БАҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды.
БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
6) Кең мағынасында бұқаралық сана - қалың көпшіліктің, халықтың санасы. Тарырақ мағынасында - белгілі бір құралдардың, ең әуелі бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал етуімен айқындалып шығатын кәдуілгі сананың айрықша түрі. Бұқаралық сана бір орында қатып тұрып қалмайтындығы, біртұтас болмауы, эмоционалдылығы, кереғарлығы, бір үлгіден шықпайтындығы және белгілі бір тұрақты қате ойтүйіндер (стереотип) арқылы сипатталады. Бұл ретте көп нәрсе ғылым мен жаппай коммуникация құралдарының дамуына байланысты. Бұқаралық сананың жай-күйін дәуір айқындайды деуге де болады. Адамның бұқаралық санасында әрдайым, ең құрығында, негізгі екі қабат болады: Кәдуілгі сана: күнделікті күйбің тіршілікке байланыстының бәрі. Практикалық сана: бұған адамның бүкіл өмірлік тәжірибесі кіреді.
7) Медицина әлеуметтануы-Денсаулық сақтау жүйесін, "ауру" және "денсаулық" әлеуметтік терминдерін, медицина саласындағы адамдардың мінез-құлқын зерттейтін әлеуметтану саласы. Бұл халықтың денсаулыққа, ауруларға, медициналық көмекке, медицинаға және денсаулықты қорғауға құндылық бағдарларын қалыптастырудың заңдылықтары туралы ғылым. Қазіргі медициналық әлеуметтанудың құрылымы медициналық мамандықтардың әлеуметтануы, аурудың әлеуметтануы және науқастың мінез-құлқы, медицина институттары мен денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуметтануы сияқты бірнеше бағыттардан тұрады. Әлеуметтанудағы медицина әлеуметтік институт ретінде ерекшеленеді. Әлеуметтік институт ретінде медицинаның құндылықтары (мақсаттары, принциптері, кодекстері), құрылымы, функциялары, оның институтішілік ұйымының нысандары, нышандары, мәртебелері мен рөлдері (дәрігерлер, пациенттер, мемлекет және т. б.), кәсіби стратификация жүйесі және кәсіби білім беру жүйесі бар
8) Халықтың қартаюы – ХХІ ғ. бүкіләлемдік қауымдастықты жаппай қамтып келе жатқан әлемдік көп өлшемді үдеріс болып табылады. «Алматы қаласында шамамен зейнеткерлік жастағы 117 941 мың адам болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғамда қарт адамдар – үлкен әрі бірегей емес әлеуметтік топ. Қартаю үрдісі мен қарқыны индивидуалды болғанымен де, қоғамда бір мәртебеден екінші мәртебеге ауысу, яғни егде жас шегі анықталған, ол – зейнеткерлік жасы болып табылады. Ал бұл шектеу егде жастағы еңбек ету белсенділігін сақтап қалған үлкен қарт адамдар тобының құрылуына алып келеді.Әрбір мәртебе қоғаммен бөлінетін және мәдениетпен бекітілген әлеуметтік беделге, иерархиалық сатыда орынға ие болады. Бедел келесідей бірқатар факторлардың ықпалымен қалыптасады. Олар:
- қоғам даму үшін мәртебенің функционалдық маңыздылығы;
- құндылықтар жүйесі мен мәдениеттің тарихи дәстүрлері.
Ескеру қажет, қазақстандық заңнамамен зейнеткерлік жасаралық нақты белгіленгенмен көптеген қарт адамдар жұмыс жасауын тоқтатпай жалғастырады. ҚР зейнеткерлік жас ерлерге арналған жас 63 жастан, әйелдер үшін – 2018 жылға дейін 58 жастан басталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады.
Халықтың қартаюы – қазіргі кезде өмір сүрудегі әлемдік мәселе болып табылады. БҰҰ эксперттері бойынша Қазақстанды қартаю үрдісі шапшаң жүріп жатқан елге жатқызды. БҰҰ-ның Қазақстандағы халық санының 2030 жылға берген есебіндегі болжамы бойынша 65 жəне одан жоғары жастағы тұрғын халық үлесінің 2010-2015 жылдарға қарай 7,2%-ға дейінгі шамаға төмендейтінін көрсетеді. Одан əрі халықтың айқын көрінетін «қартаю» үдерісі күтілуде, соның нəтижесінде, егде жастағы адамдардың үлесі 2030 жылға қарай 11,5 %- ға дейін өседі. Мұндай болжам қазақстандықтардың лайықты қарттығын ойдағыдай қамтамасыз ету үшін демографиялық үрдістерді есепке алу арқылы əлеуметтік-экономикалық саясат əзірлеудің өзектілігі туралы тұжырым жасауға дəйек болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |