екіұдай пікір бар. Зерттеушілердің бір тобы етіс тұлғаларын сөзжасам қосымшаларының қатарына жатқызса, енді бір тобы оны етістіктің «лексика-грамматикалық категориясы» деп таниды. 1967 жылғы академиялық грамматикада етіске мынадай сипаттама берілген: «Етіс аффиксі қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына кіреді, сондықтан да бұл категория сөз тудырудың морфологиялық əдісіне жатады /1.168/. Сөйтіп, етіс қосымшалары жалғанған етістік туынды түбір болып саналады да, етіс қосымшалары етістік негізден етістік тудыратын жұрнақ деп аталады. Осы пікірді А. Ысқақов та қолдайды: «Сөйтіп, етіс формаларының бұл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақтар сияқты туынды етістік жасайтын қабілет барлығы жəне сол етіс жұрнақтары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні айқындалады. Ендеше, етіс жұрнақтары сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен сипаттас келеді де, лексикалық категорияға жатады /2.228/.
Етістікті арнайы зерттеген ғалым Ы. Маманов етісті «түбір етістіктердің лексикалық мағынасына грамматикалық мағына үстейтін етістік формасын жасайтын модификациялық етістік тұлғалары» ретінде қарайды /3.33/.
Н. Оралбаева «Етіс жұрнақтары түбір етістікке жалғанып, оларға қимылдың иесі, қимылға түсетін объекті туралы мəн қосып, түбір етістіктегі лексикалық мағынаның үстіне əр түрлі мағына қосады. Сондықтан олар етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып саналады», дейді /4.172/. Ал С.Исаев етіс тұлғаларын «етістіктің лексика-грамматикалық категориясы» ретінде қарастырып, етіс жұрнақтарын модификациялық жұрнақтарға жатқызған /5.177/.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет